Талантты және дарынды балаларды оқыту 50-56

Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты»және орта буын деңгейінде «кеңейтілген»мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Соңғы отыз жылда «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр. 1972 жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларына ұсынылған Marland есебі түрткі болды. Аталған есеп АҚШ-тағы дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін көрсетті. Есепті қорытындылай келе, кейінгі зерттеулер көрсеткендей, дарынды және талантты балалар басынан кешетін көптеген эмоциялық және әлеуметтік қиындықтарды жоюға болады, ол үшін олардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасы болу қажет (Neihart et al., 2002). Дарындылар мен таланттылардың жалғыз аспектілік анықтамасы бір ғана критерийге негізделеді – зият деңгейі және оның IQ балдары негізінде анықталуы. Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:

қабілеттері ортадан жоғары;
тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
жоғары деңгейлі шығармашылық

Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген пікір білдіреді. Зияттың сегіз түрін анықтаған Гарднерді (2006)

• Логикалық-математикалық;

• Лингвистикалық; Кинестетикалық;

• Кеңістіктік;

• Музыкалық;

• Тұлғааралық;

• Тереңдетілген;

• Табиғи.

Заманауи түсінік

Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктерімен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды.

Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:
• Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған. • Заңдылық пен өзара байланысты тез орнатады. • Ақпараттарды шұғыл өңдейді. • Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады. • Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді. Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады. • Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді. • Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжамдар жасайды. • Проблемаларды анықтайды және шешеді. • Барлығына талдау жасайды. • Идеяларды әзірлейді және дәлелдермен айғақтайды. • Кең ауқымды білімді пайдалана алады. • Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақтар қойып, жаңалықтар ашуға ұмтылады.

 

 

Креативті ойлаудың сипаттамасы:
• Ерекше идеяларды табады. • Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған. • Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады. • Әзілшіл. • Ерекше түсінік қалыптастырады. • Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі. • Болашақты ойлағанды жақсы көреді. • Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды. • Көптеген идеяларды ойлап шығарады. • Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын. • Ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
• Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады. • Дербес. • Мақсатқа ұмтылады және жеке мақсаттарды белгілейді. • Міндеттерді шешуде дәйекті. • Табанды және үдерістермен бар ынтасымен шұғылданады. • Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім. • Сенімді. • Өз бетімен жұмыс істегенді жақсы көреді.

 

Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
• Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады. • Құрбы-құрдастары құрметтейді. • Басқалармен жылдам тіл табысады. • Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады. • Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді. • Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады. • Өзіне сенімді. • Жаңа жағдайларға тез төселеді. • Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді. • Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан. • Өзіне жауапкершілік алуға дайын. • Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.
Табандылық сипаттамасы:
• Өктем өтініштерге сенбей қарайды. • Өткінші шешімдерге күмән келтіреді. • Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді. • «Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады. • Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды. • Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды. Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі болуға тырысады. • Тиянақты, нақты сұрақтар қояды.
Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерФриман,1991):
• есте сақтау және білім:олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады; • өз білімін жетілдіру:олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады; • ойлау қабілетінің жылдамдығы:олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады; • мәселені шешу:олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді; • икемділік:басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады; • күрделілікке деген сүйіспеншілік:қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады; • шоғырлану:ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар; • ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды

АҚШ кеңсесі (1993) мектептерге да-

рынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма ұсынған:

талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу; • мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. • оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау; • ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану. • ынталандыруды оқушылардың жетістігі үшін түйінді маңызы бар әрекеттік және эмоционалдық тұрғыдан бағалау.

Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) Выготский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөздер келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын

жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынымдарда теорияның осы бөлігін пайдаланады.