Онақ үй қорының қызмет көрсету технологиясы және ұйымдастыру

Қонақ үй барлық бөлмелері төрт негізгі топқа бөлінеді: тұрғын, әкімшілік, қызмет көрсететін және қосалқы. Тұрғын бөлмелер бұл барлық категориялы нөмерлер және онымен тікелей байланысты тұрмыстық бөлмелер. Әкімшілік бөлмелерге холл немесе вестибюль оған қатысты бөлмелермен және коммуникациямен бірге, әкімшілік кабинеттерінен тұрады. Қызмет көрсететін бөлмелер қоғамдық тағайындалған және жалпы қолданыстағы бөлімшелер (сөйлесу, жүргізу бөлмелері, музыкалық салондар, кино концерт залы және т.б.) Қосалқы бөлмелер - шаруашылық және қойма бөлмелери (белевая, кір жуу бөлмесі, құрал саймандар бөлмесі, жөндеу бөлмесі , қойма және т.б.)

Бөлме құрамы қонақ үй типімен анықталады және тұрғындар үшін ыңғайлылықтың жоғары деңгейін құрумен реттеледі. Сондықтан бөлмелердің негізгі бөлігін тұрғын нөмерлері алады. Қонақ үй нөмерлері қонақтарды қабылдау, демалуға, ұйықтауға, жұмыс істеуге арналған жерлерден тұрады. Ыңғайлылық дәрежесі бойынша нөмір аспаптармен-үш бөлмеден тұрады: жататын бөлме, қонақ бөлмесі, кабинет. Мини-ас үй ас үй бөлмесі бар. Екі санитарлық бөлме бар, оның бірі қонақтарға арналған.

Люкс класс нөмері-екі бөлмеден тұрады (жататын бөлме жәіне қонақ бөлмесі) Жоғары сапалы гарнитуралық жихазбен халықаралық стандарттар талабына сәйкес жабдықталған.

Дубль- ннөмерлер-өзара ортақ есік арқылы бірігуі мүмкін екі нөмер

Стандартты нөмір- бір бөлмелі нөмір қонақ үй категориясына байланысты жабдықталады, және «Қонақ үйлердің жіктелуі» әрекеттегі стандарт талаптарына сәйкес келді.

Қонақ үйдің тұрғын тобының қосалқы бөлмелеріне вестибюль, дәліз, қабаттағы холлдарп мен қонақ бөлмелері.

Қонақ үй үздіусіз қызмет көрсетілетін кәсіпорын, сондықтан оған қатаң санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады. Категориясына тәуелсіз қонақ үй барлық бөлмелері сол сияқты қатысты территория тазалықта ұсталу керек.

Тазалау жұмыстарының келесі категорияларын ажыратады; қонақ үйге қатысты территорияны тазалау; орталық кіре беріс, холл және вестибюль бөлмелері тобын тазалау- баспалдақтар, дәліздер, қабаттағы холлдар, әкімшілік, қызмет және қосалқы бөлмелер; нөмерлік қорды тазалау.

Барлық тазалау жұмыстарын нөмерлік қордық қызмет көрсету қызметі жұмысшылармен жүзеге асады. Тазалау жұмыстарын орындау үшін персоналдық келесі категориялары бар: горничные,-тұрғын нөмерлерді жинауға арналған, дәліз, холл, баспалдақтар, вестибюльді тазалайтын жұмысшылар; өндірістік, қызметтік және техникалық бөлмелер тазалаушы; қатысты территорияны тазалаушы.

Тез және жоғары сапалы жүзеге асыру үшін қонақ үйде барлық санитарлық нормаларды қадағалап.

Жоғары білікті кәсіби дайындалған персонал, тазалау саймандары мен материялдары, заманауи тазалау машиналары мен механизмдері болу керек.

Тазалау тез жүргізілу керек, қабаттағы персонал қонақтар назарын аз аудару керек, тазалау саймандары мен құралдары жалпы қолданыстағы жерде қалмау керек, тазалау кезінде қызметкерлер басқа іспен айналысау керек. Осы принциптерді орындау қонақ үйде қызмет көрсету деңгейінің критерий болып табылады.

