Теориясының сараптамасы

 

Беркли университетінің (Калифорния, АҚШ) әлеуметтану профес­соры Нил Флигстайнның түсіндіруіндегі институционализм­нің жаңа теорияларының сыни рефлексиясын қарастырайық.

ХХ ғасырдың 90-жылдарында тек әлеуметтік ғылым ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси ғылымдар да “жаңа институ-ционализм” теориясына қанық болды. “Жаңа институционализм” теориясының негізін салушылар арасында көптеген келіспеушіліктер болды, бірақ институттар туралы ортақ түсініктер де орын алды. Ол институттарды ресурстардың бірдей етіп бөлінбеуін қолдай отырып, белгілі бір билік етуші топтардың өзара іс-қимыл ережелерін ұсынуына мүмкіндік беретін әлеуметтік конструкциялар ретінде түсіндіруінен тұрады. Мұнда жалпы теориялардың екі тобын бөлуге болады, біріншісінде әлеуметтік факторлар мен институттарды құру процесіне қатысушылар институттардың маңызды құраушысы болып табылады; екіншісі әлеуметтік институттарды әлеуметтік құрылым ретінде негізінен түсіндіруге күш салады.

Қазіргі заман ғылымында “жаңа институционализмнің” төрт түрін бөліп көрсетуге болады:

тарихи институционализм;

ұтымды таңдау институционализмі;

экономикалық институционализм;

әлеуметтану институционализмі.

Қазіргі заман ғылымында ғалымдар “институт” ұғымының мағынасын түсіндіруде бір шешімге келе алмай отыр. Бірқатар ғалымдар институт ұғымын әлеуметтік қатынастарды анықтап, мұндай қатынастарға қатысушылардың рөлін түсіндіретін, сонымен қатар қатысушылардың өзара әрекет ету процесін әрекет ету нұсқаулығы мен қалған қатысушылардың іс-әрекетін түсіндіру әдісі арқылы бақылайтын ұжым мағынасында түсінеді. Енді бір теоретиктер “институт” ұғымы аясында арнайы ойлап табылған заңдар мен ережелер, үшіншілері - ұжым арқылы орындалатын және бөлек-бөлек топтардың келісіміне қол жеткізу арқылы жүзеге асырылатын формальды емес ережелер түріндегі нормалар жиынтығы, төртіншілері – өзінен-өзі болатын нәрсе сияқты қабылданатын жүйе деп түсіндіреді. Көріп отырғанымыздай зерттеушілер арасында бұл мәселе тұрғысынан ортақ бір шешім жоқ. Бұл “жаңа институционализмнің” негізін салушылар өз әріптестерінің теорияларын жақсы біле тұрса да, әдетте арадағы келіспеушілік туралы пікірталасты шешу мүмкін емес деп санайтындығынан көрінеді. Мұнымен қоса, “институт” феноменін түсінуде белгілі бір келісушіліктер немесе сәйкес келетін тұжырымдар да бар. Әңгіме барлық үлгінің қалай болған күнде де “кеңістік”, “сахна” немесе “ойын” деп аталып жүрген оқшау әлеуметтік білімнің пайда болу проблемасымен байланыстылығы туралы болып отыр. Бұдан әрі институционализмнің барлық үлгісі институттарды әлеуметтік конструкциялар түрінде түсінетіндігі туралы айтуға болады. Басқаша айтқанда, жаңа институционализмнің көптеген авторлары институттарды әлеуметтік субъектілердің немесе акторлардың ықпалының нәтижесі деп түсіндіреді. Үшіншіден, өзара іс-қимыл және институттар пайда болғанға дейін болған ресурстарды бөлу ережелері ықпал ету көздері болып көрінеді және де әлеуметтік субъектілер мінез-құлқының үлгілерімен үйлесе келіп, институттарды ашудың және ұдайы өсірудің негізі болады.

Жаңа институционализм теоретиктері институттарды тудыратын және ұдайы өсіріп отыратын “өзара әсер ету ортасын” түсіндіруде де бір-бірімен қиыласады. Негізгі көңіл аудартатын мәселелер мұндай әрекет ету алаңдарының пайда болуы, олардың қалай тұрақтылығын сақтайтындығы және түрінің өзгеретіндігі болып табылады. Мұнда институциаландыру ережелер абстракциядан алаңдарда өзара әсер етуші бір үлгінің нақты бастауына айналатын процесс ретінде түсіндіріледі.

Институттар қандай жағдайда және қалай пайда болады?

1. Мысалы, Флигстайнның пайымдауынша, институттар әлеуметтік субъектілер тобы қақтығыстық сипаттағы әлеуметтік іс-қимылға қосылған кезде пайда болады. Өзара іс-қимылдың мұндай түрінің көбіне саяси сипаты болады және негізінен ресурстарды қайта бөлу (немесе бөлу) жолындағы күреспен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, көбінесе институттар қоғамдағы дағдарысты жағдайлардың нәтижесінде пайда болады.

2. Институттар жекелеген топтар басым жағдайға жету үшін басқаларға өз ережелерін күштеп таңған кезде пайда болады.

Институттар қоғамның тұрақсыздығы салдарынан пайда болған кездер де бар. Әңгіме түрлі әлеуметтік топтардың немесе акторлардың жағдайды түзеуді өз мойындарына алып, қоғамға жаңа бағыт-бағдар ұсынуы туралы болып отыр.

