Адамдардың инфекциялық науқастығы

Инфекциялық аурулар 4 топқа бөлінеді.

- ішек инфекциялары;

- тыныс алу жолдарының инфекциясы;

- қандық(кровенные)(трансмиссиялық)

- сыртқы қабат (покров) инфекциясы (контакты).

Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез , мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.

Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.

Жұқпалы аурулар және одан сақтандыру.

Қазақстанның ұланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялық сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналық жағдайлардың төмендігінен ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына барлық алғы шарттар жасалған. Сонымен қатар олардың пайда болуына халықаралық байланыстардың кеңеюі, қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайлармен ұштасқан үлкен өзгерістер, халықтың көшіп қонуы, елдердің арасындағы медициналық құралдарды дер уақытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы сияқты факторларда ықпал етеді.

Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, қызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың қабынуы, вирустық гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймақ болып табылады.

Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары ең қолайчыз аймақ болып табылады.

Жыл сайын Қазақстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.

Қазақстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнақ, тышқанның түрлері болып табылады.

Туляремияның жайылымдық және далалық ошақтары Батыс Қазақстан мен Алматы облысында орналасқан. Оны таратушылар тышқан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден қабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында кездеседі.

Қазақстанда ара тұра Қырым безгегі таралған. Қу безгегі Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.

Сібір жарасы барлық облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережесі бұзылған кезде осы жұқпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:

- инфекция көзін залалсыздандыру.

- Инфекция берілетін жолды бекіту.

- Адамдардың жұқпалы ауруларға төзімділігін арттыру.

Инфекция көзіне ықпал етуде жұқпалы ауруларды өз уақытында анықтаудың, оларды ертерек оқшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру, жұқпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уақытында барудың маңызы зор.

Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауды, азық-түлікпен дайын өнімді әзірлеуді, сақтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлық-гигиеналық және технологиялық ережелерін орындауды бақылау қажет.

Халықтың инфекция қоздырштарына төзімділігін арттыру үшін сақтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.

Дезинфекция-топырақта, суда және сыртқы ортаның басқа да объектілерінде ауру таратқыш микробтарды жою.

Дезинфекция әдістері физикалық, механикалық және химиялық болып бөлінеді.

Физикалық әдістер: от, ыстық ауа, қайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалық әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялық әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен қышқылын т.б. заттарды пайдалану.

Дезинсекция-жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялық әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.

Дератизация-кеміргіштермен (егеуқұйрық, тышқан, май тышқан, сарышұнақ, суыр) күрес: Ол механикалық және химиялық әдіспен жүргізіледі.

Адамдардың жұқпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты сақтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.

Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру, шектеу, емдеу, сақтандыру және арнайы эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар қарастырылады: күшейтілген медициналық бақылау, қолайсыз аймақтың халқы мен байланысты шектеу немесе толық тоқтату, арнайы емдеу, сақтандыру және санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу.

Карантин-ошақты толық оқшауландыруға және ондағы жұқпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылық және медициналық шаралар. Карантин кезінде ол қамтылған аймаққа қарулы күзет қойылады.

Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналық бақылау, арнайы емдеу-сауықтыру және эпидемияға қарсы шаралар қарастырылады.

Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған жөн:

- жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяқ киімді, тұрақты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлық тазалықтан өтуді;

- дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;

- тыныс органдарын жеке қорғау құралдарын (маска) киюді;

- балаларға үйден рұқсат етпеуді;

- өздері бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасамауды;

- жеке гигиена ережесін қатаң сақтауды: әсіресе тамақ ішердің алдында қолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстық сумен жууды;

- тамаққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті қайнатуды;

- барлық азық-түлікті қуырып, қайнатқаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште қыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстық сумен жууды;

- егілу мен дәрі қабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басқа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсаты бойынша өз уақытында қабылдауды-құрбандықтар санын қысқартып қана қоймай, жұқпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.