Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 58-66

Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.

Оқытудағы бихевиористикалық тәсіл

Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады. Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон. Б. Уотсон психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі – реакция» моделі әзірленді, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады. Эдвард. Л. Торндайк сияқты зерттеушілер осы идеяны негізге ала

отырып, Т-Р (түрткі-реакция) оқу теориясын әзірледі. Олар мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін немесе әлсірейтінін атап өткен. Скиннер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты және ол қазір «оперантты шарттылық» ретінде белгілі: адамдардың лайықты іс-әрекеттерін ынталандыру мақсатында оларды көтермелеу, ал тоқтатылуы қажет мінез-құлықты елемеу немесе ол үшін жаза қолдану. Оқытудағы танымдық тәсіл

Бихевиористер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша, іс-қимыл немесе оқу үдерісі ретінде сана оларды едәуір қызықтарған.

Жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын қалыптастыра отырып, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі

ілгерілеген. Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мойындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт сатысын (сенсорлы-моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден кейінгі) айқындады. Джером Брунержаңалық ашу арқылы оқу маңыздылығын атап көрсетіп, ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген. Оқытудағы гуманистік тәсілБұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар – Маслоу мен Роджерс.

1970 және 1980 көптеген теориялық еңбектер негізделген. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның негізгі белгісі» (Tennant, 1977). Бұл ретте ең белгілі мысал – Абрахам Маслоудың ынталандыру пирамидасы болуы мүмкін. Оқытудағы гуманистік тәсілді анағұрлым көңілге қонымды зерттеуді Карл Роджерс жүргізген

«Осындай тәсілмен оқығанда, біз бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз» (Rogers, 1983).

Оқытудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл

Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз

құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қызметке қатысуды қамтиды. Психологияда адамдар бақылау арқылы қалай оқитынын бірінші зерттеген бихевиористер болды. Кейінірек зерттеуші Альберт Бандура өзара әрекеттестікті және танымдық үдерісті зерттеді. Көбінесе адамның мінез-құлқы бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс-әрекет жасауға басшылық етеді (Bandura, 1977).

Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан

Хаген мен Хейл (1973) 5–6 жасар балаларды бірнеше ашықхаттағы суреттерді есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Әр ашықхатқа екі сурет салынған,бірақ 5–6 жасар балаларға қарағанда, 14–15 жастағылар аса маңызды суреттерді көбірек еске сақтаған. Бірақ, кіші жастағы балалар есте сақта деп сұрамаған суреттерді көбірек есте сақтапты. бірақ ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алған. Осындай оқыту нәтижесіндегі қорытынды-тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Жады оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан

Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы)

Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын

алатынын анықтады. Баддели мен Хитчтің (1974) кейінгі жұмыстарында ол Жұмыс жадысыдеп аталды.

Зақ мерзімді жады

Аткинсон мен Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. Жалпы қабылданған қолданыстағы модельді

Тулвинг (1895) ұзақ мерзімді 3 компонент
Рәсімдік жады – әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқтыіс-қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске асыру керектігі туралы білім енжар сақталады және саналы түрде вербалдануға жатпайды.
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, бекітілген және суреттік жадының мәнінің эпизодтық жадыда шектеулері болуына қарамастан ол адамның ұзақ мерзімді жадысының маңызды аспектісі болып табылады.
Семантикалық жады – ұзақ мерзімді жадының ең соңғы және теңмәнді емес аспектісі, себебі біздің дамуымызда және сөйлеуімізде аса жиі көрінетін біздің символдар жасау қабілетімізге байланысты. Бұл біздің естеліктеріміздің бір бөлігі, онда біз эпизодтарды немесе оқиғаларды, біздің белгілі бір тәжірибемізден шығаратын ойларымызды, идеяларымызды, жалпы қағидаларды, қағидаттарды, тұжырымдамаларды есте сақтаймыз.

