Мемлекеттік басқару және мемлекеттік билік: байланысы, ара қатынасы

Басқару ұғымын пайдаланғанда ең жоғары мемлекеттің биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. “Басқару ұғымы мемлекет ұғымының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады”.

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарайзаң шығарушы;атқарушы;

сот билігі болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

авторитарлық;

тоталитарлық;

демократиялық болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:

пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,

пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,

жария-саяси сипатта жүруі, мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылу.

 

 

23. ҚР мемлекеттік басқару органдарының жүйесіҚазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейдіПарламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.