Адманың шығуындағы әлеуметтік фактордың алатын орны туралы

Ф.Энегльстің теориясын түсіндіріңіз.

Адамның шығу тегіндегі әлеуметтік факторға Ф.Энгельстің аяқталмай қалған «Табиғат диалектикасы» еңбегінің бір тарауы болып саналатын «Маймылдардың адамға айналу процесінде еңбектің рөлі» деген еңбегінде тұжырымдаған антропогенездің еңбек теориясында шешуші маңыз беріледі.

Антропогенез еңбек теориясының маңызын Энегльстің өзінің сөз тізбегеімен алып: еңбек адамның өзін жасады, деп тұжырымдауға болады. Шынында да еңбек, ең алдымен, тамақ тауып, жаулардан қорғануда олардың қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың еңбек қызметі төрттік дәуірі кезінде адамның түр – тұрпатын өзгерткен және қоғамды жасаған қуатты стимул болды.

Ф.Энгельс теориясы – адамның қалыптасуында қоғамдық, әлеуметтік іс шешуші рөл атқарғанын атап көрсеткен – қоғамсыз адам бола алмайтындығына көз жеткізген, барлық қолда бар антропогенез теорияларынан бірден бір айырықша теория болды, ол ойлау мен сөздің шығуын түсіндіріп берді. Мұны бәрін түгел қамтитын теория деуге болады, өйткені гоминид семьялығы дамуының өн бойындағы эволюциялық өзгерістерінің сан алуандарын түгелдей бір факторға сәтті әкеп соғады, бұл, адам морфологиясының өзгеруіне еңбектің революциялайтын ықпалын көрсетумен ғана шектеліп қалмайды, сондай – ақ еңбектің дамуымен адам санасының шығу өндірісі мен тарихын да байланыстырады. Алайда антропогенезде әлеуметтік факторға орасан зор көңіл бөле отырып, Ф.Энегльс құбылыстың биологиялық жағына да көңіл бөледі. Ол тік жүрудің қалыптасуының гоминид семьялығындағы эволюцияда қол мен мидың прогрессивті дамуының маңызын көрсетеді, адам организмі биохимиясының өзгерісінде етті тамақтың рөлін т.б. көрсетеді. Демек, оның теориясы, адамның шығу тегінде әлеуметтік және биологиялық заңдылықтардың синтезі болып табылады.

Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырауының негізгі алғышарттарына

Сипаттама беріңіз.

Ең көбірек қолайлы экологиялық аймақтарда алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау процесі б.э. – ға дейінгі ІІІ – ІІ м.ж қарай аяқталды, қолайлығы азырақ аймақтарда осы уақытқа дейін түгелдей аяқталып біткен жоқ. Өзінің кең байтақ кеңістіктік және уақыттық ұзын – сонарлығында бұл процесс табиғат ортасының ерекшеліктерімен байланысты өзгешелігімен, қоғамның шаруашылық қызметінің бағытымен, бұрын қалыптасқан цивилизацияның айналадағы алғашқы тұрмыстық тайпаларға ықпалымен, ең соңында процестің өзінің қарқындарымен ерекше болуы табиғи нәрсе еді. Бірақ, алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау варианттары қалайша өзгеше болғанымен, сайып келгенде, олар рулық ұйымдардың ыдырау формаларына сүйене отырып, патриархат және кейінгі матриархат деп атауға болатын екі негізгі вариантқа келіп тіреледі.

Өндіргіш күштердің жаңадан өрлеуі жыныстар арасында еңбек бөлінісінің тәртібін түбірінен өзгертті. Кетпендік егіншілікке қарама – қарсы жыртатын егіншілік көбіне ер адамдар еңбегінің сферасына айналды. Сондай – ақ мал шаруашылығы да ер адамдардың ісі болды: кейбір халықтарда, мәселен, үнділі – тода мен оңт.африкалық зулустарда тіпті әйелдерге үй жануарларына жақын келуге тиым салынды. Орасан зор қоғамдық маңызға ие болған металлургиялық өндіріс те ер адамдардың қарекеті болды. Бірақ, тіпті, шаруашылық қызметінің бұрынғы бағыты сақталған жердің өзінде де олардың дами түсуі, мәселен, орман отағанда, кетпендік егіншіліктегі мелиорацияда немесе ирритацияда ер адам еңбегінің маңызын арттыра түсті. Әйелдердің еңбегі бірті – бірте үй шаруашылығының шеңберінде шекетеле берді; мұнда да бұл өзінің ерекшелігінен айырыла бастады, өйткені үй шаруашылығының кейбір салалары, ең алдымен қыш жасау мен тоқымашылық ісі қолөнер өндірісінің арнаулы салаларына айнала бастады.

Еңбек бөліністеріндегі өзгерістерге сәйкес жыныстардың қоғамдық жағдайы да өзгере бастады. Өндірісте жетекші рөл атқара отырып, ер адам семья мен қоғамда үстемдік орынды алуға, аналық руға тән материалдық негізді патриархалдық негіздермен алмастыруға тырысты. Дүние жүзінің барлық халықтарының алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау дәуіріне тән болып келетін осы екі негіздің тартысы, қалай да оның ақырғы нәтижесі аналық право тәртібін әкелік право дайым алмастырып отырғанымен, бұл түрліше өтті. Бір қоғамдарда, әсіресе, мал шарушылықтық және плуг – егіншіліктік қоғамдарда патриархалдық тенденциялар біршама тез басымдылыққа ие болды, ал рулық құрылыстың ыдырауы болса, патриархат формасында өтті. Басқа қоғамдарда, әсіресе, кетпендік – егіншілік қоғамында патриархаттың болуы матриархалдық дәстүрлермен ұзақ бөгелді де, сонымен рулық құрылыстың ыдырауы, кейінгі матриархат формасында өтті.