Скери демократияның қалыптасу мәселелерін анықтаңыз? 4 страница

2.эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;

3.ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.

Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған.

 

33.

Ерте және орта плейстоцен бойында оминид семьялығының эволюциясы адамның осы заманғы түрінің пайда болуы үшін қолайлы алғы шарттар жасады. Шынында Ноmо тегінің көне заманғы өкілі — неандертальдық адамның интенсивті еңбек қызметі үшін барлық қажетті органдарды — үлкен миы, тік жағдайда жүргендегі оның жүріс-тұрысы туралы айтпағанның өзінде оңтайлы қолы болған іспетті еді. Бірақ жоғарыда аталып өткендей, оның ми құрылымы көптеген тұрпайы белгілерінің болуымен сипатталатын, ал қолының оңтайлылығы күшті болатын, бұл ойлау мен сөзді дамытып, тасты өңдеу техникасын жетілдірудегі оның мүмкіндіктерін тежейтін еді. Бұдан басқа, неандертальдық адамның морфологиялың ерекшеліктері, атап айтқанда, оның ми құрылысы, өзінің агрессивтігі мен тежеуді басқаратын ми орталықтарының шамалы дамуы арқасында, коллективтің қоғамдық тіршілігі жағдайларына, оның жеткіліксіз бейімделген тіршілік иесі екендігін дәлелдейді. Неандертальдықтың бас миы қабығы қызметіндегі қозу тежеуден айтарлықтай басым болатын, бұл неандертальдық табында ашынған қатты ашу тудырып ауыр, кейде, мүмкін өлім-жітіммен тынатын соқтығысуларға жиі әкеп соғатын. Сондықтан да неандертальдықтарда ұжым тіршіліктің қоғамдық формаларын дамыту үшін потенциалдық мүмкіндіктері шағын болды. Кеңес антропологы Я.Я.Рогинский жасаған адамның қазіргі түрінің пайда болуының ең нанымды теориясы нақ осы әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, осы заманғы адамның неандертальдықтан артықшылығына сүйенеді. Ауру адамды клиникада ақылағанда маңдай бөліміне тиетін хирургиялық операциялар жалпы алғанда маңдай бөлімінің қандай да болсын зақымдары, көбіне тежейтін реакцияны тежейтін жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарына өкеп соғатындығы байқалған. Маңдай бөлімі зақымданған субъектілер ашушаң, шамданғыш болады да, адамдық тұрмыстың қалыпты жағдайларында өмір сүре алмайды. Я. Я. Рогинскийдің пікірі бойынша, осы кездегі адамның миының алдыңғы бөлімдерінің интенсивті дамуы неандертальдықтармен салыстырғанда өндіргіш күштері күрт өрлеген және рулық ұйымның бастапқы формалары қалыптасқан дәуірде, яғни кейінгі палеолит дәуірінде әлеуметтік сапалар үлкен роль алуы себепті өтіп жатыр. Сонымен пайда болған морфологиялық ерекшелік табиғи сұрыптаудың ықпалымен ұрпақтан ұрпаққа іріктеліп сақталды. Бас сүйек қорабы биіктігінің ұлғаюы және мидың алдыңғы бөлігі құрылысының өзгерістері салдарынан маңдай сүйектерінің тік түсуі, сайып келгенде маңдай сүйегі рельефінің кішіреюіне, яғни қабаң білігінің жоғалуына әкеп соқты. Бас сүйек қорабының қайта құрылуы бет скелетінің қайта құрылуына белгілі бір ықпал етуі де мүмкін. Ақырында, сөздің одан әрі жетіле түсуі және өндіргіш күштердің және әлеуметтік ұйымдардың дамуымен байланысты болған сөз аппаратының қайта құрылысы иек ығыңқылығының түзілуімен аяқталды.

