Б.Күлеев шығармашылығы.(1899-1923ж)
XХ ғасырдың бастапқы кезеңінде өмір сүрген поэзиясында азаматтық сарынды, азатшылдық рухты, сыршылдық пен ойшылдықты нақты жырлай білген, жарқ етіп бірден көзге түскен ақынымыздың бірі-Бернияз Күлеев. Ақын өмірбаянының алғашқы, негізгі ғұмырнамашысы – ақынның замандасы, жақын жолдасы, қарт журналист Мерғали Ешмұхаметұлы. Сол кісінің жазуы бойынша Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші ауылында (қазір Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келген. Небәрі жиырма төрт-ақ жыл ғұмыр кешіп,өзінің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор болды. Бернияз өзінің шығармашылық жолын ағартушылық бағытта бастады. Оның алғашқы алған ақындық нәрі Пушкин мен Абай, Ыбырай мен Махамбет шығармалары және халықтың бай ауыз әдебиеті болды. Бұлардан басқа өзінің замандас ақын-жазушылары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев шығармашылығын мейілінше ой елегінен өткізе оқиды. Мұнда поэзиясының болашақ бағытына ерекше әсер еткен М. Жұмабаев шығармашылығы болғандығын атап өткен орынды1917ж Орынборда қазақ мұғалімдер семинариясына оқуға түсті.1919жОрынбор қаласының революция комитетінің Ақтөбе қаласындағы төтенше комиссары болды.1920жҚазАССР комиссариаты оны Қазанға көркем әдебиет шығ басып шығарарушы өкіл етіп тағайындады.1923ж 29-қаңтарда ақын өмірі күрт үзілді. «шығыс клубы» атты жастардың мәдени орталығында Зейнеп Ахмеровамен танысып,махаббат құрады.Алайда Зейнептің атаа анасы келісім бермеу салдарынан ғашықтар атылып өледі.М.Жұмабаев ақын өліміне арнап азалы өлең жазады. Б. Күлеев шығармашылық жолын ағартушылық бағытта бастаған ақын. Бірақ сыр мен сезім оның өлеңінің өн бойында өріліп жатады. Бұл сарын ақынның алғашқы туындылары «Ойдағым», «Өзім» секілді өлеңдерінде ерекше көзге түседі. Сонымен қатар саяси азаматтық тақырыпта жазылған өлеңдерінде көтерілген мәселені, айтылар ойды көңіл-күймен, сол сәттегі сезіммен астастырып отыра жеткізді. Бернияз көңіл-күй сырларын шертетін «Аңқыған гүлдің иісінен», «Көңіліме», «Қиял сөзі», «Қайтер едің?», «Жас жүрегіме», «Жастық күнім» өлеңдерінде ақын лирикалық қаһарманның сыршыл-сезім күйін көркем бейнелеуге ұмтылды. Ақынның адамның нәзік сезімін жеткізуде қаламы ұщқырлана түскенін аңғару қиын емес. Мұнда ол сырлы да, мұңды, сыршыл да көркем лирикалар туғызып, шеберліктің қыр-сырын жете меңгерген сыршыл ақын көркем образдарға жан бітірер шынайы суреткер ретінде қалыптасқанын танытады. Адамның көңіл-күйін, ішкі сырды, толғанысты терең ашуға ұмтылып, оны күйлі мұңмен тоғыстыратын өлеңдері көптеп кездеседі. Бұған мысал ретінде «Қапы қалдым», «Не етер едім», «Қалау беру», «Жалғыз өзім жат жерде», «Жас теректің жапырағы», «Алшы, тәңірім, алшы, ал!», «Жүрегіме», «Ойла, ойла, ойға тойма», «Бүгін-ертең», «Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып» өлеңдерін айтуға болады. Шығармашылығының ең бір жемісті кезеңі 1913-14 жылдары болды.осы кезде 40тай өлең жазған. «Аңқыған гүлдің иісінен» «Қиял сөзі» «Қайтер едің» «Жастық күнім» «Көңіліме» «Жырла да зарла көңілім»атты өлеңінде сүйікті жылуына бөлене алмаған зар мұңы, «қайырымсыз көңіл», «мұңлы жүрек» «суық ой» т.б образды тіркестерді кездестіруге болады. «Неге?» атты өлеңіндеөз сезімін сөз етеотырып,соған қатысты риторикалық сұрақ қояды.Мыс:
Жұрт жатқан жеті түндерде
Неге бұл ұйқым келмейді,
Сайраған құстар үндерге
Ой неге көңіл бөлмейді.
