Ықшығырамшылық: түсінігі, қағидалары, кезеңдері

Құқықшығырамшылық деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық ќалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айќындалған мемлекет органдарының арнаулы ќызметін айтамыз. Бұл қолданудағы құқықты, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға міндетті нормалардың біртұтас және іштей үйлесілген жүйесі ретінде құру және дамыту ұрдісі. Құқықшығармашылықтың басты тағайындалуы – жаңа нормативтік құқықтық актілерді өңдеп шығару және бекіту. Құқықшығармашылықтың басқа да көріністері (қолданыстағы нормаларды өзгерту және жою; олардың басылуын жетілдіру) кең таралған, нақты өрнектелген және іштей үйлескен жүйе құруда бағынышты, көмекші мәнге ие.

Әрбір мемлекет қоғамдық қатынастарда құқық нормасында реттелетін, қамтамасыз етілетін, қорғалатын және сақталатын заңдылық және құқықшығармашылық көмегі арқылы анықталған тәртіп орнатады. Мемлекеттің құқықшығармашылық қызметі экономикалық және басқа да қоғамдық қатынастардың ерекше әлеуметтік сипаттағы, шамамен жалпы, формальды-анықталған сипатқа ие заңдық нормалардың, жалпы нормалар түріндегі көрінісі.

Демек, құқықшығармашылық қызметі Конституцияда, регламентте, ережеде және т. с.с. нормативтік актілерде баяндалып, процессуальдық нормалар (процедура) шегінде бекітіліп жүзеге асырылады. Құқықшығармашылық жаңа нормалар қабылдау, жою немесе бұрынғыдай өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен жетілдіру болып табылады.

Құқықшығармашылыққа тән белгілер:

-белсенді, шығармашылыќ, мемлекеттік әрекет болып табылады;

-нәтижесінде басым түрде нормативті-ќұќыќтыќ актілерде орын алатын заңдыќ нормалар ќалыптастырылады;

-қоғамды басќарудың маңызды ќұралы;

-құқық шығармашылық деңгейі мен мәдениеті ќоғамдағы демократия мен өркениеттіліктің бейнесі болып табылады.

Құқықшығармашылық қызметі қазіргі өркениетті мемлекеттерде басты идеяны, ұйымдастырушылық бастауларды өрнектейтін яғни, мемлекеттің құқықшығармашылық қызметінің жалпы бағытын, мәнін және сипатты белгілерін анықтайтын, нақты қағидалардың базасына негізделе отырып, жүзеге асырылады.

Құқықшығармашылық қағидалары:

– заңдылық. Бұл қағида нормативтік-құқықтық актіні қабылдау процедурасы, оның мазмұнына қатысты туындайды. Жаңа нормативтік-құқықтық шешімдерді дайындауда, қабылдауда және жариялауда бекітілген тәртібін қатан сақтау, қабылданатын актінің нысанын қатан ұстау. Нормативтік актілер конституцияға сәйкес тиісті құқықшығармашылық органның құзырет шегіне қатан сай келе отырып қабылдануы тиіс. Нормативтік актілер мазмұны аңсаған құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам мұратына, гуманизм бастамасына, жалпы қабылданған нормаға және халықаралық құқық қағидаларына сәйкес келуге тиісті.

– демократиялық. Бұл қағида мемлекеттік және қоғамдық істерді басқарудағы азаматтардың белсенді қатысуы арқылы көрініс табады. Бұл демократиялық тәртіп нормативтік актілерді дайындау және бекіту барысында демократияның ең тікелей нысаны – референдум, қоғамдық пікірдің көпшілігін, тұрғындардың әр түрлі қабатының мүделерін есепке алу болып табылады;

– кәсібилік. Мұндай қызметтермен құзырлы адамдар – заңгер, басқарушы, экономист және т.б айналысуға тиіс. Бұл талаптарға құқықшығармашылық үрдісте мән беріп, есепке алмауы жат салдарға әкеп соғады және әзірленген қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің сапасына әсерін тигізеді. Біздің Парламенттің тұрақты негізде жұмыс жасайтыны оның кәсіби өсуіне ұлкен әсерін тиіс. нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді тарту кәсібилік қағиданың іске асуына маңызды рөл атқарады;

ғылымилық (нормативті актілерді дайындау барысында єлеуметтік-экономикалыќ, саяси жаѓдайларды және қоғам дамуының объективтік қажеттілігін, және басқа оқиғаларын зерттеу ќажет);

жариялылыќ (кең ќоѓамдылық, қалыпты церкуляция үшін құқықшығармашылық үрдісінің ашақтылығын, «тұнықтығын» кµрсетеді).

