С.Қирабаев –әдебиет зерттеушісі
Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік былай деп жазғаны бар:”Көркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстармен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет. Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық ұғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос” -,деп жазады Н.Ғабдуллин. Әдемі айтылған сөз. Және бұл-сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы. Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағаны анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүйсініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартыпғ алыстан өлеусірей жылтыраған жарықтай әзер-әзер көрініп тұрса да, оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Сыншы абайлап қарамақ. Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек. 1948 жылы Соц.қаз. газетінде ақын Жақан Сыздықовтың “қос қыран” атты жаңа өлеңдер жинағы жайында Серіктің рецензиясы жарияланды. Бұл оның баспасөз бетінде алғашқы жарық көрген сын еңбегі еді. Рецензия авторы ҚазПи-дің фил.фка. 2курс студенті болатын. Сын өнеріне икемін өзіне де аңғартып, өзгеге де байқатқан осы бастапқы еңбегінен кейін,ол сыншылық жолға белді бекем буып түсе бастады. Қаламы да бірте-бірте ұшталып, өткірлене берді. Ойы да қанаттанып өсе берді. С.Қ-тың творчестволық жолына қарасақ,оның әдеби сапарының қатар жарасып келе жатқан 3 саласын байқаймыз. Бір саласы-қазіргі әд-тің жай-күйі жайындағы, замандас қаламгер творчествосы хақындағы әдеби-сын мақалалары, екінші тармағы-ұлттық әд-дің даму кезеңдері,өсу жолының ерекшеліктерін сипаттайтын ғылыми зерттеулері, үшінші саласы-әдеби оқулықтар және әд-гі оқыту проблемасын қарастыратын методикалық еңбектері. С.Қ-тың сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ совет әдебиеті мәселелеріне арналған. Сыншының бұл еңбектерінде советтік ұлттық әдебиеттің ірге тасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп өскен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан – сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. Осы еңбектер жүйесінде, бәріне ортақ бір ғана желі бар. Әрқайсысында таратылып айтылатын пікір оқшау-оқшау қалмай, сол желіге сабақталып отырады. Және бірін-бірі толықтырып,үдей дамып, ой арнасын кеңейте береді. Сөйтіп, ұлттық әдебиеттің өркендеу кезеңдеріне тән белгілерін жақсы айқындап танытады. С.Қ-тың сын-зерттеу еңбегінің үлкен бір бөлімі-жеке қаламгер творчествосы туралы сөз қозғайтын мақалалары. Бұларда қазақ совет әдебиетінің іргесін қаласқан әйгілі шеберлерден бастап, бүгінгі шаққа дейінгі әр буынның көрнекті өкілдерінің өнер сапары сипатталады. Және айырықша сүйсініп айтарлық жай:сыншы жазушы еңбегі туралы сыр шерткенде, қаламгердің бүкіл өнер жолына көз жіберіп, оның алғашқы қанат қағысын да еске алып, асқан асуларын да, көтерілген биіктерін де көріп, өнерпаздың кей-кейде мүлт кеткен сәттерінде де байқап, бірақ кең тынысын танып, шарықтап бара жатқан екпініне қуанады. Бұл топтағы мақалаларында жазушылардың творчестволық портреттері жасалды. Сыншының Жамбыл, Ж.Аймауытов, І.Жансүгіров, Бейімбет, Баймағамбет, Мұхтар, Сәбит, Сабыр, Иса, Қасым, М.Иманжанов, Ғабит, Ғабиден, Асқар, Ғали, Фариза, Оралхан т.б. қаламгерлер творчествосы туралы жазған сын-шығармалырында дәл осы сипат бар. С.Қ-тың ғылыми-зерттеу саласындағы бастапқы еңбегі - Спандияр Көбеевтің жазушылық қызметі туралы монографиясы. Бұған жалғаса жазылған монографиясы Ғабиден Мұстафин творчествосына арналады. 1962ж. С.Сейфуллин атты монографиясы жарық көрді.
84. Н.Байғанин дастандары.Нұрпейіс Байғанин 1860ж. Қазіргі Ақтөбе обл. Темір ауд. Байғанин колх. Д.к. Жасынанкедейшілік өмірді, қиянат қорлықты көп көріп өседі. 16-17 жасынан бастап-ақ бала жыршы, кейін жаяу жыршы атанады. Н.жырлаған халық жырларынан Құбығұл, Төрехан, Қобыланды бар. Оның революциядан бұрынғы өмірінде ол ақындықтан гөрі жыршылықты көбірек ұстанған. Н-тің революцияға дейінгі бостандықты аңсаған халық-ң мұң –мұқтажын, арман-тілегін суреттейтін, заман мінін батыл сынайтын көптеген жалынды өлеңдері сияқты ұзақ сонарлы уақиғалы дастандардың да идеясы биік, халықтың сана-сезімін оятуға, күреске шақыруға арнал,ған құнды, мәні зор шығармалар. Оның жырлары көп тақырыпты. Кеңес тақырыбы, Қазан рев-сы, оның маңызды тур, жырлаған Гүлденген заман,еңбек тақ-ы, отан тақ-ы, Қазақстан, Гүлденген дала, Ұлы Отанның сүйікті ұлы болыңдар.
Эпостық жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған “Ақкенже”, “Нарқыз” сияқты өз туындаларын шығарды. “Ақкенже” дастанында қазақ әйелдерінің тағдыры сол кезеңдегі нақты өмір мәнімен үндес, жан-жақты суреттеледі. “Нарқыз” — қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған, идеясы анық, көркемдігі жоғары шығармаларының бірі. Байғанин Нұрпейіснің дастан, эпостық жырларынан басқа да сатиралық өткір, қысқа өлеңдері және “Кектің дауысы”, “Қазақбаймен айтыс” сияқты көлемді шығармалары бар. Байғанин Нұрпейіс шығармашылық жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады (“Қазақстан”, “Гүлденген заман”, “Өңімдегі жұмбақ”, “Ғажайып көрмеде”, “Москва”, тағы басқа). 1938 жылы Жамбыл Жабаевтың мерейтойына қатысып, “Ақын шабыты”, “Жамбылға”, “Көрімдік”, “Ғасырдың қарт бұлбұлы”, тағы басқа жырлар шығарды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің ашылу салтанатына, Қазақстан жазушыларының екінші съезіне (1939) қатысты. Ақынның кейіннен “Өрістегі өмір” (1938), “Ақын” (1939), тағы басқа дастандары жарияланды. “Ер туралы жыр” (1942), “Жиырма бес” (1942) поэмалары Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтере білді. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. Байғанин Нұрпейіснің “Ақын шабыты”, “Ақынға”, “Отарба”, “Зор майданға шапшаң бар”, тағы басқа өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған.