Мемлекеттік орган», «мемлекеттік аппарат», «мемлекет механизмі» ұғымдарының ара қатынасы

Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша - қаржы қоры. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті. Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:

- атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер; - мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандарын көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты.

10.ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері

Заң мемлекеттік қызметтер саласындағы қатынастарды реттейді, мемлекеттік органдардың құзыретін, мемлекеттік қызметтер саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі норамаларын айқындайды.10.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

1. Мемлекеттік қызметті алушы мынаған құқылы:

мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету субъектілері туралы толық, сенімді және уақытылы ақпарат алуға;

мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға;

электронды нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға;

халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет алуға;

мемлекеттік қызмет уақытылы және\немесе сапасыз немесе көрсетілмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдануға;

2. Мемлекеттік қызметті алушы мынаған міндетті:

мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынуға;

мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне ұсынылған ақпараттың сенімділігін және заңдылығын қамтамасыз етуге;

Мемлекеттік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ұстану;

1. Мемлекеттік қызметті көрсетуші субъектілер мынаған құқылы:

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қажетті қосымша ақпарат үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініммен жүгінуге;

мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыдан талап етуге;

сот органдарына заңды құқытар мен мүдделерді қорғау үшін жүгінуге;

мемлекеттік қызмет көрсету туралы қолданыстағы заңнаманы сақтауды талап етуге.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету субъектілері мынаған міндетті:

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нысанда көрсетуді қамтамасыз етуге;

мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық, өзекті және сенімді ақпаратты ұсынуға;

мемлекеттік ақпараттық жүйеде қолжетімді кез-келген қосымша ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыдан талап етуге жол бермеуге;

халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуға;

мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылардың өтінімдерін, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен толық, жан-жақты және уақытылы қарастыруды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттерді атқару.

 

11. ҚР-ғы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің бағыттары"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы жарияланған еді.Осы заманғы тиімді мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару құрылымын құру ел Президентінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – 2020 Стратегиялық жоспар) шешуші міндет ретінде айқындалған. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында:

мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың бірыңғай саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік органдардың қызметін халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсынуға бағдарлау;

мемлекеттік аппарат қызметінің айқындылғы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.

2010 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта ел дамуының стратегиялық мақсаттарының мониторингі және оларға қол жеткізуді бағалаудың кешенді жүйесі қалыптастырылуда. 2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» дамыту бағдарламасы бекітілді. «Электрондық үкімет» шеңберінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта:1) электрондық қызметтердің дамуы транзакциялық кезеңді белсенді іске асыру кезеңінде тұр, ол азаматтарға мемлекеттен анықтамалар мен құжаттарды электрондық түрде алуға ғана емес, олар үшін төлемдер төлеуге де мүмкін береді; 2) «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының негізгі компоненттері құрылған және енгізілген; 3) әр түрлі мемлекеттік органдар көрсететін аса маңызды мемлекеттік қызметтердің кешенін азаматтар алатын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық желілері жұмыс істейді. 2020 – Стратегиялық жоспарында көзделген мемлекеттiк секторды реформалаудың негізгі бес бағыты шеңберiнде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді дәйекті шешу көзделеді: 1) нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету; 2) мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту; 3) лицензиялық – рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру; 4) мемлекеттік активтерді басқару тиімділін арттыру және квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;5) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру; 6) мемлекеттік аппараттың тиімді құрылымын қалыптастыру және әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту.