Ық және заңның арақатынасы

(источник: Сапаргалиев, Ибраев. ТГП. 121 стр)

Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптасқан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативтік актілердің түрлері сан алуан. Мұны Қазақстан Республикасының Конституциясынан да анық көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Қазақстан Парламенті заңдар қабылдайды. Олар - конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар ңабылдайды. Жарлықтар - заң күші бар және жай жарлықтар түрінде болады. Қазақстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер бұйрықтар, нұсқаулар, т.б. нормативтік актілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын қабылдайды.

Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері - заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң "кең" тұрғыдан және "тар" тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана "заң" деп аталатын нормативті-құқықтың актілер ғана жатады. Заң өз мәнінде алатын болсақ, норма-тивті-құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсаң, "заң" - төрағасы сияқты, басңа нормативті-қүқыңтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы - Парламент шығарады. Екіншіден, заң ңоғамдағы ең күрделі ңатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін ңоғамдың қатынастардың бүкіл ңоғам мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтың күші бар. Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары - Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативтік актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялық заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.

Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды нормативтік актілер болып саналады. Басқа нормативтік актілер заңдарға тәуелді актілер қатарына жатады. Нормативтік құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді.

«Құқықты ңоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды» деген тұжырым - заң мен құқықты ажыратудың қажет екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық - қоғамдың қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік барысын формальды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы - қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен, белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. Мұнда шындық, өділдік, дұрыстық құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтық алғышарты, оның тиімді болуының негізі – құқыты жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, құқықтың заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға ат салысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатңа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатысын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік мәні бар. Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.