Акторлар туралы жеке мәселе. Жаңа институционализм теориясындағы акторларды негізінен жаңа ережелерді орнату мақсатында процеске қатысушы басқа адамдарды өзіне тарта алатын белсенді әлеуметтік субъектілер деп түсіну керек. Бұл тұрғыдан Флигстайн “әлеуметтік талант” ұғымын енгізеді. Әлеуметтік талант – өз тобының мүшелері мен басқа да топтың мүшелерін бір бағытқа тарту әдістерін пайдалана алатын тұлға. Мұндай таланты барлар басқа қатысушылардың іс-әрекетіне түсініктеме береді және өз тобының позициясы негізінде жағдай туралы азды-көпті өз түсінігін “ынтымақтастық” орнату үшін пайдаланады. Неше түрлі ғылымдар мен теориялар әлеуметтік талант дарыған адамдардың сырын ұғуға тырысып келді.

Бұл проблема әлеуметтік ғылымның маңызды теориялық дилеммаларының бірі - құрылымдар мен әрекет етуші тұлғалар туралы мәселені шешеді. Мұнда рефлексия пәнін әлеуметтік өзара әрекет етуге қатысушыларда бар таңдау жиынтығының құрылымдану дәрежесі мен олардың өзара әрекет ету барысындағы іс-әрекеті мен позициясын анықтайтын ережелер құрайды.

Әлеуметтік және саяси ғылымдар негізінен бұл процеске қатысушылардың позициясына баса назар аударады. Экономика ғылымы әрекет етуші тұлғалардың таңдай алу мүмкіндігі бар екендігін және ол көп жағдайда процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен нәтижесін алдын ала айқындайтындығын көрсетеді.

Жалпы алғанда, жаңа институционализм теориялары сараптама пәні ретінде әлеуметтік құрылымдарды, олардың пайда болуы мен олардың құрылуындағы адамдардың рөлін қарастырады. Осылай бола тұрса да, веберлік және маркстік бағыттағы әлеуметтік құрылымның классикалық теориясымен салыстырғанда, жаңа институционализм теориялары әлеуметтік құрылымды ережелер жиынтығымен анықталатын бір-біріне қатысты бағытталған әр түрлі ресурсты топ қызметінің сахнасы деп түсіндіріледі. Мұнда қоғамдық ғылымдардың арасында жаңа классикалық экономика айтарлықтай алға жылжыған. “Классикалық емес экономика ғылымы өз сараптамасында нарықтық алмасу арқылы қолда бар ресурстарды оңтайлы бөле алатын, нақты артықшылықтары мен ең үздік ақпараты бар, мейлінше пайдаға бағытталған нарыққа қатысушыларға негізделеді. Кейін олар ұйымдар мен қағидалар жер-жерде қызмет ете отырып, нарықтың жұмыстағы қиыншылықтарды жеңуге көмектесетіндігіне көңіл аударады. Мәселен, Марч пен Симон ережелер шектелген ұтымдылық пен жеке мүдделер проблемасын шешуге жәрдемдеседі деген қорытындыға келді. Егер, мысалы, фирмалардың иесі барынша пайда табу мақсатында ұйымдастырылса, ал олардың қол астындағылары өздерінің қожайындарының мейлінше табыс табу межесімен сәйкес келмейтін өзге мақсаттарды көздейді. Шектелген ұтымдылық фактісі барлық деңгейдегі фирмалардың жұмысын қадағалау міндетін күрделілендіреді. Демек, фирмада аталған факторлардың кері әсерлерін жоя алатын құрылым болу тиіс. Барлық деңгейдегі қызметкерлерді ұтымды қадағалау үшін орталық аппараттың нақты қойылған міндеті, стандартты рәсімдері мен қарапайым ережелері болуы тиіс, бұл өз кезегінде шешім қабылдау процесін жеңілдетеді. Нәтижесінде жоғарғы жақтағы басшыларға төменнен келіп жатқан тәртіпсіздік туралы дабылдарға лезде жауап қайтаруға мүмкіндік беретін анық әлеуметтік құрылым дүниеге келеді.

Д.Норт пен Р.Артурдың ойынша, саяси және экономикалық институттар, мысалы, кездейсоқ түрде пайда болады немесе оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізбейді. Мәселен, бірсыпыра елдердегі жеке меншіктің кейбір нысандары бір саланың тиімділігін арттыру мақсатында емес, тарихи жағдайдың еркі бойынша пайда болады. Артурдың пікірінше, технологиялар көбінесе осы технологияларды ұстап тұратын ұйымдар, ережелер мен рәсімдер болғандықтан, басым жағдайға ие болады. Қандай да бір фирма қызмет ете бастаған кезде оған қыруар қаржы жұмсалғандықтан, одан да көп шығынға батпау үшін ештеңені де өзгертпеу керек екендігі анықталады.

