Изотонды концентрацияларды натрий хлоридінің эквиваленті бойынша есептеу

Дәрілік заттың натрий хлориді бойынша изотондық эквиваленті 1 гр берілген дәрілік зат тудырған осмостық қысымымен бірдей осмостық қысым тудыратын натрий хлоридының мөлшерін көрсетеді.

Мысалы: 1 гр сусыз глюкозаның осмостық эффектісі бойынша 0,178 натрий хлоридына эквивалентті. Бұл, 1 гр сусыз глюкоза және 0,178 гр натрий хлориды сулы ерітінділердің бірдей көлемдерін изотондайды дегенді білдіреді. МФ Х басылымына көптеген заттардың натрий хлориды бойынша изотондық эквиваленті анықтамалық кестелерде берілген.

Физиологиялық, қан алмастырушы, шокқа қарсы шаншуға арналған ерітінділер.Физиологиялық және қан алмастырушы, шокқа қарсы ерітінділер шаншуға арналған ерітінділердің ішіндегі ең күрделі тобына жатады. Еріген заттардың құрамы бойынша клеткалар мен мүшелердің өмір сүру қабілетін бір қалыпта ұстап, ағзадағы физиологиялық тепе-теңдікті өзгертпейтін ерітінділерді физиологиялық ерітінділер деп айтады. Қасиеті бойынша адам қанының плазмасына максималды жақын ерітінділер қан алмастырушы ерітінділер (сұйықтықтар) немесе қан алмастырғыштар деп аталады. Физиологиялық ерітінділер және қан алмастырғыштар изотонды, ерітіндінің осмостық қысымы ағза сұйықтықтарының осмостық қысымына тең болады; изоионды, яғни қан сарысуына сәйкес мөлшерде немесе қатынаста калий хлориды, натрий хлориды, кальций хлориды және магний хлориды тұздарының болуы; изогидрлі, яғни ерітіндінің рН мәні қан плазмасының рН мәніне тең (қан рН = 7,36) және бір қалыпта болуы керек. Қанда бұл тұрақтылық табиғи буферлер - карбонатты және фосфатты, ақ уызды жүйелер арқылы бірқалыпта ұсталып тұрады. Бұл қан плазмасының табиғи жүйелері сутекті және гидроксильді иондарды тығыз ұстап тұрады, сондықтан ортаның рН - мәнін өзгерту оңай емес. Сонымен қатар бұл ерітінділердің белгілі иондық күші болуы керек, ол ерітіндегі заттардың ерекшелігіне (қышқыл немесе сілті) байланысты. Ерітінділердің иондық күші дәрілік заттардың қаннан ұлпаға сіңірілуіне әсер етеді.

Ерітінділердің тұтқырлығы дәрілік заттардың ағзадан босап шығу жылдамдығына әсер етеді. Ағзаға енгізілетін ерітінділердің тұтқырлығы қан тұтқырлығына сәйкес келуі керек. Ерітінділердің тұтқырлығын арттыру үшін, олардың құрамына био-еритін полимерлер (синкол, декстрин және т.б.) енгізіледі.

Бұл талаптарға тұзды - сулы және сілтілі - қышқылды ерітінділер жауап береді, сондықтан олар көп мөлшерде (тәулігіне 1,5 - 2 л) енгізіледі.

Осыған байланысты физиологиялық ерітінділерді, қан алмастырғыштарды дайындаған кезде, олардың құрамына ұқсас реттегіштер қосады. Бұл ерітінділерге барлық басқа шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптар: стерильділік, тұрақтылық, апирогендік, механикалық қоспадан тазалығы қойылады.

