Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінісуі

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөніндегі топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез-бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі «Ат кісінескенше, адам сөйлескенше» дегендей әңгімелесу барсында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.

Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адам жөнінде танып-біліп, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделеріміз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз. Сонымен қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз.

Адамның эмоциялық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз.

Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет – қылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.. Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінез жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршен, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды: астеник адамдар –көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер – ұастамсыз, дүлей келеді.

Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрі неді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз.

Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты келеді де, көбіне айыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады.

Кейде кездейсок ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет – қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекет – қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністері.

Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылджауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болссақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С. Немов). Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады.

Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңында қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарыс құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріселі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.

Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейнгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі.

Психологиялық бейне жасауда ең қүрделі де маңызды тәсіл-жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді.

Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.

Субъектив қателік мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғанымен естігеніне сеніп қалады, ал, көз бен құлақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағдайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымез, көңіл шарпуымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді.

Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүмкін.

Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі.

Қателіктің бір тобы- жалған қарапайымдылықтанкеліп шығады. Мұндай қателік өзін-өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады.

Коммуникативтік құзіреттілік – басқа адамдармен қажетті байланыста болу қабіблеттілігі. Тиімді байланысқа әріптестердің өзара түсінушілігі жағдайда жақсы түсіну және қатынас құрамын білу.

Нашар байланыс себептері.

А) Стереотиптер – жеке тұлғалар мен жағдайлардың жеңіл пікірлері, нәтижесінде ададмдар дұрыс түсіну, жағдайды жүйелі сараптау жоқ.

Б) Түсініксіз елестету – жеке түсінігіне қайшы келетін нәрсенің барлығы.

В) Адамдар арасындағы нашар қарым-қатынас, егер адамның қарым-қатынасы нашар болса, өзіңіздің көзқарасыңыздың дұрыстығына оның көзін жеткізу қиын.

Г) Әңгімелесушінің қызығушылығы мен назарының болмауы, адам ақпарат мазмұнын өзіне маңыздылығын түсінген кезде қызығушылық пайда болады. Е) Фактілерді елемеу, яғни жеткіліксіз фактілер болмай-ақ қорытынды жасау әдеті.

Д) Пікір жасау барысында қате жіберу. Дұрыс сөздер қолданбай хабарламаны қиындату.

Ашық қатынас - өз пікіріне толық жету мүмкіндігі. Жабық қатынас - өз пікіріне түсінікті етіп жеткізуді білмеу немесе қаламау. Жабық байланыс мына жағдайда орындалады:

Заттай байланыста айырмашылық болса,

Даулы жағдайда қарсыласына өз сезімін жоспарларын ашып айту мағынасыз «Бір жақты сұрап алу» - адам өзге адамның пікірін анықтауға, бірақ өз ойын ашып айтпауға тырысатын жартылай байланыс.

Лекция