Садақ пен жебені ойлап табу мал шаруашылығының пайда болуына негіз болды. Садақ пен жебе аңшылықтың тиімділігін өсірді және артық өнімнің жиналуына мүмкіндік берді. Климаттық өзгерістер нәтижесінде орнаған жаңа жағдайларға тек адам ғана емес, жануарлардың да бейімделуіне тура келді. Олар бірге су мен азық іздеді, ал ашынған жануарлар адам алдында қорқынышын жоғалтты. Икемге келетін жануарларды адам аштықтан және жыртқыштардан қорғай бастады. Мүмкін адамдар барлық уақытта жараланған жануарларды өлтіре бермейтін, олардың балаларын алып өсіріп, қосалқы тағам қорын жасаса керек. Доместикация процессі, яғни жануарларды қолға үйрету, ұзаққа созылған процесс болды. Кейінгі палеолиттің өзінде Гомо сапиенс итті қолға үйретті және ол алғашқы үй жануары болды. Хайунаттардың басқа түрлерін үйсіндіруге аңшылар тайпасының үнемі жүріп-тұруы бөгет жасады. Отырықшылдыққа көшумен бұл бөгет жойылды. Ал мезолит дәуірінде (шамамен б.з.б. 8 мыңжылдықта) адамдар шошқа, ешкі, қой, мүйізді ірі қараны үйсіндіре бастады.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді. Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Мезолит техникасының аса маңызды жетістігі садақ пен жебені ойлап табу болды. Садақтың сонау мадлен дәуірінде табылуы ықтимал, бірақ оның таралуы сөзсіз мезолит дәуіріне ғана жатады. Садақ микролитке қарағанда әлде-қайда күрделі механизм, оны жасау үшін өсімдіктер қасиеті мен қозғалыс механизмі туралы білімдерді талап етті. Адам тұтас ағаш бөлігінен қарапайым садақты немесе күрделі ағаш, сүйек және мүйіз үш бөліктен тұратын садақ жасай алатын еді. Бұл алыстан соғатын жаңа қару аңшылықтың дамуына жаңа түрткі салды. Садақты қолданумен қатар садақ принципі де қолданысқа енді, оны түрлі қақпандар жасауда қолданылды.

35.

Экзогамия ( лат. ехо – сыртқы, тыс және gamos – неке) – туыстас (ағайындас) отбасылар арасында немесе жақын жерлестер арасында (сирек те болса) некелесуге тыйым салу. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезінде болып, барлық халықтар арасында кең тараған. Ғалымдар бұл дәстүрді үш топқа бөліп қарайды:1) қандас (аталас) адамдардың қосылуы салдарынан болған зиянды жою (Л.Г. Морган, Д.Ф. Аберле, Д.М. Шнейдер, т.б.);2) басқа қауымдармен қатынасты дамытып, әлеуметтік байланысты нығайту (Э.Тайлор, К.Леви-Строс, т.б.);3) ұжымда әлеуметтік бірлікті сақтау әдісі арқылы сырт елдермен байланыс жасау мақсаты (С.П. Толстов, Ю.И. Семенов, т.б.) көзделген деп түсіндіреді. Некелік серігін тандаудағы шектеу. Мұнда топ мүшесі серігін осы топтан тыс топтардан тандауы тиіс.Көпшілік ғалымдар Экзогамияны эндогамияға қарағанда анағұрлым жетілген құбылыс деп есептейді. Экзогамия ерекшеліктері руластар менбауырластар (фратрия) арасында әлі күнге дейін сақталып келеді. Мысалы, грузиндер мен армяндар туыстық араға 9 ата салып үйленсе,қырғыздар 4 атаға дейін қыз алыспайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында 7 атаға дейін қыз алыспау салты сақталған; қ. Жеті ата

Эндогамия ( гр. endon – ішкі және gamos – неке) – тайпаның ішінде, оған кіретін ру мүшелерінің арасында некелесу ғұрпы. Алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған. Бұл орайда ру экзогаменді, тайпа эндогаменді болған. Кейінгі кезеңде көптеген халықтарда (малагасиялықтар, бантудың бір бөлігі, арабтар, өзбектер, туарегтер, т.б.) негізінен ағайын-тумалар арасындағы некелестікке құрылған патронимик. Эндогамия пайда болды, мұның өзі жақын адамдардың өз ішінде мүлікті сақтап қалуға (мұсылмандарда көп қалыңмал мен жасау талап етілді) ұмтылушылықтан туды. Осы кезеңде пайда болған діни Эндогамия Азияның көптеген елдерінде осы кезге дейін этн. некеден гөрі күштірек сақталып келеді. Немере, шөбере-шөпшек аға-інілер мен апа-қарындастар, сіңлілер немесе бөлелер (апалы-сіңлілердің ұл-қыздары) некелесті. Мұндай Эндогамияның келер ұрпақ үшін мейлінше керағар әсері бар. Ондай отбасыларда сәби кемтар, кембағал болып дүниеге келуі мүмкін. Мұны қазіргі медицина ғылымы да нақты дәлелдеп отыр. Дәстүрлі қазақ қоғамында жеті атаға дейін қыз алыспау салты сақталған.некелік серігін тандаудағы шектеу. Мұнда топ мүшесі серігін тек өз тобының ішінен таңцайды. Қазіргі индустриялық қоғамға орай “ Эндогамия” термині негізінен этн. тұрғыдан біртекті (бір ұлттың адамдары арасындағы) некелесу үрдісін білдіру үшін қолданылады. Бұл үрдіс белгілі бір халықтың мекендеген аумағының, тілінің, мәдениетінің ортақтығына байланысты болды және мұндай некелестік осы халықтың ғұрыптарымен, дәстүрлерімен қолдау тауып отырды. Қазіргі жағдайда этн. тұрғыдан бір текті некелермен қатар аралас некелер де кеңінен таралған.

