Онақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету

Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету қонақ үй тұрғындары тапсырысы бойынша қосымша төлемге жүзеге асады. Әдетте ол есеп сомасының 15 пайызынан аспайды . Ауыратын адамдар қосымша төлемсіз нөмірде қызмет көрсетіледі.

Нөмірде қызмет көрсету тапсырыс қабылдау төмендегідей жүзеге асады

- Қабаттағы барда немесе арнайы бөлмеде телефон орнатылады немесе даяшыны нөмірге шақыру үшін дабыл жабдықталады;

- Тікелей мейраханада метрдотел арқылы ( телефоны арқылы немесе тікелей)

Төрт және бесжұлдызды қонақ үйлерде room- servise арнайы бөлімі бар, олардың мақсаты қонаққа тағам жеткізу: нөмірге,кеңсеге, холлға болып табылады. room- servise арнайы ыдыстармен өз ас үйімен тағамның қажетті температурасын сақтауға мүмкіндік беретін жабдықтары болуы керек. Room- servise жұмысшысы бөлмесі арнайы стелажбен жабдықталған, онда подностармен толтырылған. Әр подносқа алдын ала майлық төселеді де жеке қаптамадағы джем, конфиюр, бал мен шыны аяқ қойылады. Таңғы асты қонақ үй нөміріне тікелей жеткізер алдында подносқа балғын жемістер толтырылады.

Room – servise тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл бөлім қызметкері (лауазым order taker деп аталады). Қонақ үй тұрғындарына тапсырыс қабылдайды. Ол арнайы мәзір бойынша тапсырысты қабылдап қана қоймай, тапсырыс берушімен тағам дайындау әдісін, ұсыну уақытын, дастарқан жаю түрін, қызмет көрсету ерекшелігін келіседі. Тапсырысты қабылдап болған соң order taker міндетті түрде даярлану уақытын айтады. Тапсырыспен бірге қонақ чек (қонақ үйден шығарда төлейді) “ас дәмді болсын” тілегімен және ыдысты қашан жанауға болатынын хабарлау өтінішімен карточкалар алады.

Әрбір қонақ үй нөмірінде міндетті түрде таңғы ас мәзірінің арнайы картасы бар. Онда континентальды, еуропалық, американдық, орыс, емдәмдік, вегетариандық таңғы астардың барлық ассортименті келтірілген. Қонақ таңдалған тағамдармен сусындарды белгілейді. Таңғы ас мәзірі картасын нөмір есігіне іледі, ал түнде барлық мәліметтерді даяшылар жинайды. Жұмыс ыңғайлылығы үшін барлық мәліметтерді ас мәзірі картасынан арнайы бланкке көшіреді.

Континентальды таңғы ас мәзірі жоғарыда келтірілген

Еуропалық таңғы ас гастрономдық өнімдер ассортименті (шұжық, ветчина, әр түрлі сұрыпты сырлар) кеңейтілген және ыстық тағамы (шала піскен жұмыртқа немесе қуырылған жұмыртқа немесе омлет) бар континентальді таңғы ас жинағынан тұрады.

Американдық таңғы ас континентальді таңғы ас жинағынан, сонымен қатар сүтпен sereals (құрғақ таңғы ас ) жеміс йогурты немесе айраннан,шала піскен екі жұмыртқадан немесе беконмен, сосискамен, қызанаөпен қуырылған жұмыртқадан немесе ветчинамен, сырмен, саңырауқұлақпен омлеттен; жемістерден (грейпфрут бөліктері, туралған банан) немесе жеміс салатынан тұрады.

Орыс таңғы асы: жаңа сығылған шырындар (апельсин, грейпфрут немесе сәбіз), сары май, лимонмен арқан балық еті, табиғи көкөністер, түйірлі уылдырықпен блины, джем, бал, кекс, тоқаш, себетке салынған балғын нан кофе, шай немесе ыстық шоколад.

Емдәмдік таңғы ас: ірі тартылған ұннан пісірілген тоқаштар; қантсыз, майсызданған маргаринмен немесе емдәмдік конфитюрмен қытырлақ нандар; жаңа сығылған шырындар (апельсин жеміс салаты, кофе, шай, майсызданған сүтпен немесе лимонмен шай.

Вегетариандық таңғы ас: таңдауға шырын апельсин, грейпфрут, алма немесе қызанақ;көмбелеп пісірілген қызанақпен немесе буға пісірілген көкөністермен және картоппен вегетариандық омлет, балғын маусымдық жемістер, джем, мини-кекс, майсызданған сүтпен кофе немесе шай жеткізу үшін аса ыңғайлы.

Контининтальді, еуропалық, емдәмдік және вегетариандық таңғы астар нөмірге жеткізу үшін аса ыңғайлы, себебі оларды тікелей подносқа жинақтайды және олар нөмірді көп орын алмайды. Американдық және орыс таңғы астары көп құрамдас бөліктерден тұрады, сондықтан даяшы тапсырысты дастарқан жаю үстелшесінде жинақтайды.

Room – servise түскі астың арнайы мәзірі салқын тісбасарлардан (4-5түр), салат (5-6), ыстық тісбасарлардан (2-3), көжелерден (4-5), балықтан, еттен құс етінен, көкөністерден даярланған ыстық тағамдардан (8-16), десерттен (6), ыстық, салқын сусындардан тұрады. Түскі ас немесе кешкі ас мәзірі әртүрлі елден келген қонақтардың ұлттық ерекшелігі ескеріліп құрылады.

Түскі ас немесе кешкі астың арнайы мәзірі бойынша қызмет көрсету үшін даяшы нөмірге арбада ыдыстар, аспаптар, дастарқан, кенеп маминералды, жеміс майлықтар, минералды жеміс суларын, жемістер, темекі, шырпы алып келеді. Нөмірде даяшы үстелге дастарқан жайып ыдыс- аяөтарды қояды. Содан кейін мейрамханада тағамдарды алып келеді. Тапсырыс беруші қалауымен даяшы тағамдарды тәрелкеге салады,сусындарды құяды, яғни өызмет көрсетеді, орнатылған уақытта немесе шақыру бойынша ыдыстарды жинауға келгенше кетеді.

Қонақ үй нөмірлерінде мини-бар деп аталатын қосымша қызмет қолданылады. Room – servise қызметінде нөмірде мини барда қызмет көрсетумен айналысатын арнайы қызметкерлер бөлінген. Мини барды белгілі бір ассортиментті өнімдермен толтырумен супервайзер жүзеге асырылады. Әрбір қонақ үйде шарап картасы бар, ол танымал сусындардан тұрады, сонымен қатар майда қаптамадағы өнімдер; жаңғақтар, шоколад, түтікшелер ( тұзды және тәтті), печенье бар. Қонақ үйде тұратын қонақ алған өнімдерін арнайы есеп парағында белгілеп, қонақ үйден шығар кезде жалпы есепке енгізу үшін өткізеді.