Қазіргі кезде қан алмастырғыштарды 6 топқа бөлетін жіктелу ұсынылған: (БМЭ 1980)

1) Су-тұз және қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті реттеуші ерітінділер (натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер-Локк, лактасоль, ацесоль, дисоль, трисоль, хлосоль, квартасоль және т.б.);

2) Гемодинамикалық ерітінділер (шокқа қарсы қан алмастырғыштар, полиглюкин, реополиглюкин, желатиноль, декстран)

3) Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар (гемодез, полидез)

4) Парентеральды қоректендіруге арналған препараттар (гидролизин, аминопептид, полиамин)

5) Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар

6) Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар

Дәріхана жағдайында бірінші топқа жататын тұзды қан алмастырғыш ерітінділер дайындалады.

Натрий гидрокарбонатының 3 %, 5%, 7% концентрациядағы шаншуға арналған ерітінділері медициналық іс-тәжірибеде кеңінен қолданылады. Оларды дайындау кезіндегі қиыншылықтардың бірі мөлдір ерітінділер алу болып табылады. Ерітінділердің лайлануы, опалесценция, тіпті тұнбаның пайда болуы, әдеттегідей жылумен стерильденгеннен соң жүреді. Мұның себебі - ерітінділерді қыздырған кезде натрий гидрокарбонатының гидролиз өнімдері мен препарат және ерітінділерді құятын флакондар шыныларының құрамындағы ерімейтін қоспалар арасындағы күрделі әрекеттесулер болып табылады.

1. Сондықтан натрий гидрокарбонатының ерітіндісін дайындау үшін, ГОСТ 4201 - 79 бойынша реактив ретінде шығарылатын “химиялық таза” және “талдау үшін таза” квалификациялы натрий гидрокарбонатын қолдану қажет. “Шаншу үшін жарамды” квалификациялы натрий гидрокарбонаты құрамында кальций, магний қоспалары болғандықтан қолдануға болмайды, трилон Б тұрақтандырғышын қосуды талап етеді.

2. Натрий гидрокарбонатының потенциалды тұрақсыздығына байланысты оны ерітуді мүмкіндігінше төмен температурада (15-200С), қатты шайқамай ерітіп және процесті жабық құтыда жүргізген жөн.

3. Натрий гидрокарбонатының ерітіндісін фильтрлегеннен соң бейтарап шынылы флакондарға құйып, резина тығындармен герметикалы тығындап, сыртын металл қалпақшалармен бекітеді. Сонан соң ерітіндіні қаныққан бумен 1200С 8-15 мин. стерильденетін сұйықтықтың көлеміне байланысты стерильдейді.

4. Стерильдеу кезінде көмір қышқылының бөлінуіне байланысты флакондар жарылмауы үшін, оларды ерітіндімен 80% көлемде толтыру керек.

5. Стерилизациялық камерада қысым нөлге жеткенде, стерилизаторды 20-30 мин демалдыру қажет.

6. Ерітіндіні толық салқындаған соң, яғни 2 сағаттаң соң, ерітінді үстіндегі көмір қышқылын еріту үшін бірнеше рет құтыны араластырып қолданады.

ІІ. Гемодинамикалық ерітінділер. Шокқа қарсы ерітінділер.Шокқа қарсы ерітінділер - қан алмастырғыш ерітінділер мен (шок) естентану кезінде артериялық қысымды жоғарылататын, орталық вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін реттейтін, қан және ұлпалардың химизімін қалыпқа келтіретін әртүрлі дәрілік заттардың қоспасы болып табылады. Шокқа қарсы сұйықтықтарды үш топқа бөлуге болады:

- құрамында глюкоза, алкоголь, тұздар бар қарапайым шокқа қарсы ерітінділер;

- құрамында глюкоза, алкоголь, бромидтер, наркотиктер бар күрделі шокқа қарсы ерітінділер;

- құрамында глюкоза, алкоголь, бромидтер, наркотиктер және қан плазмасы бар күрделі шокқа қарсы ерітінділер.

ІІІ. Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар. Гемодез. Су-тұзды ерітінді, құрамында 6 % төмен молекулалы поливинилпирролидон - ПВП бар.