Саяси ғылымда жаңа институционализмнің екі теориясы пайда болды: тарихи институционализм және ойын теориясымен байланысты ұтымды таңдау теориясы. Тарихи институционализмді жақтаушылар саяси процестер мен шиеленістерді талдау барысында үкіметтердің рөлі жете бағаланбайды деп есептейді. Мысалы, Телен мен Стейнмо үкімет институттары қоғам өміріне қалайша араласатындығын, әр түрлі елдердегі саяси дәстүрлер мен әлеуметтік-саяси процеске қатысушылар атқаратын рөлдер, саяси партиялар мен идеологиялар қайсыбір қоғам құрылымындағы сан алуан топтардың саяси мінез-құлқына қалай әсер ететіндігін анықтауға тырысады. Стейнмо мен Теленнің тұжырымдауы бойынша, белгілі бір жағдайларда субъектілердің артықшылықтары эндогенді болуы мүмкін, қарапайым тілмен айтқанда, адам немесе әлеуметтік топтар оқиғалардың дамуына қарай өздеріне не керек екенін ұғына бастайды, бұл әр түрлі одақтардың пайда болуына әкеліп, нәтижесінде қайсыбір әлеуметтік процестің институционалдануы жүзеге асады. Тарихи институционализмді жақтаушылар мен ұтымды таңдау теориясын ұстанушылар арасындағы пікірталастың басты қайнар көзі процеске қатысушылар іс-әрекетінің дәлелі мен институттардың бұл іс-әрекеттердің сипаты мен бағытына әсер ету деңгейіне байланысты мәселе болып табылады. Тарихи институцио-нализм теориясын жақтаушылар, өмір сүріп отырған ұйымдар, институттар және саяси перспективалар басты рөл атқарады деп есептейді.

Ұтымды таңдау теориясын қолдаушылар саяси институттардың неліктен өмір сүретіндігін түсінуге тырысады. Олардың пайымдау-ларының мынадай сипаты бар: өз мақсаттарын көздеуші, ұтымды жеке адамдар әрдайым ұжымдық іс-әрекеттер саласында дилеммаға тап болады. Институттар осы дилеммаларды шешу үшін барлығына да тиімді болатындай “сен-маған, мен-саған” деген принцип бойынша ақылға сыйымды ымыраға қол жеткізу үшін қажет.

Ойын теориясы халықаралық қатынастар жөніндегі әдебиеттерде кең қолданылады, бұл арада үкімет басты міндеті қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатын біртұтас субъектілер ретінде анықталады. Әр түрлі үкіметтердің мүдделері бір жерден шыққан кезде келісімдер, өзара әрекет ету ережелері дүниеге келіп, кейін институттар пайда болады. Жалпы ойын теориясы ұтымды әрекет етуші жеке адамдардың өз мүдделерін бейнелейтін институттарды қалайша орнықтыратындығын ұғынуға тырысады.

Бұл екі теорияның ұқсастығы нақты нәтижелерге жетудегі институттар мен саяси ұйымдардың маңыздылығын түсінуге келіп саяды. Ал айырмашылықтары – егер ол жағдайлық әлеуметтік рөлдердің жемісі болса және егер өтіп жатқан дағдарыс барысында әрекет етуші адамдар өздерінің кім екендіктерін қайтадан ұғынуға дайын болса, басымдықтардың мазмұнын анықтауға келіп тіреледі.

Әлеуметтануда ұйымдардан сыртта өмір сүретін әлемді әлеуметтік конструкция деп есептейді. Скотт пен Мейер не болып жатқандығы және алдын ала сенімділікпен не деп айтуға болатындығы және қандай шаралар ұйымның өмір сүруіне септігін тигізді, қайсысы жоқ дегендерге қатысты қоршаған орта жеткілікті түрде нақты дабылдар жіберетіндігіне күмәнданады. Бұл арада институт алаңды құрылымдайтын және әлеуметтік процестерге қатысушылардың жолда кезігетін кедергілерді жеңуіне жәрдемдесетін мағына ретінде ұғынылады. Дәл институттар алаңдағы акторлардың позицияларын айқындап, процестің қалған қатысушыларының іс-әрекетін барабар түсіндіріп және ұғынуға қажетті ережелермен қамтамасыз етеді. Әлеуметтануда белгісіздік жағдай бөлек суреттеледі. Ұйымдастыру-шылық өзгерістердің, белгісіздіктің факторы, бәсекелестердің белсенділігі - мұның бәрі нақты ережелер мен мағына болған жағдайда ғана құрылымданады. Бұл тұрғыдан келгенде бүкіл қоғам үшін ережелер жүйесін орнықтыратын үкіметтердің рөлі аса зор.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Theorіe des kommunіkatіven Handeіns І-ІІ. Frankfurt a. – M., 1981.

Филиппов А.Ф. Теоретическая социология. В кн.: Теория общества / Под ред. А.Ф. Филиппова, – М., 1999.

Громов И., Мацкевич А., Семенов В. Западная теоретическая социология. – Санкт-Петербург, 1996.

Штомпка П. Социология социальных изменений. – М.: Аспект Пресс, 1996, гл.б. (Глобализация человеческого сообщества).

Монсон Пер. Современная западная социология. – Санкт-Петербург, 1992.

Социология на пороге ХХІ века. – М., 1999.

Валлерстайн. Россия и капиталистическая миэкономика // Свободная мысль. 1996, № 5

Wallersteіn І. The Modern World - System and Evolutіon // Journal of World - System Research. 1995. Vol. І, № 19.

Девятко И.Ф., Э. Уоллерстайн о возникновении глобальной социальной системы: дифференциация. Интеграция и эволюция // История теоретической социологии. Том 4. - М., 1999.

Хантингстон. Столкновение цивилизаций и преобразование мирового порядка. Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология / Под ред.В.Л. Иноземцева. – М.: Academіa, 1999.

Robertson R. Globalіzatіon Socіal Theory and Global Culture. London: Sage, 1994.

Rіtzer. The McDonaldіtіon. Theses. London, 1998.