Бернияздың таңдамалы тұңғыш жинағы 1969 жылы ғана «Айтшы, ақ қайың» деген атпен жарық көрді. Осы жинақтың алғы сөзін жазған белгілі ғалым Ысқақ Дүйсенбаев Бернияздың ақындығы туралы: «Сыршыл да нәзік лирикасы әсем баллада-поэмалары мен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде жарқ етіп, бірден көзге түскен аса талантты ақын Бернияз Күлеевтің (1897-1923) есімі көп уақытқа дейін ұмытылып, жөнді аталмай, қазақ поэзиясына қосқан оның елеулі үлесі ескерілмей келді» делінеді.
АҚЫН ПОЭМАЛАРЫ:Ақын поэмаларын зерттеген Ә.Дербісалин.Бізге жеткен поэмасы төртеу. «Жорық» «Жердің жүзі жаз еді» «Қайда екен» «Гүл» (Жындымын ғой кейде қаны таситын аяқталмаған). «Жорық» поэмасы Б.К.туған халқының өткен тарихына шолу іспетті шығарма.Ұлтының азаттығын аңсау,романтикалық щабытқа толы поэма.П.ежелгі аыз,ертегі эпостық шығарма үлгісіне бой ұрған.Қырық күн ұйықтайтын батыр,белгісіз жау оның негізгі ойын жеткізудегі шартты нәрселер.Поэма:
Ел ұйқысы қырық күн,
Қыз қылығы қырық түн.
Ояна кетсем жоқ түк үн. деп басталады.«Жорық» поэмасы жаңа өлең өрісімен оршіл рухта жазылған. «Жердің жүзі жаз еді»- 318 жолдан тұратын мазмұны көркем табиғатпен астасып жататаын көркем шығарма.Ғашықтық басты тақырыбы. «Қайда екен?»438-жолдан тұрады.Ғашықтық,сағыныш, сйгенді аңсау,сарыны басым.Ақ қайыңмен тілдесіп,өз поэмасының иірімін табиғатпен астастырады.Сағыныш оның басты тақырыбы ол өзі осы поэмасын «қияли поэма» деп атаған.КШәменов:1922жылдың «Қайда екен?» «Жорық» «Гүл» поэмаларын ьір айдың ішінде жазған дейді. «Гүл» мұнда да кейіпкер табиғатпен тілдеседі.К.Шәменов бұған баллада деп баға береді.Негізгі идеялық арқауы ғылымды меңгеру мен дүние сырын білуге ұмтылған,күшпен бақытты болғандарды әшкерелеу.
Б.Күлеев - ұлы Абай үлгісіндегі ақын. Бернияз Абайдың поэтикалық үлгісін қолдана отырып, біршама өлеңдер жазды. Мысалға, Абайдың «Сегіз аяқ», «Алты аяқ» үлгілерін өз өлеңдерінде шебер қолдана білді. Көп өлеңдері, негізінен қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас түрімен жазылған. Мысалы, ақын «Сүйікті қайғылыға», «Гүләндамға», «Жалғыз өзім жат жерде», «Алалық», «Бостандық күнінде», өлеңдері мен «Жердің жүзі жаз еді», «Қайда екен?», «Жорық» поэмаларын айтуға болады.
Бернияз Күлеев- көркемдік қарымы мол, сырлы да сыршыл ақын. Ол көркем образ, бейнелі сурет-сезім тудыруға шебер. Оның суреткерлік қаламының көркемдік бояуы қанық. Ақынның поэтикалық тілінде әртүрлі ауыстырулар, құлпыртулар, көркемдік айшықтаулар жиі кездеседі. Оның өлеңдерінде сан алуан ұтымды теңеулер мен метафорлар сәтті жарасым тапқан.
Айта кетсек, Бернияз шығармаларын кеңінен зерттеген зерттеушілеріміз А. Еспенбетов, Ө.Әбдиманұлы, А.Шәріп, С.Жәмбеков, Л. Мұсалы және т.б. ғалымдарымыз өз үлесін қосуда.
Қорыта келгенде, Бернияз өлеңдерінде заман тынысын кемел тұрғыда көркем кестелеген ақын болып, өз дәуірінің, кезеңінің үні бола білді. Ол – шын мәнінде халықтық әдебиеттің алтын қазынасын аршып, ұлттық дәстүрдің озығын өлеңіне өзек еткен ақын. Сөзден сұлу өрнек өрген ақынның қазақ әдебиеті төрінен мәңгілік орын алары еш талас туғызбайды. Бернияз шығармашылығын азаттықты аңсаған поэзияның соңғы жыры еді десек қателеспейміз.