Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

Изотонды ерітінділер. Изотонды концентрацияларды есептеудің тәсілдері.Шаншуға арналған ерітінділердің ішінде изотондық ерітінділер ерекше топ құрайды, яғни бұл ерітінділердің осмостық қысымы ағза сұйықтықтары: қан плазмасы, жас сұйықтығы, лимфа және т.б. осмостық қысымына тең болады. Бұл сұйықтықтардың осмостық қысымы бір қалыпта, 7,4 атм деңгейде болады. Осмостық қысымы төмен ерітінділер гипотонды, ал жоғары - гипертонды деп аталады. Осмостық қысымы жоғары (гипертонды) ерітіндіні қанға енгізген кезде, эритроциттер ішіндегі және оларды қоршаған плазманың осмостық қысымдардың айырмашылығы нәтижесінде, осмостық қысымдарды теңестүруге әкелетін эритроциттерде су қозғалысы басталады. Бұл кезде эритроциттер суынан айырылып, жыйырылады, бұл құбылыс-плазмолиз деп аталады. Егер гипотоникалық ерітінді енгізілсе, сұйықтық жасуша ішіне кіреді де, эритроцит ісініп, клетка қабырғасы жарылып, ал клетка - өлуі немесе жойылуы мүмкін, бұл құбылыс - гемолиз деп аталады. Осы айтылған осмостық ауытқуларды болдырмау үшін, шаншуға арналған еритінділердің осмостық қысымын ағзаның биологиялық сұйықтығының осмостық қысымына жеткізу үшін изотондау қажеттігі туады. Бұл ерітінділерді - изотондық деп атайды. (грек сөзі іsotonos - напряжение - кернеу).

Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын әртүрлі тәсілдермен есептеуге болады:

- Вант-Гофф заңын қолдану арқылы;

- крископиялық әдіспен (Рауль заңы);

- дәрілік заттардың натрий хлориды бойынша эквиваленттерін қолдану арқылы.

Вант-Гофф заңы бойынша изотондық концентрацияны есептеу.Вант-Гофф заңы бойынша еріген заттар газдар сияқты қозғалыста болғандықтан, оларға газ заңдарын қолдануға болады. Диссоцияға ұшырамайтын кез келген заттың 1 грамм - молекуласы 00С және қысымы 10,13х104 н/м2 (760 мм сынап бағанасы) сулы ерітінде дәлме-дәл 1 грамм - молекула газ тәрізді (Авогадро және Жерар заңы бойынша) 22,4 л көлемде орын алады. Басқаша айтқанда, 1 грамм - моль диссоциаланбаған еріген заты бар, көлемі 22,4 л болатын ерітіндінің 00С осмостық қысымы 9,8х104 н/м2 тең.

Изотондық концентрацияны криоскопиялық әдіспен (Рауль заңы бойынша) есептеу.Изотондық концентрацияны криоскопиялық әдіспен есептеу, изотонды ерітінділердің қату температурасының депрессиясы, қан сарысуының депрессияна тең болуына негізделген. ќан сарысуының депрессиясы 0,520 тең. Есептеу үшін дәрілік заттардың 1 % ерітінділерінің депрессияның констанциясын білу қажет. Изотондық концентрацияны есептеудің бұл тәсілі изотондық ерітінділердің бірдей температурада қатуына негізделген, қарапайым дәл және қолайлы әдіс, бірақ ол депрессия константы белгілі дәрілік заттарға ғана қолданылуы мүмкін. Дәрілік препараттардың ерітінділерінің қату нүктесінің депрессия мәндері анықтама кестелерінде берілген.

1% ерітіндінің депрессиясын біле отырып дәрілік заттардың кез келген көлемі үшін изотондық концентрациясын келесі формуламен анықтауға болады:

m = , мұндағы

m - зат мөлшері, г;

V - ерітінді көлемі, мл;

Dt - 1% ерітіндінің депрессиясы;

0,520 - қан сарысуының депрессиясы.