жоспарлау. Құқықшығармашылық үрдісте белгілі мақсатқа жету үшін нормативтік-құқықтық актіні қабылдауды жоспарлау қажет. Заң жоба жұмысы жоспары жыл сайын Үкіметпен бекітіліп және Қазақтан Республикасыныың Президентінің және Үкіметінің актілер Жинағында жарияланады.

Құқықшғармашылық маңыздылығына байланысты заң шығару және заңға бағынышты актілерді шығару деп екі үлкен топќа жіктеледі. Зањ ќабылдау құқығына мемлекеттегі ең жоғарғы өкілді орган құзіретті болады және оныњ актілерінің жоғарғы зањдыќ күші танылады.

Заңға бағынышты нормативті актілерді қабылдау Президентке, үкіметке, министрліктер мен ведомстволарѓа, мемлекеттік комитеттерге, мемлекеттік басќарудыњ жергілікті органдарына, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына берілетін құқық.

Азіргі кезеңнің негізгі құқықтық жүйелрі. Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелерді жіктеудің өлшемдері.

Қоғамның обьективтік даму процесінің мүдде-мақсатына сәйкес саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін құқық жүйесі қалыптасады. Дүниежүзіндегі мемлекеттердің тарихы, экономикалық ,әлеуметтік мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір-біріне ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан жақты зерттеп, ұлттық құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.

Францияның ғалымы Давид Рененің пікірі бойынша құқықтық жүйе англо- саксондық, романа-германдық, социалистік, діни және Қытай, Индия ,Жапония т.б құқықтық жүйелерге бөлінеді.

Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе феодализм кезінен басталады. Англия өзінің аралдық жағдайын пайдаланып, ерекше әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысты. 12-ғасырдан бастап қалыптасқан Англияның дмократиялық жетістіктері құқық жүйесіне зор ықпалын тигізді. Англия Рим мемлекетінің провинциясы болса да өзінің ұлттық ерекшеліктерін жоғары ұстай білді. Бұл құқықтық жүйе ежелгі әдет- ғұрыптардан , сот шешімдерінен құралды. Англияның королі Генрих 11 (1154-1187) бірнеше реформалар жүргізді, солардың арасында ең маңызды сот реформасы. Ол көшпелі королды сотты енгізді.

Бұл жүйенің негізгі мазмұны сот тәжірибесінен қалыптасады , мемлекеттік органның қабылдаған нормалары қосымша роль атқарады. Қазіргі заманда бұл өте күрделі, демократиялық құқықтық жүйе. Оны статут құқығы деп те атайды. Статут-парламент қабылдаған заң. Оның саны 500 жылда 2000-ға жеткен. Англияда азаматтық кодекс жоқ. Сот азаматтық істерді дұрыс шешіп, жаңа норма жариялайды . Бұл нормалар әрбір жеке казусты шешетін нормалар болып шығарылады. Құқықтық нормаларды кодификациялау және жүйелеуі де өте сирек кездеседі. (Малазия, Сингапур, Гонконг, Бруней, Гана, Кения, Нигерия, Египет)

АҚШ ағылшын құқығын пайдаланса да, оның құққ жүйесінің көп ерекшеліктер бар. Біріншіден, американың құқығы федеративті құқық. Екіншіден, бұнда жалпы құқықпен қатар заңдрдың рөлін, әсіресе Конституциялық маңызын жоғары ұстайды. АҚШ-та құқықтық нормаларды кодификациялау, жүйелеу жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Қазіргі кезде англо-саксондық құқық жүйесі бірте-бірте нормативтік актілердің маңызын көтере бастады.

