Радиациялық және химиялық барлау.

Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:

· зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

· халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

· жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

· дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады.

Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.

Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді

Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары.Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды ( ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Құтқарушылардың радиоактивті ластанған жерлерде болуы арнайы шамалармен есептелген кестелер арқылы жүргізіледі.

Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл кезде құрал жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10-15) болуы керек. Топырақтың, судың, құылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі.

Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

· қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;

· радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 );

· химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;

· залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;

· радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;

· радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;

· халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру:

Радиациялық қауіпті объекті – ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін.

Радиациялық апат- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсермен, радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөшерімен бағаланады.

Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:

· радиоактивті заттардың табиғи ыдаруы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

· метеорологииялық және климаттық факторлар;

· аварияның салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шаралары.

Авариядан кейінгі бастапқы кезеңінде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырататын қысқа мерзімімен радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармай шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті көму өндірісін тоқтауға алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс тығыздығымен сипатталады және аудан бірлігіне орай радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

«Баршаның назарына» ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұратын барлық ескерту шараларын тез, саспай, мұқият орындау қажет.

Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау:

· тұрғын үймен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау:

· жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

· қорғаныс ғимараттарын пайдалану;

· қозғалысты шектеу;

· Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;

· йодтың немесе калий йодының 3-5 проценттік пайдаланып, и»одтық сақтандыру жүргізу;

· суды, азық-түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау;

· ықтимал көшуге даярлау:

Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету.

Тұрғылықты жерде ластану деңгейі нормадан асатын болса, алайда қауіпті шектен аспаса өзін-өзі ұстаудың арнайы режимі сақталады. Шаңды болдырмау, жеке шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді сақтандыру, радиоактивті заттардың азық түлікпен және сумен организмге өтуінен сақтандыру шаралары өткізіледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

2. Қорғаныс ғимараттарының маңызы қандай?

3. Қорғану жолдары.

4. Жарықты сәулелену.

5. Өткір радиация.

6. Радиоактивтік лстану.

7. Электрлік импульс.

8. Табиғи радиоактивтілік.

9. Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа аппараттардағы болатын зардаптар.