 

36.Археология деректері.Көне замандардан сақталған заттық дерек төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологияық ескерткіштердің маңызы зор.Заттық дерек-төркіндер,яғни еңбек құралдары,көне құрылыстардың қалдықтары,сәндік бұйымдар,ыдыс-аяқтар,тағы сондайлар—бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.Заттар—аса бағалы тарихи дерек-төркін,өйткені бұлардың бәрі өз дәуірінің өнімі болып саналады,тек сол дәуірге ғана тән болып келеді,әрі олардың өздері өндірілген сол кездің тіршілік жағдайын бейнелеп көрсетеді.

АҚҚ советтік тарихшылары өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар дамуының белгілі заңдылықтары туралы марксистік тезистерге сүйене отырып,оның дамуының кез-келген сатысында қоғамның материалдық мәдениеті мен әлеу-экон өмірінің арасында белгілі бір байланыс бар деп санайды.Сондықтан да қоғамның өмір сүру дағдысын біле отырып,осы қоғамға қандай материалдық мәдениет сай келетінін және материалдық мәдениетке қарап әлеу-экон құрылысты,ал кейде осы материалдық мәдениетті жасаған қоғамның тарихын да көз алдыға келтіруге болады.Өткен шақты зерттеу үшін алынған барлық заттардан еңбек құралдарының айрықша зор маңызы бар.

Тек заттар ғана емес,сондай-ақ мекенжайлар мен тұрақтардың,қабірлердің,шеберханалардың,плотиналардың т.б. қалдықтары да археологиялық дерек төркіндер болып табылады.Тұрғын үйлердің және мекен жайдың эволюциясын зерттеу белгілі бір дәрежеде семья мен қоғамдық өмір эволюциясы туралы пайымдауға мүмкіндік береді—коллективтік тұрғын үй оқшауланған семьялық тұрғын үйлермен,бекініссіз мекен жайлар бекіністі мекен жайлармен т.б. ауыстырылды.Археологиялық ескерткіштердің көпшілігі қазбалар процесінде табылып зерттеледі.

ХІХ аяғына қарай археологиялық ғылымда алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін өте үлкен маңызы бар археологиялық мәдениет туралы ұғым қалыптасты.Археологиялық мәдениет деп бір заманаға қатысты,жергілікті ерекшеліктерімен көзге түсетін және белгілі бір шектеулі территорияда жинақталған археологиялық ескерткіштердің ортақтығын айтады.Археологиялық мәдениет көбіне ежелгі тайпалар мен халықтардың оқшауланып тіршілік етуін көрсетеді.Археологиялық мәдениет туралы ұғым мен оның пайда болып,таралуын және құрып кетуін зерттеу жазба дерек төркіндер пайда болудың алдындағы кезеңдердегі тайпалар мен халықтардың тарихын реконстрикциялауға мүмкіндік береді.

Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер).

Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген.

Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнологияғылымы зерттейді. Этнос дегеніміз – гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі.

Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды.

Айта кететін бір жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі).

Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады.

Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады. Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады.

Белгілі этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым.

Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.

Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.

1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық жәнеәлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.

37.Сорорат (лат.soror-апалы-сіңлілі)- ер адамның бірге туған немесе немере апалы- сіңлілі бірнеше қызға некелесудің ескі салты. Сороратты алғаш ғылыми тұрғыдан сипаттап жазған Л.Г.Морган «Сорорат» терминін Америка, Азия және Мұхит аралдары мен Африканың көптеген халықтарында бұл салттың бар екендігі жөнінде мәліметжинаған Дж.Фрейзер шығарған. Сороратты ғалымдар көне замандағы топтық некенің қалдығы деп есептейді. Қазақ халқындағы балдыз алу да Сороратты ғұрпына жатады. Әйелі өлген адам басы бос балдызы болса, «балдыз қалың» деген атпен шағын қалың мал беріп, үйленетін болған.

 

38.Фетишизм– кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер - жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.

ТотемизмАвстралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.

 

39.Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланысты болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекелеген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.

Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. ¤зінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңыболып табыладыосыған сәйкес келетін иемденудің заңы : еңбек – иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.меншікті бірінші заңының негізінде натыралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады.осы замандағы нарық шаруашылағының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің өніміне меншік заңына – көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған – екінші заңға – иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы – ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.