Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар

Қазіргі кезде көптеген шаруашылық және ғылым салалары радиактивті заттар мен жедел сәулесінің көздерін пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат болған жағдайда мекендеген жай радиактивті ластануға және адамдар сәулеленуге душар болар. Локальді апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілердегі қондырғылардың істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген нормадан аспай байқалады. Жергілікті апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығу арқасында санитарлық қорғау аумағында белгіленген нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл радиактивті заттар мен жедел сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі қондырғылардың істен шығуының арқасында санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде белгіленген нормадан артық мөлшерде байқалуы.

Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге: атом станциялары, ядролық отын дайындайтын өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды көму және өндеу орындары, ядролық реакторы бар ғылыми және жобалау институттары, ядролық энергетикалық қондырғылары бар көліктер жатады.

Жедел сәуле көздері

Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер кіреді. Техногендік сипаттағы жедел сәуле көздеріне жататындар:

- медициналық апаттар. Бұлар техногендік сәуленің 50% құрайды;

- ядролық отын комплексіндегі өндіріс орындар;

- ядролық қаруды сынақтан өткізу.

 

Рт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар

Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш,көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді(А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.

Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.

Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.

Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.