Тоқ ішектің жиекті бөлігіндегі ісік алды аурулар

Тоқ ішектің жиекті бөліміндегі рак 90-95% жағдайда осы мүшедегі түймешіктерден пайда болады. Бұл түЙмешіктер қабыну үрдісінің нәтижесінде гиперпластикалы түймешіктерге айналады. Олардың безді түймешіктері қатерсіз ісіктер тобын құрайды, бірақ ракқа сирек ауысады.

Безді түймешіктер ісік алды аурулар болып саналады (№7- сурет), безді эпителийдің шырышты қабаттынан пайда болып өсуі. Олар морфологиялық тұрғыдан безді клеткалардың артық өсуінен болады, себебі олар өте белсенді болып, пісіп жетілмеген түрде кездеседі.

Түстері қызғылт, әрі жұмсақтау, ал беттері тегіс, бархат тәріздес болады. Аденоматозды (безді) түймешіктер жиілігі тік ішектен басталып, одан соң сигма тәрізді мен соқыр ішек бөлігінде азайады. Түймешік көлемі 3-4 см-ге дейін жетеді және өскен сайын қауіпті. Сонымен, 2-см-ге жеткен түймешік 40-50,0% жағдайда ракқа айналады (№8- сурет), оның рака айналу жобалық кестесі № 9- суретте көрсетілген. Түймешіктер жеке дара болып, немесе бірден бірнеше жерден пайда болады, ал олардың ең көп тараған түрі - тұқым қуалаушы жан-ұялы түймешіктер (№ 10- сурет).

А В С

№ 7- сурет. Тоқ ішектің жиекті бөлігінің безді түймешіктері:

А- негізі жайылмалы түрі, В- аяқты түрі, С- бүрлі ісік түрі

 

№8- сурет. Тоқ ішек түмешігінің ракқа айналу үрдісі

№ 9- сурет. Тоқ ішек түймешіктерінің ракқа айналу үрдісінің жобалық кестесі.

Ісік алды ауру болып безді түймешіктер ойық жаралы колиттер және Крона ауруы саналады. Түймешік біреу, немесе, біреше болса да, олардың көлемі өскен сайын, соғұрлым нақты ісік алды өзгерістерді туғызады. Бұлар жалпы тұқым қуалайды және жас адамдарда қатерлі ісіктерге жиі ауысады.

Емі- резекция, не колэктомия жасап, содан кейін науқас әрбір 6- ай сайын, эндоскопиялық бақылаудан өтіп тұрады, егер түймешік қайта пайда болса, онда оны электртогымен күйдіреді.

Ойық жаралы колитте(№11- сурет) тоқ ішекрагына көшуі мүмкіндігі 6 есе жоғарлайды. Бұл ауру созылмалы қабыну үрдісінің нәтижесінен пайда болып, нәжіс тоқтап, біраз уақыттан кейін, іш жиі-жиі өтеді, сол кезде қан, шырышты сірне бірге шығады. Осы уақытта рак дәлелденсе, онда ол пісіп жетілмеген қатерлі ісік болады.

 

№ 10- сурет. Тоқ ішектің тұқым қуалаушы жан-ұялы түймешіктері.

 

№11- сурет. Ойық жаралы тоқ ішектің қабынуы

 

Крон ауруытоқ ішектің жиекті бөлігінің соқыр ішек бөлігіне енетін ащы ішектің мықын бөлігін зақымдап, жамбас пен соқыр ішек аймағында орналасады. Ащы ішектің шырышты қабаты жиі зақымдалып, тесілуге дейін барады және оның асты, қабыну үрдісіне шалдығады (№12- сурет).

Сақтандыру шараларыдұрыс тағамдану мен ішектің қызметін қалыптастыру және ісік алды ауруларды толық емдеу болып саналады.

Тоқ ішек канцерогенезін баяулататын нәрсе өсімдік тағамдары, оның ішінде витаминдер А мен С, сонымен бірге талшықты тағамдар (су өсімдіктері, пектиндер, целлюлозалар), олар зат алмасу үрдісіне қатыспайды. Бұлар клетка құрамына кіріп, қорғаныс қабілетін күшейтіп, ұйқы безі сөлінің әсерінен олар қорытылмағандықтан нәжістің көлемі көбейеді, сөйтіп ішек рецепторларын тітркендіріп, белсенділігін арттырады, соның нәтижесінде нәжісті, оған қоса екінші өт қышқылдарын ағзадағы ас қорыту жолдарынан тез шығарады, және уытты заттарды өзіне сіңіріп, зақымданған жердің тез арада жазылуына қолайлы жағдай туғызады. Сонымен, талшықты тағамдар тек өсімдіктерде ғана болғандықтан, ағзаға 20-25 г тәулігіне түсіп туруы қажет. Талшықты тағамдар ірі тартылған ұнда, кебекте, кепкен алмада, кереңқұлақтарда өте бай келеді.Витамин Д-нің мөлшері қанда 20 нг/мл кем болмау керек, оның мөлшері төмендегенде, тоқ ішек рагына қауіп 3 есе өседі.

 

№12- сурет. Крон ауры.

 

Қорыта айтқанда, тоқ ішек рагына қауіп-қатерлі топтарды анықтап, емдеп отырса, сақтану шаралары өте тиімді келеді.

Қауіп- қатер топтарына жататындар:

1. Жайылмалы түймешіктер,

2. Безді түймешіктер,

3. Ойық жаралы колиттер,

4. Крон ауруы,

5. Жыныс, сүт бездеріндегі және жатыр рактарынан емделіп шыққандар,

6. Жамбас қуысына сәуле алғандар,

7. Тұқымында тоқ ішек рагы барлар.