Романа-германдық құқықтық жүйе ( континенттік жүйе деп те атайды ). Европалық мемлекеттерінің көпшілігінде осы құқық жүйесі дамып келеді. Романдық құқық жүйесі деген сөз Рим құқығының ықпалымен құрылғаның көрсетеді. Феодалдық кезенде бұл жүйе жақсы дамымады. Буржуазиялық революциялар Рим құқығына өте кең жол ашты “Жеке меншік құқығы қасиетті оған ешкім қолсұғуға құқығы жоқ” деп бекітті.

Осыдан бастап Рим құқығы белсенді түрде буржуазиялық кодекстеріне кіріп, Германия, Франция , Италия бүкіл дүниежүзіне таралды. Рим құқығын жалғастырған кодекстердің қатарына Наполеон атындағы 1804 жылғы Францияның азаматтық кодексі. 1896 жылғы Германияның азаматтық нормалар жинағы жатады.

Тарихшылардың, заңгерлердің көпшілігі континенталдық құқық жүйесі 13 ғасырда қалыптасты деп санайды. Бес ғасыр бірінші орында Рим құқығының ықпалы басым болды деп түсіндіреді. Сөйтіп көп мемлекеттердің құқық жүйесін қалады. Бұл құқық жүйесінің негізгі мазмұны - нормативтік актілерді бірінші орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарды.

Социалистік құқық жүйесі-бұл жүйе өзі төрт жүйеге бөлініп келді: советтік құқық жүйесі: европалық социялистік мемлекеттер құқықтық жүйесі: азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі: Куба республикасының құқықтық жүйесі. Бірақ барлығының негізгі принциптері бірдей болды: қоғамдық меншікті, бір орталықтан жоспарлауды қорғау т. б Бұл мемлекеттердің құқықтық негізін құрастыратың заң шығаратың органдардыңнормативтік актілері. Қазіргі кезде бұл жүйе Қытай халық республикасында, Кубада, солтүстік Кореяда сақталып, дамып келеді.

Діни құқықтық жүйе - бұл жүйеге Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол елдердің құқықтық саясаты екі түрге бөлінеді: біріншісі-құқықты түсінуде, дамытуда олар діңмен зиялы бағытты біріктіріп отырады. Бұл саясат ислам, индус және иуда діңдеріндегі мемлекеттер, екіншісі-құқық деген заңды ғылыми ұғымға қарсы бағыт. Қоғамды басқаруда әлеуметтік нормаларының басқа түрлерің бірінші қатарға қояды ( әдет-ғұрып ,мораль, діни, қоғамдық ұйымдардың шешімдерін). Бұл елдердің біразы бірте-бірте романа-германдық құқықтық жүйеге көшу бағытнда.

Ислам діні қағидаларың құқықтық негізі деп санайды. Бұл бағытты-жүйені шариғат деп атайды . Сонымен қатар адат деп атайтың жүйе бар (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мораль т. б) Бірақ өмірде шариғат басым түрде қолданылады. Исламдық құқықтың төрт түрлі негізі бар:

1) Құран-Аллфның Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі, ардақты кітабы.

2) Сұнна-Мұхаммед пайғамбардың хадистері (өсиеттері) Бұл өсиетте Құранның аяттарына түсінік береді.

3) Иджма-ислам ұйымдарының қабылдаған, бекіткен шешімдері, қаулы жарлықтары.

4) Китас өмірде кездесетін мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына сүйене отырып шешу.

Индус діні қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудың ең басым, күрделі жүйесі. Сонымен қатар әдет-ғұрып , салт-дәстүрді де пайдаланады .Бұл діни құқық жүйесі адамдарды туысы мен әлеуметтік топқа бөледі Олардың өздерінің ішіндегі қатынастарды реттеп, басқаратың діни нормалары болады. Бұл әлеуметтік топтардың түрлері: байлар тобы, орта шаруалар тобы, діни қызметкерлердің тобы, ақсүйектер тобы. Бұл топтардың аттарынан немесе атауларынан толық түсінуге болады: бұл әлеуметтік топтардың арасында ешқандай тендік, әділеттік, бостандық жоқ екені ( Индия, Пакистан, Бирма, Сингапур, Танзаний, Уганда, Кения т. б).