Кастельс. Информационная эпоха: экономика, общество и культура. Перевод с англ. Под научной ред. О.И. Шкаратана. –М., 2000.

Кастельс М. Становление общества сетевых структур // Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология / Под ред. В.Л. Иноземцева. – М.: 1999.

Кастельс. Могущество самобытности. // Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология // Под ред. В.Л. Иноземцева. М., Academіa, 1999.

Арчер М. Реализм и морфогенез В кн.: Теория общества / Под ред. А.Ф. Филиппова. М., 1999.

Bhaskar R. The possіbіlіty of naturalіsm. N.Y.; L. Verso, 1989.

Gіddens A. The Consequences of modernіty. Cambrіdge: Polіty Press, 1990.

Gіddens A. Modernіty and self - Іdentіty. Cambrіdge: Polіty Press, 1991.

Флигстайн. “Критический анализ нового институционализма: поля, власть и социальный талант” (Препринт, доступный в ксерокопии).

21. Забирова А.Т. Новейшие теории и концепции социологической науки. – Астана, 2001.


ГЛОССАРИЙ

АГРЕССИЯ –жеке адамның немесе топтың басқа жеке адамға немесе басқа топқа деген дұшпандық ішкі бағдар немесе әрекеттердің дұшпандық типі. Агрессия біреуге қатысты физикалық, сонымен бірге моральдық залал немесе зиян келтіруге бағытталған мінез-құлықтан көрініс табады.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ –дамыған әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни-рухани қатынастар, жоғары ортақ және әлеуметтік-саяси мәдениет, өз мүшелерінің белсенділігі, мемлекетпен, тәуелсіз және бөлінген мемлекетпен қатынастарын қоғам басымдығын мойындауға және мемлекетке қызмет көрсету қажеттілігіне негізделген қоғам.

АЙНАЛЫҚ «МЕН» –басқа адамдардың реакциялары арқылы айқындалатын адамдық «МЕН».

АМАЛЬГАМИЗАЦИЯ –нәтижесінде бір топқа немесе бір ұлтқа айналатын екі немесе одан да көп этникалық топтар немесе ұлттардың биологиялық араласуы.

АНОМИЯ –әлеуметтік ауытқушылықтар мен үстемдік етуші мәдениеттің әлдеқайда маңызды нормаларынан бас тартуға алып келетін бір немесе одан да көп тұлғалардың қоғамның тұрақты негізгі институттарымен кіріге алмайтын жағдайы.

АНЫҚТАЛҒАН (БЕРІЛГЕН) МӘРТЕБЕ –жеке адамға оның талаптары мен қабілеттеріне қарамастан қоғаммен немесе топпен алдын ала берілетін әлеуметтік позиция.

АССИМИЛЯЦИЯ –тұлғалар мен топтар бүкіл қатысушылармен ортақ мәдениетке келетін өзара мәдени ену процесі.

АУДИТОРИЯ –коммуникатормен (ақпараттары бар және оны бұл қауымдастыққа жеткізетін жеке адаммен немесе топпен) өзара байланыспен біріккен адамдардың әлеуметтік қауымдастығы.

АУТТОП –жеке адам оған қатысты теңестірушілік пен қатыстылықты сезінбейтін адамдар тобы. Мұндай топтың адамдары жеке адамға «біз емес» немесе «бөтен» болып көрінеді.

ӘДЕТ-ҒҰРЫП –адамдар оның өткендегі пайдалылығы үшін қабылдайтын құндылықтар мен нормалар және ұрпаққа беріле алатын дағдылар.

ӘЛЕУМЕТТАНУ –қоғам құрылыстарын, олардың элементтер мен тіршілік ету шарт­тарын, сонымен бірге сол құрылымдағы әлеуметтік процестерді зерттейтін ғылым.

ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ЖАСЫРЫНДЫЛЫҚ –белгілі бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің, оның қырлары мен белгілерінің сыртқа көрінбеуі мен жасырындылығы.

ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ПАРАДИГМА –теорияның әлеуметтік мәселелерді көтеру мен шешудегі тұжырымды-әдіснамалық жолдарын анықтайтын, берілген сатыда әлдеқайда ортақ, бастапқы және маңызды деп танылған негіздер жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТЕНУ –жеке адамның топ нормаларында «Мен»-нің қалыптасуы арқылы жеке адамның тұлға ретіндегі ерекшелігі айқындалатын процесс.

ӘЛЕУМЕТТЕНУ АГЕНТТЕРІ –бұл процеске бағытты түрде әсер ете отырып, әлеуметтенуді жүзеге асырушы немесе оны қолдаушы барлық адамдар.

ӘЛЕУМЕТТІК АГРЕГАЦИЯ –белгілі бір физикалық кеңістікте жиналған және ешбір саналы өзара байланысты жүзеге асырмайтын адамдардың белгілі бір саны.

ӘЛЕУМЕТТІК АРАҚАШЫҚТЫҚ –әлеуметтік топтар арасындағы жақындылық пен бөтенденудің дәрежесін анықтайтын шама.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРЕКЕТ – адамның әрекет етуші тұлғаның немесе бірнеше тұлғалардың болжайтын мәніне сәйкес басқа адамдар әрекеттерімен қатынасқа түсетін немесе оларға бағытталатын әрекеті (оның сыртқы немесе ішкі сипатына, араласуына немесе қабылдануына қатыссыз).

