Лекция. Тақырыбы:Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік обьектілердегі апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау.

Жоспары: 1. Гидрологиялық төтенше жағдайлар

2 . Геологиялық қауіпті құбылыстар

3. Адамдардың инфекциялық науқастығы

4. Өрттің жалпы сипаттамасы.

Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Гидрогеологиялық сиппаттағы төтенше жағдайға: су тасқыны, сел, қар көшкіні жатады. Бұл төтенше жағдайға теңіздерде кездетін гидрогеологиялық құбылыстарды да жатқызуға болады. Олар цунами т.б.

Су тасқыны

Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. 2002 жылы болған глобалды күннің жылынуы және нөсер жаңбыр Еуропалық елдерін су алып кетуіне әкеліп соқты. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.

Цунами –су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын. Толқынның биіктігі цунами басталған жерде 0,1-5м болса жағада -10м, ал клин тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде -50м-ге дейін жетеді. Цунами көп жағдайларда Тынық және Атлантикалық мұхитта болып тұрады. Цунамиден сенімді қорғау жоқ. Қорғаудың сейсмикалық органдарға толқынның жақындап келе жатқанын дер кезінде хабарлау.

Су басу

Су басу - өзеннің, көлдің және теңіздің суының деңгейінің көтерілуіне байланысты құрғақ жердің көп бөлігін су алып кетеді. Көптеген су басудың себептері де нөсерлі жаңбырдың жаууы, қар мен мұздардың үздіксіз еруіде жатады.

Судың көтерілуінен болатын су басу Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Оңтүстік Қазақстанда мұндай жағдай ақпан-наурыз, ал оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілде айларында болады. Су басу елді мекендерге үлкен нұқсан адам мен көптеген материялдық шығындар әкелуде.

Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т.б. жатады.

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.

Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.

Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентрдеп атайды.

1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У.Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды

Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:

- сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;

- сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау жене салу;

- халықтың сейсмикалық білімін арттыру;

- хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

- жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау;

Вулкан атқылауы

Дүние жүзіне 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жүріп жатқанынан болады.

Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.

Магма (грек тілінде – қою мазь) – жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.

Вулкан – бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.

Вулкандар – атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.

Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.

Сөнген вулкан – бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.

Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады.

 

Опырмалар

Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс.

Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:

- топырақтың сусыздануына және құрғауына;

- өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен (вида насождении);

- өсімдік қабатының құрып кетуінен;

- желденуінен;

Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады.

Опырмалар қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүмкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар тіктігі 20 градусқа жуық жарларда жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Ірі ойырмалардың көлемі 50-60 га дейін жетеді.

Ар көшкіні

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әр түрлі көшкіндер болып тұрады, ол орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршыкм тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырауда.

Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын – шашын наурыз – сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.

Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қарұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс - әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.

 

Сел

Сел – тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауынның салдарынан, мұз бен қардың еруінен және жер сілкінісі әсерінен болатын құбылыс.

Қазақстанда Іле, Жоңғар, Талас, Алатау жоталарында, сонымен қатар Қаратай,Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері сел қауіпі бар аудандар қатарына саналады.

Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, платина және су блөгеттерін салып, тау беткейлеріне қар ұстайтын ағаштар отырғызылады.