Бап. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

1.Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе уытты заттар­ды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бузу не оларды қайта өңдеу, саңтау немесе кему үшін Қазақстан Республикасына заңсыз әкелу, егер бул іс-әрекет қоршаган ортага айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе -

2.Қоршаган ортага ірі залал келтірген не келтіру қатерін тугызган, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер –

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - экологиялық қауіпсіздік аясындағы қатынастар.

Қылмыстық құкық бүзушылықтың заты - микробиологиялық, биологиялық агенттер, микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, микроскопиялық грибоктар т.б.), улы заттар.

Қылмыстық күкьтқ бұзушылық объективтік жағынан микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшін заңсыз экелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны арқылы сипатталады.

Миробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттер немесе улы заттар-мен жұмыс істеудің тэртібін белгілейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілер бар. Осы заттармен жұмыс істеудің экологиялық талаптарын бұзу фактісін анықтау үшін маманның немесе сарапшының көмегі қажет. Демек көрсетілген баптың диспозициясы бланкеттік. Осы бапқа сэйкес экологиялық талаптарды бұзу эрекет немесе эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Әрекетке биологиялық агенттерді, улы заттарды жарамсыз тэсілдермен сақтау, өлшеу немесе оларды өндіруге сақтау кезінде белгіленген темпера-тураны немесе сақтау режимін бұзулар жатады.

Әрекетсіздікке осы заттарды жинап қою, өндіру, сақтаудың белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтамау жатады.

Қылмыстан адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілу қаупі тууы керек. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Занда көрсетілген экологиялық та­лаптарды бұзған елеулі зиян келтірілу қаупі нақты болған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Қылмыстық құқық бүзушылық субъективтік жағынан қасақаналыкден немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі — арнаулы, жоғарыда көрсетілген заттармен жұмыс істеуге жіберілген адам.

Қылмыстық кодестің 326-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі -қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына ірі залал келтіруге, не келтіру қаупін туғызған не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне экеп соққан, сондай-ақ төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дэл сол эрекеттер, ал осы баптың 3-тармағында қылмыстың өте ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе адам өліміне экеп соқкан эрекет үшін жауаптылық бел-гіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың. Кодекстің 326-бабы 2-тармағында сөз бо-лып отырған төтенше экологиялық жағдай аумағы деп Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі» 1997 жылғы 15 шілдедегі заңының 8-тарауына сэйкес белгілі бір аумақта адамдардың іс-әрекеті немесе табиғат апаты салдарынан пай-да болған қоршаған ортаның адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін сақтауға тұрақты кауіп төндіретін қолайсыз экологиялық эсері бар объектілерді айтамыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан іс-эрекеттер - осы қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табылады ҚК-тің 326-бабы 3-тармағы.

Аса ірі залал деп — қоршаған ортаны жэне табиғи ресурстардың түлынушылық қасиеттерін калпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшедегі қүлдық көрінісі болып табылады (ҚК-тің 3-бабы 38-тармағы.

Бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері не қарсы күресу үшін белгіленген қағидаларды бузу

1. Ветеринариялық қагидаларды эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан бүзу-

2. Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген қағидаларды ауыр зардаптарга әкеп соққан бұзу -

Қылмыстың объектісі үй жэне жабайы жануарларды, қүхтарды жэне өсімдіктерді қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстың заты - жабайы жэне үй жануарлары, қүстар, балықтар, аңдар жэне басқа жануарлар, сондай-ақ өсімдіктер дүниесі.

Объективтік жағынан Қылмыстық кодектің 327-бабының 1-тармағындағы қылмыс малдэрігерлік ережелерді бұзу эпизоотиялардың тарауына немесе өзге де зардаптарға экеліп соғу арқылы сипатталады.

Малдэрігерлік ережелердің тізбегі Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шіл-деде қабылданған малдэрігерлік заңында берілген. Осы ережелерді бұзу індеттерге не­месе өзге де зардаптарга экеліп соққан жағдайда қылмыстық күкьтқ бұзушылық үшін жауаптылық орын алады.

Індеттер деп жануарлардың жаппай жұқпалы аурумен ауруы (эпизотия, түйнеме, топалаң, қарасан т.б.) өзге де ауыр зардаптарға, індетке байланысты ауылшаруашылық өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) өндіруді жою, белгілі бір тұрғын пунктеріне келіп-кетуді тыю т.б. сияқтылар жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық, ол занда көрсетілген зардаптар орын алған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыз-дықпен де жасалады.

Қылмыстық қуқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, малдэрігерлік ережелерді жэне өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес үшін белгіленген ережелер өзіне жүктелген адам.

Осы баптың (327-бап) 2-тармагында өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу, ауыр зардаптарға экеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.

Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес шараларын белгілейтін сан түрлі арнаулы қүқықтық-нормативтік актілер бар. Осыған орай өсімдіктердің аурула- ры мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердін нақты қайсысының бұзылғанын арнаулы заң құжаттары арқылы аныктау қажет. Баптың бұл бөлігінің диспози-циясы да бланкеттік. Белгіленген ережелерді бу_зу ауыр зардаптарға экеп соқса ғана кінэлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Ауыр зардаптарға - өсімдіктер ауруларының жаппай тарауы (эпифитотия); ірі көлемдегі ауылшаруашылык дақылдарының жойылуы немесе жануарлардың ауруы, орман ағаштарының ауруға ұшыраулары жатады.