ӘЛЕУМЕТТІК БАЙЛАНЫС –адамдардың физикалық немесе әлеуметтік кеңістіктердегі жанасуынан туындайтын уақытша, тез үзілетін әлеуметтік байланыстардың типі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАНЖАЛ –нақ осы марапаттауға қол жеткізуге бел буған бәсекелесті ығыстыру тіпті жою арқылы, өз айтқанына бағындыру арқылы марапаттауға қол жеткізуге деген ұмтылыс.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢ –әлеуметтік объектілер арасындағы салыстырмалы түрде тұрақты және жүйелі түрде қайта туындап отыратын қатынастар.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТ –бір субъект әрекеті басқа субъектілердің жауапты әрекеттерінің себептері сонымен бірге салдары болып табылатын циклді тәуелділікпен байланысқан өзара шартталған әлеуметтік әрекеттер жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІС –әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік өзара қарым-қатынастар жүйелерінде жаңа қырлар мен элементтердің пайда болу процесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ИКЕМДІЛІК –жеке адамның немесе әлеуметтік объектінің адамдардың әрекеттерінің арқасында құрылған немесе қалыптастырылған құндылықтардың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне өтуі.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ –маңызды қоғамдық құндылықтар мен рәсімдерді біріктіріп, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен әлеуметтік норманың ұйымдасқан жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАДАҒАЛАУ –қоғам немесе әлеуметтік топ өз мүшелерінің рөлдік талаптар мен күтулерге деген конформды мінез-құлық көрсетуін кепілдей алатын құралдар жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАС –мәні бойынша бір-біріне қатыстылығы бар өзара қайталанатын әрекеттердің саналанған және сезімдік негізде қабылданатын жиынтықтары.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЗҒАЛЫС –қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы әлеуметтік өзгерістерге қарсылық көрсетуді немесе оларды қолдауға бағытталған ұжымдық әрекеттер жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ –белгілі бір шекара аймағында өзара әрекет етуші белгілі бір тәртіппен орналасқан, реттелген бөліктерден құралған әлеуметтік топ немесе қоғамның ішкі құрылысы.

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕ –жеке адамның топ немесе топтардағы басқа топтармен қарым-қатынастардағы алатын позициясы немесе рангі.

ӘЛЕУМЕТТІК НЕКЕ –әйел мен еркектің отбасылық одағы негізінде жатқан әйел мен ер адам арасындағы және олардың ата-ана ретіндегі балаларымен қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік институт.

ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА -әлеуметтік топ мүшелерінен қолдау табатын және біріккен келісілген әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жүріс-тұрыстың белгілі бір кескінін құрайтын түсініктер жүйесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ОҚШАУЛАУ –әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттердің тоқтатылуы немесе күрт қысқаруы нәтижесінде жеке адамның немесе әлеуметтік топтың басқа жеке адамдар немесе әлеуметтік топтардан шеттетілуі орын алатын әлеуметтік құбылыс.

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕУ –сандық көрсеткіштер мен бағалықтар негізінде әлеуметтік құбылыстар мен процестер жөніндегі әлеуметтік ақпаратты алу және зерттеу процесі.

ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСС –көптеген әлеуметтік әрекеттер ішінен бөліп көрсетуге болатын қайталанатын және біржақты бағытталған әрекеттердің жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛ –белгілі бір әлеуметтік мәртебесі бар адамнан күтілетін жүріс-тұрыс. Ол осы мәртебеге тиісті құқықтар мен міндеттер жиынтығымен шектеліп отырады.

ӘЛЕУМЕТТІК САНАТ –жеке адам бір немесе бірнеше ұқсас сипатамаларымен біріктіретін әлеуметтік қауымдастық.

ӘЛЕУМЕТТІК СТЕРЕОТИП –басқа топтың немесе адамдардың басқа санаттағы топ мүшелерінің пікірлерімен ұқсас бейнелері.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРТІП –жеке адамның, олардың арасындағы өзара әрекетінен,жасырын түрде әрекет ететін, бұл жүйенің жақсы қызмет етуі үшін қажетті жұмыстың орындалуына ықпал ететін дағдыларынан, дәстүрлерінен құралған жүйе.

ӘЛЕУМЕТТІК ТОП -әрбір топ мүшесінің басқалардың тарапынан күтетін бөлісуі негізінде өзара бір-біріне әсер ететін жеке адамдар жиынтығы.

ӘЛЕУМЕТТІК УӘЖДЕМЕ –тұлға немесе топтың олардың қажеттіліктерінен келіп туындайтын және әрекет пен белсенділіктің бағыттылығын анықтайтын сол белсенділік пен әрекетке деген іштей ұмтылыс.

ӘЛЕУМЕТТІК ШКАЛА –сауалнама, бақылау мен құжаттарды талдау барысында алынатын әлеуметтік ақпаратты бағалау немесе реттеу үшін қолданылатын зерттеу құралдарының өлшеуші бөлігі.

БАСҚАРУ –қызметтің ұйымның барлық элементтеріне бағытталуын қамтамасыз етіп, ұйым мен оның бөліктерін қойылған мақсаттардан ауытқуын мүмкіндігінше болдырмайтын ұйымның арнайы органының ерекше функциясы.

БАСТАПҚЫ ТОП –жеке адамдардың алғашқы әлеуметтенуі жүзеге асырылатын және ондағы қатынастар интимді, тұлғалық, бейресми сипатқа ие топ.

БӘСЕКЕ –бірдей мақсаттарға ұмтылатын бәсекелестерді басып озу немесе ығыстыру арқылы марапаттауға жетуге деген талпыныс.

БЕДЕЛ– бекітілген және заңдастырылған басқа адамдардың әрекеттері мен мінез-құлығын басқару құқығы.

БЕЙІМДЕЛУ –ескі ортада қабылданған құндылықтар мен нормалардың қажеттіліктерді қанағаттандырмай, белгілі бір дұрыс жүріс-тұрыс үлгісін қалыптастырмайтын жағдайдағы женке адамның немесе топтың жаңа ортаның мәдени нормаларын, құндылықтары мен эталондарын қабылдауы.

БИЛІК –тіпті қарсыласудың орын алуына қарамастан, әлеуметтік қатынастармен тіркелген айтқанынан қайтпаудың кез келген мүмкіндігі.

БЮРОКРАТИЯ –қызметтері мен лауазымдары иерархияны құрайтын және олардың әрекеттері мен жауапкершіліктерін анықтайтын ресми құқықтары мен міндеттерімен ерекшеленетін ресми тұлғалардан құралған ұйым.

ВАЛИДТІЛІК –өлшеу берілгендерінің өлшеу объектісіне сәйкестілік дәрежесін көрсететін әлеуметтану зерттеуіндегі өлшеу сапасының негізгі көрсеткіші.

ВЕРИФИКАЦИЯ –әлеуметтік объект теоретикалық моделінің шынайы өмірде тәжірибелі, эмпирикалық салыстыру арқылы ақиқаттылығын тексеру.

ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУ –негізінде жынысы бойынша ерекшеленетін адамдардың, яғни берілген мәдениет жағдайындағы әйелдер мен ер адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жататын зерттеу түрі.

ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ –әлеуметтік объектіні ол үшін табиғи болып табылатын жағдайларда тікелей және жан-жақты әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу.

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ –жалпы қабылданған нормаларға сәйкес келмей, нәтижесінде сол нормалардан таюға әкелетін жеке адам немесе топтың жүріс-тұрыс үлгісі.

ДӘСТҮР –адамдарға қоршаған ортамен, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға ең жақсы мүмкіндік туғызатын тиімді жүріс-тұрыс үлгілерінің жиынтығы.

ЕКІЛІК ТОП –мүшелерінің арасындағы қатынастар мен әлеуметтік байланыстар атаусыз сипатқа ие топ. Мұндай топтар, әдетте, ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған және олар жоқ болған жағдайда бірден ыдырайды.

ЖАЛПЫЛАМА ЖИЫНТЫҚ –зерттелуі қажет және белгілі бір ортақ әлеуметтік мәні бар белгілердің белгілі бір сапалы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бүкіл жиынтығы, жалпылама жиынтықтың бір бөлігі ретіндегі іріктелген ерекше объект болып табылады.

ЖАНЖАЛДЫҢ ДАҒДАРЫС НҮКТЕСІ –жанжалды әсерлердің жоғары дәрежелі қарқынымен сипатталатын жанжал дамуындағы белгілі бір мезет.

ЖАСЫРЫН ФУНКЦИЯЛАР –әлеуметтік институттыңқиын айқындалатын, қасақана жүзеге асырыла бермейтін және қабылдана бермейтін, ал егер қабылданса, онда қосалқы саналатын функциялар бөлігі.

ИКЕМДІЛІКТІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ –белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік позицияларды тік және көлденең бағытта өзгертетін жеке адамдар санын білдіретін әлеуметтік икемділік сипаттамаларының бірі.

ИНСТИТУТТАНДЫРУ –әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдердің анықталу және бекітілу, оларды кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында әрекет етуге тиісті жүйеге келтіру процесі.

ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ –кәсіби түрде жоғары маманданған ой еңбегімен айналысатын және сол үшін қажетті арнайы жоғары немесе орта білімі бар адамдардың әлеуметтік тобы.

ИНТЕРВЬЮ –жоспар бойынша сөйлесу нысанында, яғни сұрақ-жауап түрінде жүзеге асрылатын зерттеудің сұрау тәсілі.

ИНТОП –жеке адам оған қатысты тепе-теңділік пен қатыстылықты сезінетін топ немесе әлеуметтік санат. Жеке адам бұл топтың мүшелерін «өзіндей» көреді.

ИНФИЛЬТРАЦИЯ –жеке адамдардың жоғарыға қарай бағытталған тік икемділік процесі барысында мәртебесі бойынша әлдеқайда жоғары әлеуметтік қабатқа (стратқа) өтуі.

КАСТАЛЫҚ ЖҮЙЕ –әр түрлі каста өкілдерінің арасындағы байланыстар мен некелерге шектеу қойылған белгілі бір рөлдері бар жабық эндогамды, иерархиялы жіктелген страталар ретінде келетін әлеуметтік құрылымның бір түрі.

КВАЗИТОП –тұрақты күтушілері жоқ, ал мүшелер арасындағы өзара әрекеттер, әдетте, бір жақты болып келетін қасақана пайда болмайтын әлеуметтік топ.

КОНТЕНТ-ТАЛДАУ –әлеуметтану ақпаратының мазмұнын сандық талдаудың әдісі.

КОНТРМӘДЕНИЕТ –үстем етуші мәдениет үлгілеріне қарама-қарсы келетін топта қабылданған мәдени үлгілердің жиынтығы.

КОНФОРМИЗМ –топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-тұрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлейді.

