Сері күшті улы заттар (ӘКУЗ).

ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адмдардың жаппай улануыа алып клуі мүмкін.

ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағанан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.

ӘКУЗ – қайнайды және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті обьектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ – дың пайдаланатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен демлу нәтижесінде болуы мүмкін.

Химиялық қауіпті обьектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:

-улы заттардың тарағандығы туралы хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек.

-жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады.

Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіптерді мүлтіксіз сақтау қажет:

-жүгірмей және шаңдатпай тез жүру,

-төтенше жағдай ұйымдарының өкілінің бұйрығына дейін қорғаныс құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырлыады, батпақтарды, тонелбдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту,

-зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетінше қозғалмайтын қарттар мен балларға қажетті көмек беру.

ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілітін немесе істелінетін іс-әрекеттер;

Хлор –төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу қажет.

а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз,

ә) егер сіз көшеде (далада) болсаңыз биіктеу жерге шығыңыз.

Аммиактөгілген кезде (ол ауаудан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төменгі жерлерді таңдау қажет (жертөле).

Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты тез қымтаңыз;

- есік пен терезені жақсылап қымтаңыз,

-ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.

Егер дабыл сіз көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағынан шығып, желге қаосы жүріңіз.

Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқ улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.

Аммиак сумен жақсы жайылады (сулнған мақта, дәкі таңғышы көмектеседі).

Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак төгілген кезде) ерітіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз.

Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.

Халықты ӘКУЗ – мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бұлт жақындағанға дейін жүргізіледі.

Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк тұнбасын, кальциленген соданың ерітіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті құяды (шамамен 2 л, ертіндіге 1 кг хлор) суды немесе ерітіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай стансаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі грант гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады.

Аммиак көп төгілсе, жайылған сұйықты топырақпен қоршайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ерітіндісін себеді, сумен шяды.

Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай стансаларының сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидранттың көмегімен буды жұту үшін суды шашыратады.

Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалану болады. Оларды дайындау жолдар ол үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. (Бастауыш сынып оқушылырына көлемі 80-40 см). Ортасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20см) 1-25см мата қабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды.дәкенің ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды.

Таңғыш ауызбен мұрынға қойылады. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жорға жағының құлақ үсті арқылы желкеде болатындай етіп байлайды. Таңғыш пен беттің арасындағы саңылауларды мақтамен тығыздайды.

Апаттың осы түрі болғанда адамдар қандай қимыл жасауы керек:

Химиялық қауіп немесе улы заттардың тарағаны туралы қалалық Азаматтық қорғаныс штабынан хабар түседі. Хабарды естісімен, пртивогаз кию керек, ол болмаған жағдайда, жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауып, тез арада жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек.. егер үйде не жұмыста болсаңыз, сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығындап, үйге улы тзат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жай улы газдар апаты болғанда үйдің төменгі және жер асты қабатын паналамауға тырысыңыз, себебі тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменгше жиналады.

Төтенше жағдай соғыс қақтығысуларынанда болуы мүмкін.

Олардың әсерінен элктр жүйелері, су, жылу құбырлары бұзылады. өндіріс орындары жұмысын тоқтатады, адам шығыны болады, осыдан оларды құтқару қажеттігі келіп туады. Бұндай апаттың зардабын жою немесе бәсеңдету үшін Азаматтық қорғаныс күштерін іске қосуға тура келеді.

Төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында істелетін жұмыстар:

- Күнделікті жүріп жатқан жұмысты, оқуды өндіріс заттарын өндіруді халыққа түрлі қызмет көрсетуді тоқтатпау.

- Кенеттен болатын жұмыстардың сипатына, көлеміне қарай дереу шара қолдану керек.

- Байланыс жұмысын үзбеуге, тиісті мәліметті дер кезінде түсуін қамтамасыз еткен жөн.

- Апат болған ауданға барар жолдың ашылуына көңіл аудару қажет.

- Апаттың қоршаған ортаға тигізген зардабының сипатын және көлемін барлап, анықтау керек.

- Апат болған жағдайда адамдардың арсындағы қарым-қатынасты зерттеп, қоғамдық тәртіпке сақтауға көңіл бөлу.

- әр түрлі мекемелердің өзара қарым-қатынасын үбеуін, байланыстарын ұйымдастыру.

- Жоғарыда айтылған жоспарларды қызметкерлерге алдын-ала ескертіп, таныстыру қажет.