Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мемлекеттік саясаттың мақсаттарына жетудің стратегиялық звеносы болып табылады. Республикада құқықтық мемлекеттің стандарттарына сәйкес келетін мемлекеттік билік жүйесінің қалыптасуы мемлекеттік қызмет институтының дамуына байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдылықтардардың бірі ретінде кәсіби мемлекет құру, ал оның мақсаты ретінде ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау аталғаны кездейсоқ емес. Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік қызметті реформалау басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанда демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы жоғарғы нәтижелі мемлекеттік қызметсіз мүмкін емес. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру мемлекеттік билік органдарының стратегиясы мен тактикасының маңызды мәселесі болып табылады. Өз алдына, мамандар саясатын қалыптастырудың жаңа бағыттарын жүзеге асыру отандық және шетелдік тәжірбие негізінде, тарихи, мәдени, ұлттық және басқарушылық дәстүр мен басқарушылық тәжірбиені, сондай-ақ, әлемдік даму тенденцияларын ескере отырып жүзеге асарылуы тиіс.

Курстың міндеттері:

- студенттерде мемлекеттік қызмет институтының мәні, оның ұйымдастырылуы және қызмет етуі және оның өзекті мәселелері туралы ғылыми ой қалыптастыруға көмек көрсету;

- студенттерді мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару туралы және мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамамен, сондай-ақ, осы оқу курсы бойынша арнайы заңнамамен таныстыру;

- Қазақстан Республикасының мемелкееттік қызмет жөнінідегі уәкілетті органдарының жүйесіне, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мен этикасына талдау жасау;-

- студенттерде мемлекеттік кадрлік саясат, мемлекеттік қызметшілердік қызмет бойынша өсуін жоспарлау және дамыту туралы ғылыми ой қалыптастыруға көмектесу;

- мемлекеттік қызметке кіру, өту және тоқтатумен байланысты мемлекеттік-қызметтік қатынастар жүйесін оқыту;

- мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі мен шетелдік аналогтарына салыстырмалы талдау жүргізу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет институтын жетілдіруде шетелдік тәжірбиені енгізудің негізгі бағыттарын анықтау.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.