Шығарма кейіпкерлері

· Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.

· Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.

· Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.

· Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.

Маңыздылығы

Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.

 

Көркем әдебиеттегі романтизм.

Романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларда көңіл аударады. Ф.Энгэльс романтизмді ерекше жағдайда ерекше характер жасау жолы деп көрсетеді. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері: суреттелер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтің өзі осы шақтыкі емес, шығарманың идеялық көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады, автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, әсерлі келеді.

Романтизм -( роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай ой- қиялмен ұштастырып суреттеу)- әдебиеттегі көркем өнердегі өмірдің жарқын жағымды жақтарын көбірек алып көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Сондай-ақ осындай әдісті қолданған қалыптастырған әдеби ағым әдеби бағыт деген мағынада айтылады.

Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзбен қарау,шарық ұрып іздену, қиялға берілу болса,революционер творчествосында ол жаңашылдықпен алға ұмтылуымен ұштасты. Соңғы мағынасында романтизм белгілі бір дәуірмен сол кездегі әдеби процеспен нақтылы ақын- жазушылардың творчествосымен байланысты алып қаралады. Романтизм әдісі негізінен алғанда жазба әдебиетінде 19 ғасырда пайда болды. Европа халықтарының әдебиетінде орыс әдебиетінде романтизм нақтылы қоғамдық өмір шындығына романтикалық арман- мұратты қарама-қарсы қояды. Мұның өзін бір жағынан қиялшылдық,күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрған жарқын өмірді аңсау,алға ұмтылу десек, екінші жағынан өз ортасын олқы көріп өз кезіндегі қоғамдық тәртіпті қабылдамау оған наразылық білдіру десек болады. Қоғамдық өмірге сын көзбен қарау орыс әдебиетінде М.Ю.Лермонтов шығармаларынан көрініс табады. байытты. Романтизмнің тиімді ұтымды жақтары оған ілесе өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске қарсы қою дұрыс емес. Қазақ әдебиетінде ромнтикалық сарын М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» атты дастанында айқын көрініс тауып өте әдемі әсерлі болып шыққан.

Оның әсері айтарлықтай болып, көркем өмірдің барлық саласын, философияны, тарих және филология ғылымдарын, табиғаттанудың көптеген салаларын, тіпті медицинаны да өзіне бағындырып алды. Бір ғана елдкі болмай,Евромен бірге Американы да жаулап алған романтизм өзіне дейін болған ренесанс, классицизм, ағартушылық сияқты мәд-ң тұтас бір дәуіріне айналды. Романтизм терминінің тарихына, оның мазмұнын ашуға арналған талай еңбектер жазылғанымен де күні бүгінге дейін оның анықтамасының жақсы зерттелінген тарихы бар да қазіргі ой-пікірдің қажетін өтей алатын оның түрлі жақтары күштеп қойылып келді. Романтизмнің таралған уақыты-18ғ. Соңғы жылдарынан бастап 19ғ-ң орта шеніне дейін. Оның шарықтауы түрлі елдерде түрліше уақыттарда өтеді.Романтизмнің ең жақсы дәуірі деп,

Европада үлкенді-кішілі революциялар, ұлт-азаттық қозғалыстары болып өткен 1796-1830жылдардағы кезеңді атауға болады. Бұл революциялардың аралығында саяси тынышталулар, қираған ескі жүйені қалпына келтіруге әрекеттер жасаған, не қауіп төнгенде оны нығайтуға ұмтылған сияқты әрекеттер жасалынған жылдар ұзақ уақыттар жатты. Дегенмен романтизм-француз рев-ң жемісі,өйткені оның түпкі табиғаты,негізі осыны аңғартады. Романтизмге толығырақ анықтама берген-ң бірі жас кезінде Герматидағы романтизмнің Иен мектебі мен байланысты болған Шеллинг еді. Романтик Иенді еске ала отырып Шеллинг: “Тамаша бір уақыт еді...адам рухы барынша ашылып,өзін өмірдегі бар еркіндікке және оның не нәрсе екендігін емес, не істеуге болатындығын сұрауға толық құқылы еді”-деп жазады. Жаңаны, ғажайыпты, өзгешені романтиктер нәрсенің өзінен де, оны қарстыру тәсілінен де көреді. Романтикалық бағдарлау белгілі нәрсенің өзінен де жаңа, әлі белгісіз байланыстар табады.

А.Сүлейменовтың драмалық шығармалары.Асқар Сүлейменов (29.12.1938, Шолаққорған елді-мекені, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы – 15.5.1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург. 1959 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) бітірген 1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) аспирантурасын бітірген 1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған "Созақтың үстінен құс ұшырған емеспін, ұшырмаймында..." Сүлейменовтің “Бесін” (1970), “Адасқақ” (1988), “Бесатар” (1996) прозалық шығармалары, “Арғымақ пен шабандоз”, “Кек” (1978, 2002) драмалық жинағы, “Парасат падишасы” (1998), “Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген. Сүлейменов жаңа идеяларды генерациялауға, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан азат жаңа әдебиет жасауға ұмтылды, өз идеалы үшін күресті. Сүлейменов шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:Сыншылық кезең. Алғашқы кезеңде ол көркем сын жанрына жекелік сипат дарытуға ұмтылды, көркем шығарманы көркем мәтін қағидасынан тыс талдады. “Түр туралы бірер сөз” (“Жұлдыз” журналы, 1963) мақаласымен әдеби ортада үлкен айтыс тудырған Сүлейменовтің көркемдік-эстетикалық ұстанымдары негізінен осы кезеңде қалыптасып айқындалды. “Өнердің өмірден айырмашылығы – өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар. ...Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді” деп түсінген суреткер сыншы ретінде көркем шығармаға қояр биік талабын проза мен драматургияда жүзеге асырды. Ойы құнарлы, көркемдік құрылымы айрықша шығармалар туындатты.

Прозалық кезең. Прозалық кезеңде Сүлейменов шығармаларында XX ғасыр прозасының қағидалары толығымен дерлік көрініс берді, ол модернист қаламгер саналды. Қазақ әдебиетіндеқұбылыс ретінде бағаланған “Бесатар” повесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Созақ көтерілісін соны көзқараста зерделеді.

Драматургиялық кезең. Суреткердің драмалық кезеңіндегі шығармалық жаңа өнер философиясы аясында талдауды талап етеді. Ол С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі”,М.Булгаковтың“Жендеттер”, Б.Брехттің “Сычуанның мейірі”, Э.Хемингуэйдің “Бесінші колонна”, Т.Уильямстың “Әйнек айуанхана”, т.б. пьесаларын қазақ тіліне аударған.“Ситуациялар” үштағаны үшін (“Жетінші палата”, “Қыздай жесір – штат қысқарту”, “Төрт тақта жайнамаз” драма-диалогтары) Сүлейменовке ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1996). Сүлейменов есіміСозақ ауданындағы өзі оқыған мектепке (1994), Сарыағаш қаласындағы бұрынғы Ильич атындындағы мектепке (1999) берілген.