Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері

Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы сирек. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Бұл өмірде өмірі мен тәнін аман сақтап қалған бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр және қиындықпен сауығады. Бұл – адамның жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.

Дегенмен, ТЖ – ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, имоционалдық күйіне қарай.

Кенеттен ТЖ – ға тап болған адам ағзасына күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ – да кейбір адамдарда (15-20 пайыз) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ – ға дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады.

Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Бейімделудің психологиялық кедергісі – бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.

Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник – қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін.

Флегматик – ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды.

Холерик– мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.

Меланхолик – бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.

Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қозу (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалуы (ступор)сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы. Қозу немесе сіресіп қалу жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады. Мұндай себептерді жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда адамдардың 12-15 пайызы өзгеріссіз өз қалпында қалатаынын айтып өтке жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады.

Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы мүмкін қауіпті сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын.

Бақылаусыз қорқыныш – мамандар оны үрей дейді. Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеі. Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжым жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады. Мұндай «теріс басшылар» әдетте, есірген өз өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдар аздаған қауіп үлкен болып көрінеді.

ТЖ психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:

Бірінші – нақты апат кезінде. Адамның барлық сезімдері, кейде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделіктегі өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде «хайуандық» қорқыныш жатады.

Екінші –құтқару жұмыстарын жүргізген кезде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқып, көмектен үміт үзеді.

Үшінші -өмірге қауіпті жағдай тоқталғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына қайта бейімделу қажетілігі.

Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Бірінші кезекте бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады. Мұндай жағдайда құтқару жұмыстарының өтуі мен орындалуы басшының моральдік – психикалық тұрақтылығы, төзімділігі мен батылдығына байланысты. Қорқынышты жеңудің ең бастысы, жеке жауапкершілікті сезіну, міндетті түрде жасалатын жұмыстың мағынасын түсіну мүмкіндік туғызады.

Бақылау сұрақтары:

1. Төтенше жағдайда халықты қорғау.

2. Эвакуация. Уақытша көшіру шаралары.

3. Жеке қорғау құралдарын құру, жинау.

4. ТЖ-дағы жедел дәрігерлік көмек көрсетудің мақсаттары.

5. ТЖ-да халыққа дәрігерлік қорғау жүргізудің негізгі сатылары.

6. Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері.

7. Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері.