Рт сөндіру үшін қолданылатын заттар (ӨСЗ).

Жіктелуі.

1. Агрегаттық күйіне қарай сұйық, көбік тәріздес, ұнтақтаржәне газ тәріздес заттарболып бөлінеді.

2. Өрт сөндірудің негізге ұсталатын прициптердің қайсысына жататынына байланысты:

 

салқындату, жану аймағынан алып кету, сұйылту, химиялық тежеупринципіне негізделген ӨСЗ болып бөлінеді.

СЗ-на қойылтын талаптар

Аз шығындалып, эффективтілігі жоғары болуы керек;

Қол жетімді, арзан және қолдануға жеңіл болуы керек;

Қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі керек.

 

СУ.

Су және сулы ерітінділер сұйық ӨСЗ-на жатады. Су әмбебап, қол жетімді және эффективтілігі жоғары зат. Суды өрт сөндіру үшін қолданған кезде әрекеттесуші заттарды салқындату принципі қолданылады.

Алайда сумен сөндіруге болмайтын өрттер де болады:

1) Егер су жанғыш заттармен химиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде жылу немесе басқа да жанғыш компоненттер түзілетін болса (кейбір қышқылдар мен сілтілер);

2) Егер жану процесі өте жоғары температураларда өтетін болса (1800÷2000С – металдардың жануы), себебі мұндай температурада су молекулалары диссоциациялануға ұшырап, өртті сөндірудің орнына, керісінше, оны одан сайын өршіте түсуі мүмкін иондар түзеді (сутегі, гидроксид-ион (оттегі));

3) Егер қауіпсіздік толық қамтамасыз етілмейтін болса (мысалы, жоғары кернеулікті электр құрылғысында өрт шығатын болса – өмір үшін өте қауіпті);

4) Егер ауа температурасы өте төмен болса – себебі оның қату темпераурасы төмен, сол себепті қиындық туғызады.

5) Егер тығыздығы судың тығыздығынан кем болып келетін жанғыш сұйықтықтардан өрт шығатын болса – мысалы, мұнай өнімдері жанған кезде.

Жарылыс салдарынан туындаған қоршаған ортадағы қысымның, тығыздықтың, температураның кенет көтерілуімен сипатталатын қозғалыс жарылыс толқыныдеп аталады.

Зақымдану аймақтарының радиустары бірнеше км-ге жетуі мүмкін. Жарылыс әсерінің 3 зонасы белгілі:

І зона– детонациялық толқын әсері – интенсивті түрді талқандау – барлық конструкциялар бұзылып, өте үлкен жылдамдықта жан-жаққа ұшады.

ІІ зона –жарылыс өнімдерінің әсері – ғимарат-имараттар жарылыс өнімдері әсерінен бүлінеді, зонаның сыртқы шекарасында соққы толқын п.б-ады

ІІІ зона- соққы толқын әсері (а- күшті; б - орташа бұзылулар зонасы; в – әлсіз бұзылулар зонасы)

(ауаның жылдам соққысы жоғары қысымда және аса үлкен күшпен жүреді – ішкі мүшелерді зақымдайды, қан-тамырлары жарылады, ми шайқалады, сүйек шығу, сыну)

Жарылыс себептері (Өндірісте):

- өнеркәсіптік құрылғылардың, аппаратураның қирауы, бүлінуі, құбырлардың жарылуы;

- технологиялық режимдердің бұзылуы (қысымды температураны шамадан тыс асыру, т.б.);

- өнеркәсіптік аппаратураның дұрыс жұмыс істеуін үнемі бақылауда ұстамау, уақтылы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі.

 

Тұрмыста:

- азаматтардың, балалардың қателіктері (газ жарылыстары);

- лаңкестік әрекеттер (жертөлелерде, туннельдерде, метрода, қоғамдық орындарда, көліктерде қолдан жасалған жарылғыш заттар қолдануы мүмкін)

 

белгісіз (иесіз) түйіншек, тартылған шнур, сым, сөмке, қорап, ойыншық т.б. (сағат механизмі орнатылған б-уы мүмкін)

Жарылыстың ғимараттар мен имараттарға әсері.

Ғимараттар жарылыс әсерінен мынадай дәрежедегі бүлінулерге ұшырайды:

- Толығымен – барлық конструкциялар қираған, қалпына келтіру мүмкін емес – адамдар өледі;

- Күшті – негізгі конструкциялар айтарлықтай қираған, қабырғалар, аралық жабындар қираған – 50% -өледі, қалғаны аса ауыр жарақаттар алады.

- Орташа - негізгі конструкциялар деформацияланған, шатыр, қабырғалар айтарлықтай қираған, көптеген сызаттар, қалпына келтіру мүмкіндігі бар - -“-.

- Әлсіз – есік-терезе сынуы мүмкін, коммуналдық, энергетикалық желілер бүлінген, айтарлықтай қираулар жоқ, қалпына келтіруге болады – адамдар ұшқындардан, жарықшақтардан әйнек сынықтарынан жарақаттар алуы мүмкін.

 

Адамға әсері:

- Соққы толқын әсерінен болатын зақымдану дәрежелері:

- Жеңіл – жеңіл контузя, уақытша құлақтың естімей қалуы, қол аяқ жарақаттары, сүйектердің шығуы;

- Орташа – ми шайқалуы, есту мүшесінің зақымдануы, құлақ-мұрыннан қан кету, қол аяқ сүйектерінің шығуы, сынуы;

- Ауыр – бүкіл ағзаның күшті контузиясы, ішкі мүшелер мен миға зақым келу, ауыр сүйек сынулары, өлімге душар етуі де мүмкін;

- Аса ауыр – әдетте өмірмен қош айтыстыруға алып келетін аса ауыр жарақаттар.