Тестілеу және құптау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару__

 

Оқыту үшін бағалау 105-110

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауыз-

ша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында текқана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғанаемес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Александер,2001 Бағалау –оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Бұндай бағалауды «жиынтық» бағалау деп атауға болады, өйткені ол оқушының ал-дын ала әзірленген критерийлерге (критериалды бағалау) сәйкес анықталған, болмаса қалған оқушылардың білімімен салыстыру нәтижесінде анықталған (нормативке негізделген бағалау) білімін жиынтықтайды. 1990 жылдан бастап Ұлыбритания мектептерінде бағалаудың екінші түрі кеңінен таныла бастады, бұл «қалыптастырушы бағалау» немесе «оқыту үшін бағалау» (бұдан әрі - ОүБ) ретінде белгілі болды. Бұл бағалау оқуды жақсарту үшін мұғалімдерді,оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқуды ағымдық бағалау дегенді білдіреді. 1999 жылы «Оқыту үшін бағалау» деген кітапша жариялады. Осы кітапшаның негізгі мәтіні Бағалауды Реформалау Тобы ұйымдастырған Пол Блэк пен Дилан Уильямның (1998a, 1998b) зерттеулеріне шолу ретінде ұсынылған. Блэк пен Уильям 250 зерттеуге талдау жасап, оның 50 зерттеуіне айрықша назар аударған, себебі бұл зерттеулерден ОүБ тәжірибесін пайдалануғанегізделген «араласудан» кейін үлгерімнің жақсарғандығының дәлелдерін көруге болады.

Қалыптастырушы және жиынтықбағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалауды Ре-формалау Тобының «Оқыту үшін бағалау» атты кітабы жарияланғаннан кейін белгілі болды. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалауболып табылады және кейде оны оқуды бағалаудеп атайды. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербесйлауын Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

• қадағалау;

• алынған мәліметтердің интерпретациясы;

• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.

Интерпретацияқызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе кри-терийдеп атап, оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. интерпретацияны кейде логикалық қорытындыдеп атайды Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытындыжасалады Оқуды бағалауОқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. ОүБ кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.Бағалауды Реформалау Тобы(2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді: Оқыту үшін бағалау– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады.

Оқытудың қиындықтарын анықтау.Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс(оқушылар, мұғалімдер және ата-ана-лар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.Уәж.Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді.

Болжау және сұрыптау.Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды.

Стандарттарды бақылау және орындау.Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мыса-лы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады.

Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік»сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды (22-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы

Бағалауды Реформалау Тобымен бірлесіп жүргізген зерттеулері бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс, бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті: