Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1 страница

Алматы, 2015

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

МАЗМҰНЫ

Мазмұны………………………………………………………………………………………...

 

1 Типтік бағдарлама.......................................................................................................

 

2 Жұмыс бағдарламасы.................................................................................................................

 

3 Силлабус....................................................................................................................................

 

4 Практикалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар..................................

 

СӨЖ-ты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар...........................................................

 

Белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ)..........................................................................

 

Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылауларды өткізуге арналған материалдар)......................................................................................................................

 

5 Глоссарий..................................................................................................................................

 

9 Пәннің оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы.........................................

 

ОӘК элементтерінің атауы Болуы (бар, жоқ) Дайындалған-нан кейінгі бекіту мерзімі Қайта дайындау қажетілігі (бар, жоқ)
1 Типтік бағдарлама бар    
2 Жұмыс бағдарламасы бар    
3 Силлабус бар    
4 Практикалық, зертханалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар бар    
5 СӨЖ орындауға және ОБСӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар бар    
6 Белсенді үлестірме материалдар (БҮМ) бар    
7 Бақылау-бағалау материалдары бар    
8 Глоссарий бар    
9 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы бар    

 

 

ОӘК Қазақ және орыс тілдері кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

№ «_____» хаттама__________________2015 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі _______________________ Г.Садыр

 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

 

Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген Кеңес төрайымы ____________ Н.Дүйсенғұлова « ___ » __________ 2015 ж., № __  

 

 

 

 

Білім беру бағдарламасы Бакалавриат

шифр 5В 050900 «Қаржы » мамандығы

 

 

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша

жұмыс бағдарламасы

 

 

Алматы, 2015

Құрастырғандар: ф.ғ.д., профессор С.Иманбердиева

э.ғ.к., доцент Г.Е.Касенова

 

 

«Кәсіби қазақ тілі» курсының жұмыс бағдарламасы негізінде 5В 050900 – Қаржымамандығы үшін құрастырылған. Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрінің 03.11.2014 жылғы №03-3/529 бұйрығына сәйкес (1-қосымша), 5В 050900 – Қаржымамандығы үшін құрастырылған.

 

 

Жұмыс бағдарламасы Қазақ және орыс тілдері кафедрасының мәжілісінде талқыланған

 

№ «_____» хаттама__________________2015 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі _______________________ Г.Ә.Садыр

 

 

 

Алғысөз

Жоғары оқу орындарындағы «Кәсіби қазақ тілі» курсы мамандарды базалық даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Пән белгілі мамандық бойынша тілді немесе кәсіби тілді терең меңгеруді көздейді.

Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

«Кәсіби қазақ тілі» курсының мақсаты кез-келген басқарушылық қызмет жүйесінің негізі болып табылаты, мағыналық байланысқан пирамиданы қылптастыратын негізгі ұғымдар мен базалық категориялардың мәнін анықтау болып табылады.

«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқытудың негізгі мақсаты бакалаврларға мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы терминологиялық лексиканы үйрету, кәсіби қарым-қатынас жасаудың дағдыларын дамыту негізінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.

Білімі: Тыңдалым бойынша:

· берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

· түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;

· іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;

Оқылым бойынша:

· оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;

· мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;

· мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;

· мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

· хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;

Жазылым бойынша:

· мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

· ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

· нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.

Айтылым бойынша:

· өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.

· берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;

· баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;

· айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;

· мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;

· естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;

· қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдануды үйрету;

· сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту;

· кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру;

· іскерлік қарым-қатынастағы оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі пәні бойынша белгіленгені: 2 кредит

Меңгеру:Практикалық сабақтарда меңгерген бизнес саласына қатысты сөздер мен терминдер, шаблондар, фразаларды күнделікті ресми кездесулерде, келісімшарт жасауда, көпшілік алдында сөйлей білуге, бизнес-тренингтердегі қолданылатын клишелерді меңгеру.

Дағды:Сабақ барысында жүргізілген тұсаукесерлерден, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған тұжырымдамалардан, ойбөлісулерден, ойталқылардан, пікірлесулерден алған тәжірибелерін келешек қызметінде пайдалана білуге дағдыландыру.

Құзыреттілік:Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету.

Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау, кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттегі болуы керек.Олардың сөздік қоры 3000 – 4500 сөз болуы тиіс;

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған кәсібі бойынша баяндама жасай білу. Курс студенттердің кәсіби лексиканы игеруіне бағытталған. Кәсіби жоғары дайындық деңгейіне жету үшін мамандыққа байланысты лексикалық қорды байытып, тілді тереңдете оқып, ғылыми тілді меңгерту, болашақ мамандығы бойынша терминдерді меңгеру, кәсіби стильдегі мәтіндермен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңның» 4-бабында жазылғандай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында барлық деңгейлерде типтік бағдарламалар негізінде тақырыптар беріледі.