Құрамы: ПВП (м.м. 10000-15000) 60,0

Натрий хлориды 5,5

Калий хлориды 0,42

Кальций хлориды 0,5

Магний хлориды 0,005

Натрий гидрокарбонаты 0,23

Шаншуға арналған су 1000 мл-ге дейін

 

Судың жарты мөлшерінде тұздарды кезекпен ерітеді. 400 мл суда ПВП ерітіп, екі ерітіндіні біріктіреді де, көлемін 1000 мл-ге дейін сумен жеткізеді. Сиымдылығы 100, 250 немесе 400 мл флакондарға бөліп құяды. Герметикалық тығындап, стерильдейді.

Дизентерия, диспепсия, сальмонеллез, сепсис, тамақпен улану сияқты асқазан ішек ауруларының жедел токсинді түрлерінде ағзаны дезинтоксикациялау үшін қолданады.

Полидез. Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісіндегі төмен молекулалық поливинил спиртінің 3 % ерітіндісі. Түссіз немесе ашық сарғыш-жасыл ренді мөлдір немесе жеңіл опалесценцииялаушы сұйықтық. Сақтау мерзімі 1 жыл. Дезинтоксикациялық дәрі ретінде қолданылады. Әсер ету механизмі бойынша гемодезге жақын.

ІV. Парентералды қоректендіру үшін арналған препараттар.Бір қатар патологиялық жағдайларда (өңештің өткізбеушілігі, ішектен сіңірілудің бұзылуы, ауыр интоксикациялар және т.б.), асқазанға және ішекке операция жасаған кездерде, ағзаның ақуыздық қоректенуін қамтамасыз ететін препараттарды парентеральды енгізу қажет болады. Осы мақсаттарда ақ уыздық гидролизаттар қолданылады. Оларды енгізу ағзадағы азоттық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Көбіне жиірек гидролизин, гидролизат, казеин, аминопептид, аминокровин, протеин қолданылады. Ақ уыздық гидролиз заттар тері астына, бұлшық етке, қан тамырына және сүйекке қажет болған жағдайда күніне 2 л-ге дейін енгізіледі.

V. Оттегі тасымалдау қасиеті бар, қан алмастырғыштар.Физиологиялық ерітінділердің құрамына (натрий хлоридінің 0,9 % изотондық ерітіндісіне, глюкоза 40 % ерітіндісіне) ІІ валенттік темірдің (ќе2+) иондары бар препараттар молекулалары, феррум лек қосылады. Темір гемоглобиннің, мегоглобиннің құрамына кіреді, қайтымды байланысқан түрде оттегімен байланысып, бірқатар шыны - тотықсыздану реакцияларының жүруіне қатысады.

VІ. Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар.Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар науқасқа енгізер алдында жоғарыда көрсетілген ерітінідлерді, науқастың көрсеткіштері бойынша құрастырылады.

Осымен - асептикалық жағдай жасау жөнінде, препараттарды және қосымша материалдарды дайындауды толығымен қарастырдық. Шаншуға арналған ерітінділерді алудың әр сатысында жеке тоқталдық. Жеке технологиясын қарастырдық.

Шаншуға арналған дәрілік түрлерді жетілдіру.Шаншуға арналған дәрілік түрлерді жетілдіру оларға қойылатын талаптарға сәйкес барлық бағыттарда жүргізіледі:

- бұл - приборларды, аппараттарды, кіші механикалық құралдарын енгізу: дистилляторлар, шаншуға арналған суды жинағыштар, өлшегіштер, араластырғыштар, фильтрлеу аппараттары, шаншуға арналған ерітінділердің сапасын бақылауға арналған қондырғылар және т.б.;

- тұрақтандырғыштар ассортиментін көбейту;

- жаңа физико-химиялық талдау әдістерін енгізу;

- жаңа орамдау және тығындау материалдарын енгізу;

- арнайы дәріханалар ашу.