Сурет. Тұрақты тістер (астыңғы және үстіңгі жақ)

 

Күрек және сүйір тістер алдыңғы (передние-фронтальные) тістер тобына, басқалары бүйір (боковые) немесе азу (коренные) тістер тобына топтасады.

Кез келген тіс үш бөліктен тұрады: ауыз ішінде тұрған бөлігін тіс сауыты (коронка зуба – corona dentis), тіс ұяшығында немесе альвеолада орналасқан бөлігін тіс түбірі (корень зуба – radix dentis), ал тіс сауытының тіс түбіріне ауысатын аймағын тіс мойыны (шейка зубы – collum dentis) деп атайды. Бұл аймақта тіс сауытын жауып тұрған кіреукеден (эмаль – enamelum) тұратын жабынды бітіп, түбір цементі (цемент – cementum) басталады.

Әрбір тістің ішінде қуысы (полость зуба – cavum dentis) болады және екі бөліктен тұрады: сауыт қуысы (коронковая полость – cavum cоronale) және түбір бөлігі немесе түбір өзегі (корневой канал – canalis radicis dentis). Түбір өзегі түбір ұшында тар тесікпен (верхушечное отверстие – foramen apicis dentis) аяқталады.

Тіс сауытының бірнеше беті болады және тістердің тіс қатарындағы орнына байланысты аталады. Алдыңғы тістер сауытының ерін жақ (губная поверхность – facies labialis), таңдай жақ (небная поверхность – facies palatinus) немесе тіл жақ (язычная поверхность – facies lingvalis), алдыңғы немесе орта сызыққа қараған беті (передняя или медиальная –facies medialis, s. Facies anterior), ал оған қарсы беті бүйір жақ беттерін (боковая поверхность – facies lateralis) ажыратады. Олардың ерін мен тіл немесе таңдай беттерінің қиылысуынан пайда болған құрылымды тістеу қыры (режущий край – margo incisalis) деп атайды.

Азу тістердің 5 бетін ажыратады: ұрт жақ (щечняя поверхность – facies vestibularis), тіл немесе таңдай, шайнау (жевательная поверхность – facies masticatoria), екі жанасу беттері (контактная поверхность – facies contactilis), орта сызыққа қараған жанасу беті алдыңғы немесе медиальды (передняя поверхность – facies anterios, s.f.medialis), оған қарсы немесе орта сызықтан қашықтау беті артқы немесе дистальды (задняя или дистальная поверхность – facies posterios, s.f. distalis) деп аталады.

Әрбір тісте топтық анатомиялық белгілер (признаки групповой принадлежности) жақсы дамыған. Оларға тіс сауытының пішіні, тістеу қырының және шайнау беттерінің ерекшеліктері, түбірлерінің саны жатады. Сонымен қатар оларда тісті әрбір жақ сүйегінің оң және сол жақ бөлігіне жатқызуға мүмкіндік беретін үш белгі дамыған. Олар: тіс сауытының дөңестік (признак кривизны коронки), бұрыштық және түбірлік белгілері (признак угла и корня).

· Тіс сауытының дөңестік белгісі: барлық тістердің ерін және ұрт беттерінің алдыңғы жақ бөлігі (медиальды) бүйір (латеральды) немесе артқы жақ (дистальды) бөлігіне қарағанда дөңестеу болады және көбіне алдыңғы жақ бетіне тіктеу бұрыш жасап, ал артқы жақ бетіне доғалдау бұрыш жасап ауысады (А-сурет).