Шығарманың басты кейіпкерлер
· Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
· Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
· Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
· Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде есте қалады.
· Ұрқия- Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Жазушы Ақбілекті өмір-тағдыр талқысына сала отырып, ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы-кеңестік кезеңнің талабы. Қазақ әйелінің еркіндік алу салтанаты, жемісті сәті. Сондай-ақ, Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің өзара әңгіме-сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы - бай-кедей, тап мәселесіне алып келеді. Әкімшілік кілті кедейдің қолында болып, кооператив, артель ашу қажеттілігін Ақбала қадап айтса, білімі тәуірлеу, кітапты көп қарастырған Жорғабектің саясат пен тап тартысы, капитал дәуірі мен төңкеріс туралы көзқарастары кей тұстары әсерлі шығып отырды. Ақбілектің, Балташтың, Жорғабектің арасындағы әңгіме қазақ даласындағы қайнап жатқан саяси өмірді көруге болады.
Ж. Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға – Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт атты бұзғанды. Олар бейбіт ауылдың апшысын қуырды. Үлкен үй – дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес.
Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың сойқан жәбірі еді. Он екі дебір гүлі ашылмаған – Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды...Ақбілектің жан дауысы, шерлі мұңы, сезімі барға жеткендей-ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Бірақ ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жеген азап пен қорлық ұмытылғандай болып еді. Бірақ ел ішіндегі өсек-аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы жан жарасын одан сайын қоздырды. Ақбілек трагедиясы сол кездегі ұлттық мәселелермен байланысты. Ақ орыс солдаттарының ұрлап әкетуі, Ақбілекті қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің қашқақтауы, атастырған күйеуінің тайсақтауы, ел-жұрттың оған бір түрлі аяушылықпен қарауы өлімнен де ауыр. Оның үстіне орысты кәпір деп қарайтын ұғым бар. Ауыл жігіттерінің зорлығы болса, еленбей де қалуы мүмкін нәрсені «кәпірдің қолына түсіп, соған қатын болған» сөзді тіпті көпіртіп әкетеді. Өйткені ел түсінігінде кәпір атаулы жау, онымен араласқан, шатасқан елдің бәрі харам және діннен безген. Бүкіл халықты, оның ішінде қазақ қызын осы тұйықтан алып шыққан Қазақ төңкерісі, Кеңес өкіметі.Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты, Міне « Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.