Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романы
Жүсіпбектің "Қартқожа” романы тұңғыш рет 1926-жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл – ауылдағы қарапайым қазақ азаматының өмірін, оның əлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ əдебиетінің алғашқы көлемді шығармасы. Онда қазақ аулының революция алдындағы жəне əлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Əсіресе, жазушы осы тартыстар талқысында қарапайым қазақтың қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, əлеуметтік əділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ аулы өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917жылғы февраль революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі əлеуметтік күрестерге араласуы, "Алашорданың” құрылуы, Октябрь революциясы мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаћарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгерібасады, болашаққақарайды. Қартқожаны жазушы бірден озық идеялы жаңа қаћарман етіп жібермейді. Бар тіршілігі теңсіздік, жоқшылықпен өткен қазақ шаруасының баласы өмір талқысына түсіп, біртіндеп көзін ашады, өмірден сабақ ала отырып өседі. Оның бəріне себеп – ХХ ғасыр басында туған əлеуметтік революциялар дəуірі. Егер ол болмаса, Қартқожа да əкесі Жұман тəрізді шағын шаруасын күйттеген момын шаруаның бірі болып қалар еді. өскен ортаның саңылаусыз қараңғы, көнтері тіршілігі Қартқожаны да əуелде əке жолына салғалы тұрғаны романда бірден көрінеді. Екі жеңі сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да тазармаған, болпиған, анау-мынауды елең қылмайтын, ұстамды, момын, аңқау бала даланың жайбарақаттығын бойына жинап өскелі тұрғандай елестейді. Бірақ ойшыл, оны-мұны көргіштігі тағы бар. Көшпелі тіршілік пен рушылдық-ағайыншылдық қарым-қатынас қазақ ауылындағы қайшылықтарды сырт көзге бірден көрсетпей, жасырын ұстауға тырысқанымен, ел ішіндегі таптық жік, қоғамдық əділетсіздік, əсіресе, кедейлер өмірінде көзге түспей қалмайтын еді. Қартқожа да есін жия келе осыны көре біледі. Ол өзін кемсітіп, əлімжеттік жасай беретін бай балаларының қылығына қоса, əкесінің əлділерден көрген қорлығын да ойына түйіп өседі. Əлділерге қарсы істер дəрмен өзінде де, əке қолында да жоғы ызаландырады. Кейде: "Əттең, менің кедейлігім-ау! Əйтпесе, солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатындакүнболар маекен?” депкіжінеді. Қожа-молда алдына барып сабақ алу, намаз, құран оқып құдайға жалбарыну да Қартқожаны кедейліктен, зорлықтан құтқара алмайды. Ендігі оның арманы – орысша оқу болады. Бірақ бұл – ауылдың кедей баласының қолы жете бермейтін ұзақ жол, тек арман ғана. Қартқожаның Уфа медресесінің шəкірті мен Жүніске кездесуін суреттеу арқылы жазушы оның көкейіндегі арманды ұлғайта түседі, қаћарманын іштей ұзақ ізденіске дайындайды. Қартқожаның шындықты, əділдікті тануы жолында 1916жыл оқиғаларының маңызы бар. Əуелде патшаға, болысқа қарсы топты көріп, қызықтаған ол бірте-бірте сол іске өзі де араласады. өйткені, жасын өсіріп жазып, болысоныда майданның қаражұмысына алуға жазыпқояды. Осы бір көтерілісшілерімен бірге жүрген күндер Қартқожа үшін үлкен мектеп болғанын көреміз. Бұрын ауыл маңынан ұзамаған бала көп ішінде жүріп, халықтың əрқилы тобын, олардың мінез-құлқын, тіршілігін таниды. Болыстың елге жасап отырған əділетсіздігін, зорлығын көреді. Соған қарсы батыл қол көтерген Дəрмен сияқты азамат жігіттер де ел ішінде барын біледі. "Дүниеде болыстан жауызжанжоқ… Дəрмен біліп жүр екен. өлтірер ме еді!” деген ойҚартқожа басынасондакеледі. Бірақ құр ызаланған, кектенгені болмаса, Қартқожа ондай кек алу жолына шығаалмайды. Көтерілісбасылып, өзісолдатқаалыныпкетебарады. Баласының көтеріліске қатысқаны үшін жаза тартып, бар малынан айырылып, сорлы əкеқалабереді. Қартқожаның рухани өсуіне жол ашқан – солдат өмірі. Бұл кезде ол тыс жерде, көрмеген ортада жаңа өмір кешеді, қараңғылықтан жарыққа шыққандай сезінеді. Оның көзін ашып, оң мен солын тануына себеп болған Андрейді ол өлгенше есінде сақтайды. Патшаның тақтан құлауынан кейін елге қайтқан Қартқожа ендігі жерде оқусыз, білімсіз өмір сүру мүмкін еместігін үғынады. Қол қысқалықтың қырсығынан ара-тұра кəсіп қуа жүріп (Баян, Семей, Омбы арасында), ол оқуын жалғастырады. Алашордашылардың тарауы, большевиктердің келуі, қашқан ақ əскерлерінің қылықтары оның əділет, бостандық туралы ұғымдарын толықтырады. Осылардың нəтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді. Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, іске шақырады. Ескіні күштеп қиратып, жаңаны мықтап тындырып жатқан қаћарман əрекеті көрінбегенмен, Жүсіпбек Қартқожалардың өмір талқысынан өтіп, əділдік жағын табуын, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ əдебиетіне жаңақаћарманның келгенін əйгіледі. Оныңістейтін ісіəліалдаеді. Қартқожа романда жалғыз емес, оның алды-арты, өскен ортасы, айналасы шығармада жақсы суреттеледі. Əсіресе, оған адамгершіліктің, азаматтықтың, жігіттіктің туындай көрінген қайратты Дəрмен (ол соғыста қолға түсіп, жау қолынан атылады), Қартқожаның оқып, адам болуына көмектесіп жол сілтеген Хасен, окоп жұмысында бірге болған Андрей, кейін Омбыда оны интернатқа орналастырып, оқуына жəрдемдескен Полидуб бейнелері Қартқожаны толықтыра түседі. Əсіресе, Андрей, Полидубтармен кездесулер арқылы жазушы жаңа қоғам орнату жолындағы күресте қол ұстасып бірге жүрген орыс-қазақ халықтарының достығын, орыс адамдарының қарапайым қазақ баласының оң мен солын тануына көмектескенін орынды бейнелейді. Қартқожа Андрей мен Полидубты жақсы көріп, əрдайым еске алып жүреді. Романда айрықша көзге түсетін нəрсе – көшпелі қазақ аулы өмірінің жүдеулігі, қоғамдық əділетсіздік. Мұны біз Қартқожа туып-өскен ортаның, отбасылық тіршіліктің, ескі ауылдағы əлдінің əлсізге жасаған зорлығы фактыларынан, осы негіздегі қақтығыстардан танимыз. Талапты Қартқожаны оқытпай, ауылға байлап қойған да – осы жоқшылық. "Тастаған шоқпар сорлыға тиеді” дегендей, қырсық та Жұман үйін айналдырып, жұт та алдымен осыларды жалмайды. Кедейдің барлы-жоғын жұтатқан қыс суреті жазушының шебер қолымен жасалған, ол жайсыз табиғат көріністерін көз алдыңа жайып салады. "Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпейді. Қас қараяр-қараймастан күн батыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштай жаман, жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарысып, темір қазықтантаймай, ызғырадыдатұрады”. Жүсіпбек реализмі ел тіршілігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмсартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттейді. Қартқожаның көтерілісшілер ортасында болған кездегі көргендері, жасақтың жиналып, тау арасында босқа жатқан күн көрісі жалпы көшпелі елдің бейжай, берекесіз тіршілігін еске салады. Біреулер уақытты қалай өткізерін білмей, ұсақ-түйекпен алданса, енді біреулер тамақ аңдып, таласып-тармасып жатқаны. өзбасымен ойлап, жоспарлы күрес жүргізіп, ұйымдастырып жатқан ешкім жоқ. Жиналғандар не істерін білмейді. Осындай берекесіз тіршілікке, рулық талас-дауларға алданған жұрттың жеңіске жете алмай, ыдырауы да заңды еді. Қартқожа осыны көреді. Ыдырыс қажы ауылында да ол дағдарған елдің "тасаттық” беріп, босқа шығынданып жатқанына, молданың өз құлқынын көздеген шариғатының алдамшылығына куə болады. "Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, "жақсылардың”, "адамдардың” түрі анау, мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп барады. Жүздеген жауыздар масайрап, тамақтан басқа қамы жоқ, елді еміп жатады. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды құрбан етеміз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Əділет, теңдік, адамшылыққайда?” – деп ойлайды Қартқожа. Осы жағдайлар біртіндеп Қартқожаны халық жағдайы, оның тағдыры, болашағы туралы ойларға алып келеді. Оның саналы күреске бет бұруына негіз болады. Жазушы оны шығарма соңында ашық айтады. "Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтарға қазақтың неше Жайдархандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та, орыс та Андрейдің, менің көргенімді көрсе, көзі ашылса, менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді-ау, – деп бір мезет ойлайды. Бірақ ол мүмкін бе? Барлық адам баласының "мінезін, құлқын, жүрегін бір қалыпқа салып шығаруға бола ма?” – деп жазады Жүсіпбек. Бұл үзіндіден халық тағдырын ойлау дəрежесіне көтерілген роман қаћарманының адамды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілігі тұрғысынан бағалайтын адал бауырмалдығын көреміз. Сонымен бірге ол өмірдің бір қалыппен жүрмейтін күрделілігін де түсінеді. Шығарма қаћарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор қазақ ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі – жалынды жастардың” (автордың арнау сөзінен) қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойлары Қартқожа бейнесі арқылы өрбіп дамиды. Шығарманың шұрайлы тілі – жазушы шеберлігінің айқын көрінісі.