Сөйлеу оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынанБихевиористикалық көзқарастарға сәйкес, балалардың тілді үйренуі – күрделі үдеріс, Төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда?», «не?», «кім?», «неге?», «қашан?» Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады. Бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25 000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі. Кейбір тілдерде алфавитмүлдем қолданылмайды, мысалы, қытай тілінде символдардың ұзын тізімін еске сақтау үшін жылдар қажет. Метасана оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан Метасана деген терминді «тұлғаның өзін-өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыру» сипаттамасы ретінде Флейвелл енгізді (Flavell, 1979). Психолог Уильям Джеймс (1890) интроспективті бақылаудың маңыздылығын атап өткен, ал Выготский (1962) саналы рефлексивтік бақылау және білімді кемелдендіре игеру мектепте оқытудың аса маңызды факторлары болып табылатынын түсінгендердің алғашқысы болды. Зерттеуші білімді дамытудың екі факторы барын айтады: біріншісі – білімді автоматы түрде, ұғынбай алу, одан кейін екіншісі – алынған білімді саналы түрде ұғынып бақылаудың біртіндеп өсуі келеді, Флейвелл және басқалар (1995)

егер оқыту үдерісін ұғыну деңгейіне уыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылауы мен ұйымдастыруын игеруге көмек бере алар едік деген пікірді ұсынды. Сонымен қатар Флейвелл мен оның әріптестері (1995) метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метатанымдық ақпаратты көптеген мөлшерде игергендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ деп тұжырымдаған.

Те қабілетті және дарынды балалардың ерекшеліктерінің бірі – қабілеті шамалы құрдастарымен салыстырғанда олардың метатанымдық хабардарлығының жоғары болуы (Sternberg, 1983Шын мәнінде, қолда бар дәлелдемелер IQ жоғары балалар, шығармашылық есептерді IQ төменірек оқушылардан жылдам шығармайды, алайда баяуырақ ойласа да тереңірек түсінетінін көрсетеді деп болжауға мүмкіндік береді (Davison, Deuser & Sternberg, 1996).

Метасананы оқыту жолдарының бірі – ойлау тілін анық етіп жасау, оны сабақ жоспарына және сыныпта талқылауға қосу болып табылады. Ой жүгірту (рассуждение) оқушылардың жас ерекшеліктерітұрғысынан.

Ұқсастық бойынша ой жүгірту – проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі дағдылар, білімді жаңа жағдайларға орайластыру және әртүрлі мәнмәтіннен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті (Goswami & Brown), Пиаже формалды оперативтік кезеңіне дейін ұқсастықтың классикалық проблемасын шешуге қажетті байланысты орнату үшін балалардың танымдыққабілеттері жоқ деп есептеген (Inhelder & Piaget, 1958). Пиаже

(шамамен 11 жас) жеткенге дейін ұқсастық бойынша ой жүгіртуге қабілетті болмайды деген тұжырым жасады. (бастауыш мектеп жасындағы балалар ұқсастық бойынша тиімді ой жүгірте алатынын көрсетті). Егер үш жастағы балаларға проблеманы шешуге қажетті өзара қарым-қатынас таныс болса, онда олар A:B::C:D классикалық ұқсастықты дұрыс орналастыра алады (Goswami & Brown, 1989). Чен және оның әріптестері (1977) 13 айлық нәрестенің қолы жете қоймайтын ойыншықты алу мүмкіндігін қарастыруға қолдана алатынын айқын көрсетіп берді. Моральдік пайымдау

Өнегелі даму – психология мен білім берудің негізгі тақырыптарының бірі. Пиаже өнегелі дамудың екі кезеңдік үдерісін сипаттады, ал Кохлберг өнегелі даму теориясында әртүрлі үш деңгейдегі алты кезеңді бөліп көрсетті. Кохлберг өнегелі даму – бұл өмір бойы жүретін тұрақты үдеріс деп болжап, Пиаженің теориясын дамытты. Кохлберг өз теориясын бастауыш мектеп жасындағы балалар топтарымен жүргізген зерттеулер мен сұхбаттарына негіздеді. Бұл зерттеуге қатысушыларға моральдік дилеммалар берілді, сонымен бірге әр сценарий бойынша олардың пайымдауларының негізі болған ой жүгіртулерді анықтау ұсынылды. Бұдан әрі Кохлбергтің балаларға ұсынған және «Ганс дилеммасы» деп аталған мысалы келтірілген…«Ганстың дәрі ұрлауы Ганс дәл

осылай істеуге тиіс пе еді?» (Kohlberg, 1963). Кохлбергті қызықтырғаны – Ганс дұрыс істеді ме деген сұраққа беретін жауаптары емес еді, ғалымды қатысушылардың шешімі негізделген ой жүгіртулері қызықтырды. Кохлберг Өнегелі даму теориясын негіздеу модельі екі кезеңнен тұратын үш деңгейге бөлді.