Тұрғын нөмерлерді тазалаудың келесі түрлері бар: алдын-ала тапсырылған бөлмелерді тазалау; қонақ кеткеннен кейін тазалау; күнделікті ағымды тазалау; аралық немесе экспресс-тазалау; генералды тазалау.

Алдын-ала тапсырылған нөмерлерді тазалау мақсаты нөмерді қонақ келуіне толық дайындау болып табылады. Барлық твазалау жұмыстары ішінде алдын-ала тапсырылған бөлмелерді тазалау ең алдымен жүргізіледі. Содан кейін ағымдағы күнделікті тазалау, қонақ кеткеннен кейін тазалау және тұрғындар сұрауы бойынша жүргізілетін экспресс-тазалау жүргізіледі.

Тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде персонал қонақ үй бөлмелерін санитарлық күтімі бойынша орнатылған талаптарды орындау керек. Бөлмелердің максималды тазалығын қамтамасыз ету үшін әр түрлі тазалау жұмыстарын жүргізу технологиясына сәйкес белгілі бір ретті қадағалау керек. Нөмерді жинау кезінде ең алдымен желдету керек. Үш бөлмелі нөмерді тазалау реті мынадай; алдымен жататын бөлме, содан кейін қонақ бөлме, кабинет, дәліз және санитарлық бөлме. Екі бөлмелі нөмерде ең алдымен жататын бөлме, содан кейін қонақ бөлмесі, кабинет, дәліз және санитарлық бөлмені жинайды.

Бір бөлмелі нөмерде ас үстелін жинаудан басталады. Ешнәрсе қалдырмау үшін тазалау ретпен сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы жүргізіледі. Тазалап болған соң техникалық құралдар, тұрмыстық аспаптар дұрыстығы тексеріледі.

Егер бұзылған жерлер айқындалса, ол туралы бас горничнаға немесе қабат бойынша кезекшіге хабарлайды.

Тұрғын бөлмелерде төсек жабдықтарын белгіленген уақытта горничнаяға немесе бас горничная ауыстырады. Әр қабатта жалпы қабаттағы орындардың 20% нөмерінде белье қоры болу керек, бұл ауыстыруды тәуліктің ке-келген уақытында жүзеге асуға мүмкіндік береді. Ең басты ереже төсек - орынды қонақ көзінше ауыстырмайды.

Тұрғын бөлмелерді генералды тазалау 7-10-14 күнде бір рет жүргізіледі. Тазалау құрал-саймандар, машиналар мен механизмдер қолданып жүогізіледі. Генералды тазалау жұмыстарына: қабырғаларды жуу; желдету торларын тазалау; драпировкаларды, матрастарды тазалау; терезелер мен есіктерді жуу жәнк тазалау; төбе, қабырға, вентиляциялық торларды механикалық тазалау; едендерді, кілем төсеніштерін, кілемдерді жуу; косметикалық жөндеу түсқағаздарды желімдеу, бояу; перделерді мехпникалық тазалау; гардиналарды жуу; жарық құралдарын жуу жатады.

Экспресс- тазалау тұрғын сұрауы бойынша жүргізіледі және қосымша тазалау түрлерінен тұрады- ыдыстарды жинау және жуу, нөмерден қоқыс шығару, төсек-орынды ауыстыру, ваннаны дайындау, еден жуу.

Жалпы қолданыстығы орындарда (вестибюль, холл, дәліз, әкімшілікғ қызмет және қосалқы бөлмелер, демалыс және массалық шаралар жүргізу жері) келушілер ағыны көп болады. Сондықтан ондай жерлер ерте таңертеңгі сағатта, аса кеш немесе түнде жиналады. Жалпы қолданыстағы орындарды тазалау жұмыстарына; еденді механикалық жуу; еденді жуғыш заттармен жуу; есік терезе, жабдықтардың металл бөліктерін арнайы заттармен сүрту; терезе , есік, торларды тазалау; қоқыс шығару; күлсалғыштарды жуу; шаң сүрту және жихазды өңдеу жатады.