Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

 

Апта

 

Тақырып атауы:Фирма жарғысы. Грамматикалық тақырып: Құжаттарды толтыруға байланысты пунктуациялық ережелер

Тақырып мазмұны:

1. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.

2. Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры

3. Сөйлесім: Қазмұнайгаз компаниясы.

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

 

 

1-сабақ

Жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар.
Фирма жарғысы

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1 Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжатына не жатады?

2. Жарғының деректемелеріне нелер кіреді?

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай: тіркеу туралы өтініш; құрылтайшылар бекіткен жарғы; құрылтайшылар шарты (құрылтайшы біреуден көп болса); құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама (ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады); санақ картасы; егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілдігінің келісімі; заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжат; тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Жарғы жазылғаннан кейін басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны қайта тіркеуден өткізуге тура келеді. Жарғының деректемелері: Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі; Мемлекеттік тіркеудің белгісі Мәтіннің атауы; Жарғының мәтіні; Фирма атқарушы органы басшысының қолы. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін – ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады.

Фирма жарғысының үлгісі

Мемлекеттік тіркеу туралы белгі БЕКІТІЛДІ

Құрылтайшылар жиналысының хаттамасы № 1 “13”мамыр 2013ж.

“Рахат“ кондитер фабрикасының

ЖАРҒЫСЫ

- Жалпы ережелер;

- қызметінің мақсаты мен мәні;

- мекеме қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі;

- мүлкі, қорлары. табысы;

- басқару және бақылау органдары;

- жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер;

- есепке алу және есеп беру;

- дауларды шешу;

- қызметін тоқтату.

 

Фирманың атқарушы органы басшысының қолы А.Ж. Умарова

 

5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

6. Шығармашылық тапсырма. Үлгіге сүйеніп, өз фирмаңыздың жарғысын әзірлеңіз.

 

2-сабақ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой мен іс – ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу - адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.


 

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар қанша % көбейтілді?

2. Бұл шаралар неге әсер етті?

 

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қордың негізгі мақсаты болып табылады.

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.

Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

мұнай- газ секторы;

электр энергетикасы;

металлургия;

химия, мұнай- химия;

инфра құрылым.

Қордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту;

өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;

отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау.

 

5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

3-сабақ

Сөйлесім:

Жағдаяттық тапсырма:

Сіз 2009 жылы иппотекалық несие доллармен алдыңыз. Екінші деңгейлік банк әлемдік дағдарыз, теңгенің құлдыраған кезінде клиентін жоғалтқысы келмейді. Сіздің несиеңіздің пайызын азайтып, теңгеге ауыстырғылары келмейді. Сіздің қадамдарыңыз

 

2. Қазмұнайгаз компаниясы

https://www.youtube.com/watch?v=f1z8N1_AWp8