Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Апта

 

Тақырып атауы:Мәміле. Грамматикалық тақырып: Мәміле жасау мәдениеті

 

Тақырып мазмұны:

1.ҚР Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі.

2.Екі ел арасында қаржылық мәмілені рәсімдеу

3. Сөйлесім: Халықаралық қатынастағы іскерлік мәдениет

 

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

1-сабақ

Қазақстан Республикасының Президенті

жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі

Адам - шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін.   М. Жұмабаев

 

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. 1998 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен не құрылды?

2. Шетелдік инвесторлар кеңесінің негізгі міндеттері қандай?

 

Сөздерді жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз

бекітілген - утвержденный

жарлық - указ

салтанатты - торжественное

өңірлік - краевой

мақұлданған - утвержденный

марапаттау - награждение

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында және Республикамыздағы инвестициялар ахуалды жақсарту мен олардың инвестициялық қызметіне байланысты мәселелерді жедел шешу үшін 1998 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған кеңесті-консультативті орган болып табылады.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің негізгі міндеттері инвестициялық саясат пен елді экономикалық дамытудың басты аспектілері бойынша ҚР Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсыныстар әзірлеу мен енгізу болып табылады. Ол мәселелер:

- Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;

- Елдегі инвестициялы ахуалды жақсарту;

- Инвестициялар туралы ҚР нормативтік құқықтық базаларын жетілдіру;

- Экономиканы диверсификациялау, өнеркәсіп секторларды индустрияландыру, кіші және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы инвестициялық және құқықтық жағдайлар жасау;

- Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық процестерге одан әрі ықпалдасуы;

- Қазақстан Республикасының экономикасына қосымша шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;

- Халықаралық маңызы бар ҚР ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру (137 сөз).

(«Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ: ынтымақтастық нәтижесі мен болашағы» кітабынан)

5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

2-сабақ

Мемлекет басшысының ресми сапарлары

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы мемлекеттік наградасы қандай?

2. Матти Ванханен мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінде не талқыланды?

Сөздерді жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз

Ымыра – примирение, компромисс

Жанжал - скандал

Келіссөз - переговоры

Жиынтық – совокупность, обобщенный

Тетіктер – механизм, суть, способ

Естелік - воспоминание

Үн – голос, звук

Әмірші – правитель, повелитель

Рәуішті – подобный, похожий

Әлеует – потенциал, возможность

Ықылас – внимание, желание

Сипат – вид, внешность

Сапар – поездка, путь

Гүлдесте - букет

Уағдаластық - договоренность

Кешен - комплекс

Жандандыру - оживлять

Жүлде - приз

Атақ - звание

Шарт - условие

Реттеу - улаживать

Кеңейту - расширять

Тереңдету - углублять

Даярлық - готовность

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Нұрсұлтан Назарбаевті БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян өз резиденциясында ыстық ықыласты рәуіште күтіп алды. Онда Қазақстан Президентін Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Заид» орденімен марапаттау рәсімі болды. Награда БАӘ тұңғыш Президенті шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахаянның құрметіне тағайындалған. Мемлекет басшысы шейх әл-Нахаянға екіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесі үшін «Алтын Қыран» орденін тапсырды. Осыдан соң екі мемлекеттің басшылары кеңейтілген және шағын құрамдағы келіссөздер жүргізді. Онда саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы қазақстан-әмірліктер өзара қарым-қатынасын дамыту мәселелері талқыланды.

Матти Ванханен мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінде үкіметаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды, онда үстіміздегі жылдың соңына дейін Қазақстан-Финляндия Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысын өткізу туралы, сондай-ақ екі елдің министрліктері мен ведомстволары арасында делегациялар алмасулар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Финляндия Парламентінің спикерімен кездесуде әңгіме парламентаралық байланыстарды нығайту жөнінде өрбіді. Кездесу аяқталған соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Хиетаниеми» мемориалдық кешеніндегі Батырлар кресті мен маршал Маннергеймнің ескерткішіне гүлдестелерін қою рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Баос Азия форумының жыл сайын өтетін конференциясының жұмысына қатысу үшін Қытай аралында орналасқан Хайнань провинциясындағы Санья қаласына келді. Мұнда Хайнань провинциясының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты «Хайнаньның құрметті азаматы» атағымен марапаттаған салтанатты рәсім өтті. Қазақстан Президенті осы құрметті атаққа ие болған алғашқы шетел лидері болып отыр. Мемлекет басшысына символдық «Достық кілті» табыс етілді. Одан кейін Нұрұлтан Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен келіссөз жүргізді.

Дмитрий Медведевтің шақыру бойынша келген сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентінің жүлдесі үшін жыл сайынғы ат жарыстары өткен Орталық Мәскеу ипподромының 157 жылдық мерейтойын меркелеуге қатысты. Осында Мемлекет басшысының Ресей және Әзірбайжан Президенттерімен ресми емес жағдайдағы екіжақты кездесулері өтті.

5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

3-сабақ

Сөйлесім:

Жағдаяттық тапсырма:

Сізді премьер-министр етіп сайлады. Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде елдің экономикасын сақтап қалу үшін іс-әрекетіңіз.

 

2. Халықаралық қатынастағы іскерлік мәдениет https://www.youtube.com/watch?v=nUJSNmMBdXc