Кәсіби қазақ тілінде берілген бағдарлық тақырыптарды игеру арқылы ресми тілде сөйлеу, жазу түрлерін машықтандыру, кәсіби терминдер бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарын сауатты жүргізу ескеріледі.

Осыған қоса кез келген ресми және бейресми жағдайларда қарым-қатынас жүргізе алатын тақырыптық диалог үлгілері, аудио материалдары да кеңінен қамтылған.

Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алуға дағдыландырады.

 

2 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Тақырып атаулары Барлығы Байланыс сағаттары   ОБСӨЖ   СӨЖ
Оның ішінде
Практикалық сабақтар
  Іскерлік әлемі
  Экономика
  Отандық бизнес
  Іскерлік кездесулер
  Келіссөз
  Мәміле
  Аралық бақылау 1 Компаниялар
  Фирма жарғысы
  Директорлар кеңесі
  Қызметтік кездесулер
  Бизнесте
  Салық комитетінде
  Банкте
  Іссапарда
  Аралық бақылау 2 Компаниялар, әкімдер есебі
  Барлығы:

 

 

3. Практикалық сабақтардың тақырыптары

1-тақырып.Іскерлік әлемі. Грамматикалық тақырып: Экономикалық терминология негіздері.

1. Абу Дабидегі іскерлік кездесулер

2. Бюджет

3. Сөйлесім: Сеул: қазақ-кәріс іскерлік кеңесінің отырысы

 

2-тақырып. Экономика. Грамматикалық тақырып: Экономикалық терминдердің жасалуы.

 

1.Экономика

2. Халықаралық экономикалық интеграция

3. Сөйлесім: Экономикалық ресурс

 

3-тақырып. Отандық бизнес. Грамматикалық тақырып: Орфография.

1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері

2. Отандық өнім – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі

3. Сөйлесім: EXPO-17 халықаралық көрмесі

 

4-тақырып.Іскерлік кездесулер.Грамматикалық тақырып: Сөйлеу мәдениеті. Орфоэпия. Сөз байлығы

1. Іскерлік кездесулер.

2. Шетелдік инвесторлармен келіссөз.

3. Сөйлесім: KEGOC компаниясы.

5-тақырып.Келіссөз.Грамматикалық тақырып: Сөз қисындылығы.

1. Келіссөз түрлері.

2. Келіссөз жүргізу этикеті.

3. Сөйлесім: «Халық банктің» келіссөздері

 

6-тақырып. Мәміле. Грамматикалық тақырып: Мәміле жасау мәдениеті

1.ҚР Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі.

2.Екі ел арасында қаржылық мәмілені рәсімдеу

3. Сөйлесім: Халықаралық қатынастағы іскерлік мәдениет

 

7-тақырып.Компаниялар.Грамматикалық тақырып: Мамандыққа байланысты лексика

1.Алтын сапа.

2. Отандық тауарлар көрмесінде.

3. Сөйлесім: «Адал» компаниясы

Аралық бақылау. Тіл ұстарту, қайталау

 

8-тақырып.Фирма жарғысы. Грамматикалық тақырып: Құжаттарды толтыруға байланысты пунктуациялық ережелер

1. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.

2. Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры

3. Сөйлесім: . Қазмұнайгаз компаниясы.

 

9-тақырып.Директорлар кеңесі.Грамматикалық тақырып: Жиналыс өткізуге байланысты лексика.

1. «Халық банк» директорлар кеңесінде.

2. Кәсіби мереке – Қаржыгерлер күні.

3. Сөйлесім: Казкомбанк тұтынушыларының алғысы.

 

10-тақырып.Қызметтік кездесулер.Грамматикалық тақырып: Бейвербалды тілдік қатынас құралдары

1. Қызмет бабындағы кездесулер.

2. Әріптестік қарым-қатынас.

3. Сөйлесім: Сөз құдіреті

 

11-тақырып.Бизнесте.Грамматикалық тақырып: Терминдерді қолдану аясы мен маңызы

1. Бизнесті дамыту

2. Мамандығыма байланысты терминдер

3. Сөйлесім: Шағын және орта бизнесті қолдау

 

12-тақырып.Салық комитетінде.Грамматикалық тақырып: Әдеби тіл нормалары

1. Салық түрлері.

2. Салық кодексі.

3. Сөйлесім: Салықты не үшін төлейміз?

 

13-тақырып.Банкте.Грамматикалық тақырып: Стилистикалық тіл нормаларының өзіндік ерекшелігі

1. Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу.

2. ҚР банктер және банк қызметі туралы.

3. Сөйлесім: Банк қызметін тұтыну

 

14-тақырып.Іссапарда.

1. Іссапарға шыққанда

2. Ресми іссапарлар.

3. Сөйлесім: Дипломатиялық іс жүргізу.

 

15-тақырып. Компаниялар, әкімдер есебі. Грамматикалық тақырып: Сөз тазалығы

1. Ұлттық компанияларға жұмсалатын шығындар.

2. Әлеуметтік шығындар.

3. Сөйлесім: Алматы қ. әкімінің есебі

 

 

Аралық бақылау. Тіл ұстарту. Қайталау.

