Адамаралық қатынас түрлері мен ортақтасу формалары

Қарым-қатынас психологиясында біз адамаарлық қатынас туралы мәселеге түсінік береміз. Адамаралық қатынас дегеніміз- қарпаймы да күрделі мәселе. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасуымыз мүмкін емес.

Психология ғылымында адам арасындағы қатынастардың төмендегідей түрлерін бөледі:

жеке және қызметтік;

дара және топтық;

тең құқықты және тәуелді;

қарама-қарсылықты және дау-дамайлы.

Жеке қатынастар- екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес.

Қызметтік қатынастар- әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқығы мен міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар дара қатынастар атанып, ал, ара қатынастар тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар-қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой көтереді.

Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалдықатынастар өрбиді.

Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс- бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни, кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастардан шеткерліп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді.

Қарым-қатынас психологиясында адамаралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоциялы болуы. Адамдар қарым-қатынасқа түсе отырып, айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді.

Кей жағдайда адам бір ортада бола отырып, бір-біріне ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни, өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндай да олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Адам аралық қатынастардың ерекше бір түрі- бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі, бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипаттағы байланыстар да болады. Мұндайда психологияда альтруистік қатынасдеп аталады. Альтруист адамның барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда жәрдем етуге бағытталады.

Ортақтасу- қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымдарының бірі. Қазақстандық ғалым А. Құдиярова ортақтасудың моделін төмендегіше ұсынады:

Ортақтасу моделі

 

Субъект-1 ----------------------------------------------------------------- Субъект- 2

 

3- сурет. Ортақтасу моделі

Ортақтасу формалары:

Тікелей ортақтасу- табиғи бет-перде, сөздік және бейсөздік (ым-ишара, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

Жанама ортақтасу- қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кеішіктіретін жазу мен техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.

Тұлғааралық ортақтасу- екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактілері. Тұлғаралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Бұқаралық ортақтасу- бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контактілері. Мәселен, стадионда, театрда, шеру- бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар- жанама ортақтасу.

Персонааралық ортақтасу- ортақ іс-әрекет процесінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).

Рөлдік ортақтасу- белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары. Мәселен, оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы- алушы, дәрігер-ауру. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда з орнын табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады.