Азақ әдебиетіндегі М.Әуезов дәстүрі

Қазақ тарихи романындағы М.Әуезов дәстүрі мәселесіне аса ден қойған ғалымдардың бірі – Жанғара Дәдебаев. Оның дәл осылай аталатын еңбегі бар және «Өмір шындығы және көркемдік шешім» еңбегінің 4-тарауында осы тақырып қамтылған.

Тарихи роман үлгілерінде өмір шындығының көркемдік құбылысқа айналу жолдары, шындық құбылыс пен оны игерудегі суреткерлік концепция тереңдігі М.Әуезовтің көркемдік дәстүрлерімен тығыз байланысты көрініс тауып отыр.

Тарихи романның тарихи негізі етіп ақын-кейіпкердің өз шығармаларын пайдалану арқылы жазушы ақын-кейіпкерінің өлеңдерінде бұрын болмаған жаңа мазмұнды жанынан тауып қоспайды, сол өлеңдердің мазмұнын неғұрлым байытып, оның тарихи, психологиялық негізін, мотивтерін бейнелеп көрсетуге баса көңіл бөледі.

Қаламгер шығармасында оның жан әлемі мен өмір сүрген ортасының шындығы қатар көрініс табады. Шығармашылықтың осы ерекшелігін толық танып, игеріп алған жазушы негізгі тарихи мәні бар материалдарды кейіпкерінің өз шығармасынан табады. Қаламгер шығармаларын ол туралы, оның дәуірі туралы әдеби шығарманың тарихи-әдеби негізіне айналдырады. Бұл – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан бермен қарай жалғасып келе жатқан дәстүр. М.Әуезов қазақ әдебиетінде бірінші болып ақын шығармасын оның көркем бейнесін, өмір сүрген ортасын суреттеудің басты дерегіне айналдырған-ды.

Қазіргі қазақ тарихи романының дамуында М.Әуезовтің осы үлгісінің, ықпал-әсерінің маңызы аса жоғары болды. Өнер адамы туралы тарихи романдардың кең, өнімді дамуы бұл типтегі шығармаларға негіз бола алатын құжатты дұрыс анықтаумен де тікелей байланысты.

Өткен дәуірлерде өмір сүрген шығармашылық адамдарының шығармашық мұраларын, тарихи, этнографиялық, сондай-ақ фольклорлық матералдарды тарихи романның басты негізі ретінде пайдалану арқылы жазушы өз кейіпкерлерінің өзгеден бөлек ойлау ерекшеліктері мен еңбектерінің, олар өмір сүрген тарихи дәуірдің даралық сипатын терең, жан-жақты көрсетіп береді. Тарихи жеке адамның ойлау, сезіну сипатының бөлек табиғатын, оның еңбегінің, іс-әрекетінің барша қиын қырлары мен сырларын суреттеу жазушының эстетикалық нысанасы мен тұрғысын танытуға алып келетін маңызды шығармашылық құбылыс болып табылады. Бұлар да Мұхтар Әуезовтің көркемдік дәстүрімен тығыз байланысты.

Ж. Дәдебаев еңбегінде Мұхтар Әуезов дәстүрімен жазылған тарихи романдар ретінде Дихан Әбілевтің Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы «Ақын арманы», «Арман жолында», «Баянауыл баурайында» деген үш кітаптан тұратын трилогиясын, З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» романын, Тұрсынбек Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» деп аталатын ғұмырнамалық хикаясын, Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» (әл-Фараби туралы), С.Жүнісовтің «Ақан сері» романын шығармаларын атап өтеді.

Өздеріңе қосымша, түсінікті болу үшін, экзаменде жазбаңдар: Жанғара Дәдебаевты оқығанда типа осылай беріледі менің түсінуім бойынша: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы Абайдың өмірі туралы. Жазушы эпопеяны жазу барысында Абайды өлеңдерін, Абай туралы, ол өмір сүрген заман туралы тарихи деректерді басшылыққа алып отырған. Мысалы «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деген өлеңі бар ғой. Сонда сұлу қыздың бейнесі суреттелген. Бірақ кім туралы екені өлеңде айтылмайды ғой. Әуезов өз шығармасында сол образды Тоғжан бейнесін берер кезде пайдаланған. Демек, Абайдың өз шығармасын өзі туралы шығармаға негіз етіп отыр. Енді осы Мұхтар Әуезовтың дәстүрімен жазылған шығармаларды жоғарыда атап айттым. Солардың біреуінен мысал келтірейін: Сұлтанмазмұт Торайғыров туралы трилогияда авторы Дихан Әбілев Сұлтанмахмұттың өлеңдері, шығармалары мен басынан кешкен оқиғаларын негізге алып жазады. Бұл шығармаға дейін Сұлтанмахмұттың «Айқаптан» кетуінің шын себебі толық жазылмапты. Соны автор Сұлтанмахмұттың «Айқапта» жарияланған еңбектеріне сүйене отырып дұрыс бейнелеп береді. Сонымен қатар осы шығармасында Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» романы мен «Бір адамға» деген өлеңдеріне сүйене отырып жазған оқиғалар кездеседі. Жоғарыда аты аталған шығармаларда да солай.

Амбар батыр» жыры.

Қамбар Батыр– қазақ халқының қаһармандық жыры. Жырдың 19 нұсқасы белгілі. Қамбар туралы сюжетті (жыр желісін) алғаш жазып алған Л.Мейер оны «Киргизская степь Оренбургского края»(1865) атты журналда бастырған. Бұл Қамбар оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстыратын аңыз үлгісі. Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» (1888), Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» (1903) деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарияланған.1902 ж. Әбубәкір Диваев жазып алып, 1922 ж. Ташкентте бастырған.30-жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезовтер жариялап, 1957 ж. жеке жинақ болып шыққан. Қазақ даласының әр түрлі аймақтарынан жазылып алынған жырдың өзіндік ерекшеліктері бар.«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Назымның ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақ – дара мінез иелері. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді. Эпостағы этникалық мәліметтер оның оқиға суреттелетін кезеңнен кейіндеу туғанын аңғартады. Жырда қазақ халқының тарихи жауы – қалмақ, кейінгі этникалық бірлестік – ноғайлы атауларымен бірге қазақ этнонимі де жиі кездеседі. Қамбардың шыққан тегіне қатысты — уақ, «Ноғайлының Қамбары», Назымның әкесі Әзімбайға келгенде – «12 баулы өзбек» тіркестері қолданылған. Жыр сюжетінің алғаш аңыз түрінде туып, бері келе эпостық үлгіге ауысқаны аңғарылады. Ондағы көптеген ономастикалық атауларға қарап, Әуелбек Қоңыратбаев «Қамбар батыр» сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған деген тұжырым айтады. Кезінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Н.Смирнова, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдар зерттеп, пікір айтқан.

Шетелдік шапқыншылардың қанды жорықтарына қарсы асқан ерлікпен күресіп, одан ел-жұртын қорғаған, халқына айбар болған батырлар жайында ел арасында талай әдемі әңгіме-жырлар туған. Халық бұл алуандас шығармаларында өзінің батыр ұлдарын, олардың ерлік істерін ардақтап көрсеткен. Осындай ел қорғау, халыққа қамқор болу жолында жасалған ерлік істерді жырлау негізінде шығарылған және халықтық сипаты мол көркем жырдың бірі — “Қамбар батыр”. Бұл жырдың басты идеясы — халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туган. Сондықтан да, жырда әңгіменің осы жағы баса айтылады, соған көп көңіл аударылады. Батырдың ең негізгі міндеті: шетелдік шапқыншылар шабуыл жасай қалған кезде жауға қарсы аттану, оны талдап гуеңу, ел-жұртын қорғап алу екендігі көрсетіледі. Екіншіден, бейбітшілік кезде батырдың міндеті: халқына адал еңбегімен қызмет ету, халықты асырап-сақтау, жәрдем-көмегін беру екендігін суреттейді.

ЖЫРДЫҢ ЖИНАЛУЫ ЗЕРТТЕЛУІ. Оның негізгі бір нұсқасын Бектемір деген жырау айтқан. Біздің пайдаланып жүргеніміз де жырдың осы варианты. Жыр алғаш рет 1888 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Оны Ш.Хұсаинов бастырған. 1903 жылы бұл жыр “Тоқсан үйлі тобыр” деген атпен қазанда, ағайынды Каримовтардың баспасында, қайта б-сылып шықты. Бүдан кейін Ә.Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырды. Содан бері “Қамбар батыр” жыры бірнеше рет (1932, 1939) баспа жүзінде жарияланды және оқу хресто-матияларына еніп отырды. Қазақстан Республикасы Үлттық ғылым академиясының әдебиет институтының қолжазба фондысында “қамбар ба-тыр” жырының үлкенді-кішілі бірнеше варианты бар. Солардың ішінен 1959 жылы “қамбар батыр” деген атпен бір жинақ құрастырылып жарыққа шықты.“қамбар батырдың” варианттарында өзара аздаған айырмашықтары болғанымен, олар жырдың негізгі идеясына нұқсан келтірмейтіндігі байқалады. Бәрінде де басты кейіпкер қамбардың ел қорғаудағы ерлік істері, қарамағындағы ел-жүртын асырап-сақтауы, оған адал қызмет етуі айтылады.

Революцияға дейін “қамбар батыр” жырын зерттеуге арнап жазылган ғылыми еңбектер болған емес, тек кеңестік дәуірде ғана бұл жыр жайында біраз мақалалар, зерттеу еңбектері жазылды. Осылардың бәрінде “қамбар батыр” жыры нағыз халықтық, көркем жырдың бірі деп бағаланды.

Егер басқа жырларда батыр образы көрінсе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, батыр жырдың өне бойына көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстап жүрсе, олардан қамбар образының елеулі бір айырмашылығы бар. Жырда Қамбар ең алдымен шаруа адамы, еңбек ері бейнесінде алынады. қамбардың еңбекші халық ортасынан шыққан ер-азамат, патриот ұл екендігі аңгартылады. Ол — мынды айдаған байдың мырзасы емес, өзінің еңбегімен кәсіп еткен шаруаның өкілі. Бұдан еңбекші халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да, халықты асырап-сақтайтын еңбек ерлерін де ардақтайтындығы, олар жайында да батырлық жырлар тудырғандығы байқалады.

Халық жырының алғашқы бөлімінде қамбар “алпыс үйлі аргынды, тоқсан үйлі тобырды” асырап сақтаған еңбек ері бейнесінде алынады. Бүкіл ауыл-аймағы Қамбардың қолына қарайды, олардың бас көтерері де, сенгені, сүйгені де Қамбар болады. Мұны түсінген қамбар өзінің адал еңбегімен кәсіп етеді, аң аулайды. қарамағындағы ел-жұрты басқыншьшық жолымен, бөтен елді шауып алу жолымен емес, өзінің адал еңбегімен, аңшылықпен асырайды. Халық мұны батырдың ерлік еңбегі деп таниды.

Қамбарға ғашық болған Назым батырмен сырласудың жолын іздейді. Бірақ, оған қамбар алданбайды, көңіл бөлмейді. Назымның гашық екенін біле тұрса да, қарауындағы көпшілік жайын және оларды асырап-сақтап отырған өзі ғана екенін еске алған Қамбар қыздың тілегіне көңіл қоймайды. Бұдан, әрине, қамбарды махаббат сезімі жоқ деген үғым тумайды. “Мен Назымға көңіл бөліп, онымен болып кетсем, ел-жұртымның хал-жайы, күн көрісі қиындайды. Маган алғыс айтудың орнына қарғыс айтады”,— деп біледі, Сон-дықтан да ол Назымның ұсынысына бой ұрмайды. Екіншіден, байлық, дәреже жағынан алғанда, Қамбар өзінің Әзімбай балаларымен тең еместігін біледі. Олардан ер-азаматтыгы, жігіттігі, адамгершілігі жоғары тҰрса да, әлеуметтік жөнінен бірдей емес екендігін сезеді. қамбарды Назым сүйгенімен де, әзімбайлар жек көретіндігін, олар “сіңірі шыққан кедейге” қызын тегін бермейтіндігін аңғарады. Мүндай әлеуметтік теңсіздік жағдайда Назымға қосылу мүмкін еместігін түсінеді.

Әзімбай балаларының ішінен бөліп алып жырдың жағымды кейіпкер бейнесінде суреттегені — Назым мен Алшыораз. Бұлар-дың жағымды кейіпкер болуы — тоқсан үйлі тобыр арасынан шыққан қамбардың адамгершілігін, ел үшін жасаған ерлік істерін дұрыс бағалай білуінде. Жырдағы жағымсыз кейіпкердің бірі — Әзімбай. Ол — кісі еңбегімен мал жинаған, соған масаттанған, бірақ қиыншылық іс түскен кезде қолынан еш нәрсе келмейтін қорқақ адам. Әзімбай образы халық жырында екі түрлі мәселенің бетін ашу үшін алынған. Біріншіден, әзімбай арқылы халық жыры езуші мен езілушінің арасындағы таптық жайларды елесте-туді, оның ерте заманнан келе жатқандығын аңғартуды көздейтіндігі байқалады.

ЖЫРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ТІЛІ. “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын” жырларымен салыстырғанда, “Қамбар батырдың” тілі композициясындағы жырдың өзіне тән ба-сты ерекшелігі — оқиғаны әр түрлі шегініс жасау арқылы жырлауында . Егер “қобы-ланды батырда” оқиға басты кейіпкердің ерлік істерін ба-яндау арқылы үзбей дамып отырса, “қамбар батыр” жы-рында бұл жағдай өте сирек кездеседі. “қамбар батырда” жыршы ақын бір оқиғаны айтып келе жатады да, оны бітірместен үзіп тастап, екінші әңгімесіне көшеді. Оны аяқтамай, үшіншісіне ауысады. Жыр оқиғасын осылай ба-яндау белгілі бір жүйеге айналады. Мұның мәнісі жыр оқиғасын тыңдаушыға қызықты етіп жеткізу, алғашқы әңгіменің кейіннең немен аяқталғанын білуге құмарттыру ниетінен туған тәрізді.

Йқас түрлері.

Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.

Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.

Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда, алдымен, оның сапасын, яғни сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Бұл жағынан келгенде ұйқасты толымды ұйқас және толымсыз ұйқас деп бөледі. Мәселен, мақтанба, баптанба – толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып – толымсыз ұйқас екені өзінен-өзі көрініп тұр.

«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:

1) қара өлең ұйқасы (ааба),

2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),

3) ерікті ұйқас (абвгб),

4) кезекті ұйқас (абвб),

5) шалыс ұйқас (абаб),

6) егіз ұйқас (аабб),

7) аралас ұйқас (аабвбвббб),

8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».

Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:

Астыма мінген атым Бұқпа қара,

Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.

Аулыңның сырт жағынан ән салайын,

Даусымды танымасаң, шық та қара!

Кезекті ұйқасқа мысал:

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім (Махамбет)

Шалыс ұйқасқа мысал:

Желсіз түнде жарыық ай,

Сәулесі суда дірілдеп;

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп (Абай)