4. СӨЖ-ді орындауға берілетін тақырыптар мен тапсырмалар

р/с Тақырыптар- дың атауы СӨЖ тапсырмалары Ұсынылатын әдебиеттер Бақылау түрі СӨЖ-ді өткізу мерзімі Максималды ұпай
Кәсіби қазақ тілі туралы түсінік Қазақ тіліндегі әдеби тіл стильдерінің жанрлары және қолданыс аясы.     Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын жүргізу.-Алматы:Рауан2005 Мәтіндер арқылы стильдің түрлерін анықтау 1-апта
Қаржы нарығы туралы түсінік Мемлекет қазына түсіп жатқан қаржылар қайда жұмсалуда? «Экономика» және «Есепші» журналы, «Қазақстан іскері» газеттері, «Есепші» журналы   Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу 2-апта
Капитал нарығы Қор биржалары (әлемдік, қазақстандық). «Қазақстан іскері», «Экономика» газеттері, «Есепші» журналы   Жинаған ақпараттар бойынша тұсаукесер жасау 3-апта
Ақша нарығы Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері. «Қазақстан іскері», «Экономика» газеттері, «Есепші» журналы   Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу 4-апта
Алтын нарығы Асыл металдың қасиеттері, құндылығы.   «Экономика» және «Қаржы-қаражат»» газеттері, 1.Алмазова О. Д. Золото и валюта: прошлое и настоящее – М. Финансы и статистика, 1998.   Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау 5-апта
Бағалы қағаздар түрлері Бағалы қағаздар түрлеріне жататын акция, облигация, своп, спот, форворт термин сөздерінің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолдану. аясы Экономика- лық-түсіндірме сөздігі, «Экономика» және «Қаржы-қаражат»» газеттері Нақты мәліметтер жинап, талдау 6-апта
Аралық бақылау Өтілген тапсырмаларды нақтылау   Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: қазақша-орысша, орысша-қазақша, түсіндірме сөздіктер Кәсіби сала мамандығы бойынша терминдерді талдау 7-апта
Әлемдік қаржы нарығы Әлемдік ақша орталығы туралы не білеміз?   Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау 8-апта
Банк, оның қызметтері Комерциялық банктер қызметі. Экономика- лық-түсіндірме сөздігі, Газет-журнал, интернет материалдары   Нақты мәліметтер жинап, тұсаукесер дайындау 9-апта
Зейнетақы қорлары Жаңа зейнетақы жүйесіне көшудің себебі неде? Газет-журнал, интернет материалдары   Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау 10-апта
Сақтандыру компания- лары Сақтықта қорлық жоқ. Газет-журнал, интернет материалдары Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу 11-апта
Қаржы нарығындағы боркерлік-дилерлік қызмет Қаржы нарығының делдалдары. Газет-журнал, интернет материалдары, Экономика- лық- түсіндірме сөздігі   Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау 12-апта
Салық туралы түсінік Қазақстандық салықтың түрлері. Газет-журнал, интернет материалдары   Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу 13-апта
Кәсіпорында - ғы жұмыс тілі Қаржы саласындағы мамандардың кәсіби сөздері. Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: қазақша-орысша, орысша-қазақша, түсіндірме сөздіктер Кәсіби сала мамандығы бойынша терминдерді талдау 14-апта  
Аралық бақылау Өтілген грамматикалық материалдармен жұмыс. Тіл ұстарту .   Аралық бақылау тапсырмалары Тест тапсыр- малары 15-апта

ОБСӨЖ-дің орындалуына қойылатын талаптар

1-6 апталар аралығында

1. ОБСӨЖ-ге файлды папка (А4) арналуы тиіс.

2. Әр апта сайын берілген тақырыптарға сай орыс тілінде материал жинау. Мәтінмен жұмыс.

А) Мәтіннен тірек сөздер алынып, аударылып жазылуы тиіс;

Ә) Алынған мәтін жазбаша түрде аударылып жазылуы тиіс;

Б) Алынған мәтін ауызша мазмұндалуы тиіс;

Ескерту: ОБСӨЖ-ға арналған дәптер мен жиналған материалдар алтыншы аптада оқытушыға өткізілуі тиіс.

8-13 апта аралығы

1. Жиналатын материалдар мамандыққа байланысты қазақ тіліндегі газет, журналдардан және ғаламтордан алынуы тиіс.

2. Жиналған материал көлемі 1 бет (А4) болып, мәтінге қатысты 5 сұрақ құрастырылып жазылуы тиіс.

3. Аудиобасылым мәтінінің дыбысталуы таза, анық естілуі тиіс.

4. Аудиобасылым мәтіні мәнерлеп оқылып жазылуы тиіс.

5. Дайындалған аудиобасылым мәтіннің қорғалу уақыты 5-10 минут аралығында.

Ескерту: Тақырып бойынша дайындалған әрбір аудиобасылым мәтіні CD дискке көшіріліп, оқытушыға тапсырылуы тиіс.

Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі