Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

 

Көз жағар майлары - Unquenta ophthalmіcaе (oculenta).Көз жағар майлары көз конъюнктивасына жағуға белгіленеді. Көздің конъюнктиві өте нәзік қабық, сондықтан көз жағар майларын бөлек топқа жатқызады және оларға келесі талаптар қойылады:

- көз конъюнктивін жарақаттайтын, өткір ұштары бар қатты бөлшектер болмауы;

- ылғал кілегей қабатта жеңіл және өз бетінше таралуы қажет;

- жағар майдың рН мәні көз жасы сұйықтығының рН мәніне сай болуы, басқа жағдайда жас ағып, дәрі тез жуылып кетеді;

- көз жағар майлары өте жоғары сапалы негізде дайындалуы және қатты фазасы өте майда дисперсиялы болуы керек.

Көз жағар майларында негіз ретінде «көз жағар майы үшінң сортындағы вазелин және әр түрлі қатынастағы вазелин мен ланолин балқымасы қолданылады. Егер жазылымда негіз көрсетілмесе, онда МФ ХІ басылымы «Жағар майларң мақаласына сәйкес 10 бөлік сусыз ланолин мен 90 бөлік вазелин балқымасы қолданылады. Қоспаны балқытып, фильтрлейді, содан соң стерильденген құрғақ банкіге салып, пергамент қағазбен жауып, кептіргіш шкафтарда 180ӘС 30 минут немесе 200ӘС 15 минут стерильдейді. Дайын негіз жарықтан қорғалған жерде 25ӘС температурада 2 тәулік немесе 3-5ӘС 30 тәуліктей сақталады.

Егер көз жағар майына арналған вазелин болмаса, онда кәдімгі вазелинді арнайы өңдеуден, тазалаудан өткізеді. Ол үшін вазелинді эмаль ыдысқа салып 2% активтелген көмір қосып, үнемі араластыра отырып 150ӘС 1 сағат қыздырады. Қабатты фильтр арқылы стерильденген вазелинді тығындап жабылатын ыдысқа фильтрлейді. Көз жағар майы негізі ретінде физиологиялық индифферентті гидрофильді негіздер де: метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы қолданылады.

Көз жағар майы асептикалық жағдайда дайындалады. Барлық көмекші материалдар алдын-ала стерильденген болуы керек.

Дәрілік заттар негізге дерматологиялық жағар майлардағы секілді жалпы ережелер бойынша енгізіледі. Суда еритін заттарды алдын-ала стерильді суда ерітеді. Мырыш сульфаты, резорцин, пирогаллол көз жағар майы дерматологиялық жағар майлардан өзгешілігі құрымына, сулы ерітінді түрінде енгізіледі. Суда және негізде ерімейтін дәрілік заттарды қосымша сұйықтықпен мұқият ысқылап, майда ұнтақ (суспензия) түрінде негізге енгізіледі.

Көз жағар майларын тығыз жабылатын стерильді шыны немесе фарфор банкілерде босатады. Жағар май қолдану кезінде ластанбауы үшін, оны стерильді қалақшамен бірге босатқан орынды. Көз жағар майларының бұралатын қақпағы бар тубаларда босатқан ыңғайлы.

Асептикалық жағдай сақталып және стерильді тубаларға салынған көз жағар майлары, микробтық контаминацияға (1 г 100 микроб клеткалары) ұшырайды. Бірақ үнемі қолданғанда көз жағар майы микробтармен ластануы мүмкін. Сондықтан жағар майларға көз тамшылары сияқты консерванттар қолдану орынды. Бұл мақсатта бензалконий хлориды 1:1000, нипагин және нипазолдың қоспасы нипагин 0,12%, нипазол 0,02%, сорбин қышқылы (0,1 - 0,2%) және басқа медицинада қолдануға рұқсат етілген консерванттар ұсынылған.

Көз жағар майының рецептурасы әр түрлі. Негізінен бұл екі фазалы және одан көп күрделі дисперсті жүйе. Құрамында антибиотиктер, сульфаниламидтер бар, сынап тотығымен көз жағар майлары жиі кездеседі. Қолдану мақсаты әр түрлі (дезинфекциялау, ауырусыздандыру, көз қарашығын ұлғайту және кішірейту, көз іші қысымын төмендету) болады.

Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын жетілдірудің негізгі бағыттары.Көз тамшылары мен көзге арналған ерітінділердің сапасын қамтамасыз ету құралдары мен тәсілдерінің қазіргі кездегі көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Сапа көрсеткіштері Қамтамасыз ететін тәсілдері және құралдары
Стерильділік (орауышты ашқанға дейінгі) Асептикалық жағдайда дайындау, стерильдеу
Микроорганизмдерге тұрақтылығы (орауышты ашқаннан кейін) Ерітінділер құрамына консерванттар енгізу
Химиялық тұрақтылық Ерітінді құрамына буферлі еріткіштер, антиоксиданттар және басқа тұрақтанғыштар енгізу
Комфорттылығы (көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және рН мәні көз жасы сұйықтығына сәйкес келуі) Ерітінді құрамына изотондаушы заттар, буферлі еріткіштер енгізу
Әсерін ұзарту Ерітінділер құрамына пролонгаторлар енгізу
Механикалық қоспаның болмауы Фильтрлеу
Рационалды орауыш Тамызғыш –флакондар

Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын жетілдіруді келесі бағыттармен дамытқан ұтымды:

- көз тамшыларын фильтрлеу, дозалау, орамдау, стерильдеу үшін ықшамды, жоғары өнімді, қолданғанда сенімді және қарапайым қондырғылар мен аппараттарды дамыту;

- жаңа жетілген қосымша заттарды биоадекватты табиғи полимер коллаген, полисахарид аубазидан, карбопол және басқа қосымша заттарды консервант, тұрақтандырғыш, буферлі еріткіштер, пролонгаторлар ретінде қолдану;

- көз тамшылары мен ерітінділерінің сапасын бағалауда, әсіресе, олардың стерильділігін тексергенде адекватты экспресс бақылау әдістерін жете зерттеу;

- көз тамшыларын, ерітінділерін, жағар майларын радикалды жетілдіру, оларды бір рет қолданылатын орауыштағы дайын дәрілік құралдар ретінде шығару.