А- төмендеуші бөлігін ажырату, В- көлденең ішек пен сигма бөлігін бір-біріне тік анастомоз салудың жобалы кестесі

 

Көлденең бөлік пен сигманың ортаңғы және тік ішектің үстіңгі бөлігіндегі ракта резекция жасалынады (№22- сурет). Бұлай болу себептері қан айналымының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, алдын-ала қан тамырлар байланып кесіледі.

Кейбір кездерде (көбінесе түймешіктерде) эндоскопия арқылы түймешіктер алынады, бірақ бұл операциялар радикальды болмайды. Бұлардан кейін өте жиі рецидив болатындықтан, оларды дер кезінде анықтау мақсатында, ауруларға диспансерлік бақылау қажет.

Асқынған тоқ ішек рагы көбінесе жедел-тез медициналық көмекті қажет етеді.

Бұларға жататындар:

1. нәжіс қатып, жүрмей қалуы – тек ішек қуысы бітеліп түйнек болған кезде болады

2. ішектің тесілуі – іш перденің қабынуы қалыптасып, дамуы,

3. ішектен қан кетуі.

Нәжіс қату кезінде хирургиялық әдістің орындалу ережелері өзгереді. Бұл 12-20,0% ауруларда кездеседі. Бұрын мұндай ауруларға екі деңгейдегі операциялар жасалынатын – әуелі тоқ ішектің бітелген жерінің жоғары бөлігіне, көбінде соқыр ішекке, жасанды жыланкөз (цекостома) жасалып, содан соң науқастың жағдайы жасарған кезде ғана операция жасалынатын. Қазіргі кезде бұл тәсіл өзгерді, алдымен 6 сағатқа шейін нәжістің қатуын жойатын консервативті тәсілдер қолданады (клизма, спазмолитиктер, сусыздық пен уыттанумен күрес – сұйық ерітінділерді ағзаға енгізу, жүрек-қан тамыр, бауыр, бүйрек жүйелерінің жұмыстарын жақсарту т.б.). Егер бұл шаралар көмектеспеген жағдайда (нәжіс жүрмесе) тек сонда ғана операция жасалынады. Сол жақ тоқ ішек рагы асқынса, онда Гартман операциясына, ал оң жақтағы ісікте бүкіл ішектің осы бөлігін (гемиколэктомия) алу керек.

 

А

В

№22- сурет. Тоқ ішекке резекция жасау

А- көлденең ішектің резекциясы В- сигма тәрізді бөлігінің резекциясы

 

Гартман операциясы деп, ісік жатқан ішек бөлігін кесіп алып, төменгі (дистальды) ішек бөлігін жауып, іш қуысында қалдырады да, ал жөғарғы (проксимальды) ішек бөлігін сыртқа шығарып, жасанды жыланкөз (колостома) жасауды айтады (№23- сурет). Қабыну үрдістері толығынан кетіп, аурудың хал-жағдайы жақсарғанан соң, ішек қуысын қайтадан қалыптастыру үшін, проксимальды және дистальды бөлімдерін қайта бір-біріне қосады.

Егер оң жақтағы тоқ ішек рагы асқынса (тесіліп, перитонит болса), онда жеңілдік жасау үшін, жасанды жыланкөз қарастырылады. Оны орындау кезінде тоқ ішектің проксимальды және дистальды бөліктері бірдей сыртқа шығарылып, біраз мезгілден кейін, аурудың хал-жағдайы жақсарса, сонда ғана олар бірімен-бірі жалғанады.

 

№23- сурет. Гартман (Hartmann) операциясы

Паллиативті операциялар тек ісік асқынып, аурудың хал-жағдайы мүлдем нашарлағанда қолданады. Егер, тіпті, алыстан метастаздар табылып, бірақ ісікті алуға болатын жағдай болса, онда резекция жасалынып (зақымданған жері ғана алынып), кейіннен химиотерапия жүргізіледі. Егер резекцияға жағдай келмесе, онда жасанды жыланкөз жасалынады. Ал кейде, ісік орналасқан тоқ ішектің, жоғарғы және төменгі бөліктері арасына қосушы айналмалы анастомоз салады (№24- сурет), сөйтіп нәжістің ішек ішінде қатырмауды осылай қарастырады.

 

А В С

№24- сурет. Тоқ ішекке жасалынатын паллиативті операциялар