КООПЕРАЦИЯ –бір немесе бірнеше әлеуметтік топтардың өкілдері бір мақсатқа жету жолында бірігіп, ұйымдасқан түрде әрекет ету процесі.

КӨЛДЕНЕҢ ИКЕМДІЛІК –жеке адамның немесе әлеуметтік объектінің бір әлеуметтік ұстанымнан сол сатыдағы әлеуметтік ұстанымға өтуі.

КӨШІ-ҚОН –жеке адамдар немесе әлеуметтік топтардың басқа ауданға, географиялық аймаққа немесе елге жер аударудан көрініс табатын тұрақты мекен жайын өзгерту процесі.

КІШІ ТОП –қоғамдық қатынастар жеке байланыстар нысанында құрылатын топ. Топ жеке адамдардың шектелген санынан құралып, үлкен топтардан көптеген әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларымен ерекшеленеді.

ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН МӘРТЕБЕ –жеке адамның иемденетін және оның жеке таңдауы, жеке талпыныстары мен басқа жеке адамдармен бәсекесімен бекітілетін әлеуметтік позициясы.

ҚОСЫЛҒАН БАҚЫЛАУ –әлеуметтанушы зерттелуші топтар мен т.б. әлеуметтік объектілердің күнделікті өміріне қосылатын алғашқы ақпаратты жинау әдісі, тәсілі, әлеуметтанушылық зерттеу нысаны.

ЛИДЕРЛІК –жеке адамның топтық лидер рөліне тән қасиеттерді көрсете білу қабілеті.

МАРГИНАЛ ТҰЛҒА –екі немесе одан да көп мәдениеттердің шекарасында аралық ұстанымды иемденіп, толық емес болса да, белгілі бір дәрежеде әрбіреуіне ассимиляцияланған жеке адам.

МӘДЕНИ ӨЗГЕРІС –қоғамның үстем мәдениеті мен субмәдениетінде жаңа мәдени мезеттер мен кешендердің пайда болу процесі.

МӘДЕНИ РЕЛЯТИВИЗМ –мәдениеттің топтардың дәлелдері мен құндылықтарын тек өз мәдениетінің тұрғысынан қарастыратын жағдайындағы басқа мәдениеттерге деген белгілі бір әлеуметтік топ мүшелерінің басқа топтардың дәлелдері мен құндылықтарын ұғына алмайтындай көзқарас.

МӘДЕНИ ҮЛГІ –белгілі бір адамдар санымен қабылданып, олардан қолдау тапқан норма немесе құндылық, мәдени элемент немесе мәдени кешен.

МӘДЕНИЕТ –қоғам мүшелерімен өндірілетін, әлеуметтік тұрғыдан қабылданып, қолданатын және ұрпақтан-ұрпаққа өту қабілеті бар рухани және материалдық өнімдерден құралған белгілі бір күрделі жүйе.

МОДАЛЬДЫ ТҰЛҒА –қоғам мүшелерінің көпшілігі қолдайтын мәдени үлгілерді ұстанатын адам.

МОНИТОРИНГ –құбылыстар мен процестерді болжау және бақылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды тұрақты, жүйелі жинақтау.

МОРАЛЬДЫҚ НОРМА –бір әрекеттердің орындалуы мен екіншілерінің шектелуін талап ететін идеялар мен жақсылық пен жамандық жөніндегі түсініктердің жүйесі.

НОРМАТИВТІ МӘДЕНИЕТ –дұрыс жүріс-тұрыс стандарттарын ұсынатын, белгілі бір әлеуметтік әрекеттерді рұқсат етіп, ұсынып, шектейтін мәдени үлгілер жиынтығы.

ОРТА ДЕҢГЕЙ ТЕОРИЯСЫ –ортақтық деңгейі бойынша теоретикалық және эмпирикалық зерттеулер арасында орналасқан және әлеуметтанудың белгілі бір бөліктері шекарасында олардың арасындағы өзара байланысын қамтамасыз ететін әлеуметтану теориялары.

ОТБАСЫ –балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

ПИЛОТАЖДЫҚ ЗЕРТТЕУ –ақпарат жинау құралдарын, ұйымдастыру әдістері мен бұқаралық зерттеу жүргізудің рәсімдерін сынап көру мақсатында зерттеудің әдіснамалық бағытталуын арнайы бақылап көру.

РЕСПОНДЕНТ –сауалнама немесе интервью барысында сұралатын немесе сұралған адам.

РЕФЕРЕНТТІК ТОП –жеке адам өзі үшін эталон ретінде көрінетін және өзінің мінез-құлқы мен өз-өзін бағалауда сол топтың пікірлеріне, нормаларына және құндылықтарына қарайтын адамдардың нақты және шартты әлеуметтік қауымдастығы.

РЕФЛЕКСИВТІ БАСҚАРУ –шешім қабылдау негіздері бір субъектіден екіншісіне өтетін басқару тәсілі.

РӨЛДЕР БӨЛІНІСІ –жеке адамның уақтылы өмірінен белгілі бір рөлді ығыстырып, оны санадан өшіру жолымен, бірақ осы рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауаптық қабілетті сақтау арқылы рөлдік қозуды төмендету үшін қолданатын салаланбаған әдістердің бірі.

РӨЛДЕРДІ РЕТТЕУ –соның барысындажеке адам белгілі бір рөлді орындау жауапкершілігінен босай алатын сараланған және арнайы ресми рәсім.

