Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

Жаратылыстану факультеті

 

«Экология және химия» кафедрасы

 

 

«ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ

(ТЕЗИСТЕРІ)

 

(барлық мамандықтары үшін)

 

 

Түркістан 2014

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

 

Лекция. Тақырыбы:Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер.

Жоспары:

1.1. Курстың мазмұны.

1.2. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

1.3 Ұйымдардың табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері.

 

Мақсаты: Студенттерге «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.

Курстың мазмұны. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.

Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет.Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.