РӨЛДЕРДІҢ ҰТЫМДЫЛЫҒЫ –тұлғаның өзі үшін әлеуметтік және жекелік тұрғыда жағымды түсініктер арқылы белгілі бір жағдайларды ауыр қабылдаудан сақтану үшін қолданатын сараланбаған әдістердің бірі.

РӨЛДІК ЖАНЖАЛ –жеке адамның сәйкес келмейтін, қарама-қайшылықты міндеттер мен талаптардан құралған бір немесе бірнеше әлеуметтік рөлдерді орындауымен байланысты туындайтын жанжал.

РӨЛДІК ЖҮРІС-ТҰРЫС – жеке адамның әдетте күтілетін жүріс-тұрысы ретінде танылатын әлеуметтік рөлді жай ғана орындаудан ерекше, белгілі бір әлеуметтік рөлі бар нақты жүріс-тұрысы.

РӨЛДІК КҮТУЛЕР (ЭКСПЕКТАЦИЯАР) –тиісті әлеуметтік рөлдердің орындалуына қойылатын бейресми талаптардың жиынтығы ретінде көрініс табатын топтар мен ұйымдардағы адамдардың жүріс-тұрысын реттеу механизмінің ерекше бөлігі.

САУАЛНАМА –зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуін әлеуметтану өлшем тәсілі.

СУБМӘДЕНИЕТ –үстемдік етуші мәдениетпен тығыз байланысты, сонымен бірге одан ерекшеленетін мәдени үлгілердің жиынтығы.

ТІК ИКЕМДІЛІК –жеке адамның немесе әлеуметтік объектінің бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне өтуге ықпалын тигізетін өзара әрекеттер жиынтығы.

ТІЛ –адамдық қарым-қатынастың негізгі құралы, адамдар, топтар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара әрекеттің саналы негізі, олардың жүріс-тұрысын реттеу, қоғам мен саясаттың жүргізілуін басқару құралы.

ТОБЫР –ортақ қызығушылықтарымен бір физикалық кеңістікке жұмылдырылған адамдардың уақытша жиналысы.

ТҰЛҒА –адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

ҰЙЫМ –өзара байланысты ерекше мақсаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ.

ҰЙЫМНЫҢ СЫРТҚЫ АЙНАЛАСЫ –ұйым қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін физикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және экономикалық шарттардың жиынтығы.

ҮСТЕМДІК ЕТУШІ МӘДЕНИЕТ –бүкіл қоғам мүшелерімен қабылданып қолданатын мәдени үлгілер жиынтығы.

ФРУСТРАЦИЯ -мақсатқа жету жолында жеңу мүмкін емес (немесе субъективті қабылданатын) қиыншылықтардан объективті негізде туындайтын жүріс-тұрыс пен уайым ретінде танылатын адамның психикалық қалпы.

ЫҚПАЛДАСУ –мемлекеттердің, олардың экономикаларының, әлеуметтік және саяси құрылымдарының, мәдениеттерінің және т.б. бөліктері мен элементтерінің өзара байланысу, өзара әрекеттесу, жақындасу мен бірігу процесі және оның нәтижесі.

ІРІКТЕУ –тікелей зерттеуге тиісті әлеуметтанушылық зерттеу объектісі элементтерінің белгілі бір дәрежеде шектелген жиынтығы.

ЭКЗОГАМИЯ –некелік серігін таңдаудағы шектеу. Мұнда топ мүшесі серігін осы топтан тыс топтардан таңдауы тиіс.

ЭНДОГАМИЯ –некелік серігін таңдаудағы шектеу. Мұнда топ мүшесі серігін тек өз тобының ішінен таңдайды.

ЭТНОЦЕНТРИЗМ –бір топ орталық, ал қалғандары осы топқа негізделіп бағаланатын жағдайдағы қоғамға деген көзқарас.

 

 


МАЗМҰНЫ

 

АЛҒЫ СӨЗ............................................................................................... 3

 

КIРIСПЕ................................................................................................... 5

 

I бөлім. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫ........... 10

 

1-тарау. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ.............................................. 10

Әлеуметтанудың объектiсi мен пәнi......................................................... 10

Әлеуметтану бiлiмінiң құрылымы........................................................... 20

Әлеуметтанудың функциялары................................................................ 25

 

2-тарау. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ

НЕГIЗГI САНАТТАРЫ МЕН ҰҒЫМДАРЫ.................................... 30

Әлеуметтанудың санаттары мен ұғымдарын жiктеу.............................. 30

Қоғам жүйе ретiнде................................................................................... 33

Әлеуметтiк iс-әрекеттер, өзара iс-қимылдар және

қарым-қатынастар..................................................................................... 39

Қоғам құрылымындағы тұлға.................................................................. 43

Әлеуметтiк мәртебелер және рөлдер....................................................... 49

Әлеуметтiк стратификация....................................................................... 55

Әлеуметтiк топтар..................................................................................... 66

Әлеуметтiк институт................................................................................. 72

Әлеуметтiк ұйымдар................................................................................. 79

 

3-тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ....... 88

Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарының

қалыптасу негiздерi................................................................................... 88

Қазақстанда әлеуметтану ғылымының

қалыптасуы (ретроспективтiк шолу)........................................................ 101

Қазақстанда қазiргi заманғы әлеуметтану ғылымы

дамуының негiзгi бағыттары.................................................................... 105

 

II бөлім. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ...................................................... 128