Д.Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен мол сусындап, көне ақын-жыраулар мұрасынан ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, нәр алып өскен ол өз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды. Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:
Еспенбеттей ер қайда?
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? — деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары «қазан бұзар үй тентекке айналған» заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. «Еспенбет» поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.
«Еспембет» поэмасы «Жұлдыз» журналының 1959жылғыбесінші санында басылып шықты.Бұл өзінің көлемі,құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастаны.Ақын бұл шығармада жетім бала тағдырын сөз қылады.Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған.Толғау:
Ер Еспембет кешегі, Топта бермес деседі,
Ерекше ер деседі. Үлгі айтса көшені
Тіл біткеннің шешені Жауға шапса көсемі. деп басталады.
Дастанның негізгі қахарманы жетім бала Еспембет.Ол өз елінен жырақта нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді.Ержете келіп,Қарасай елінде тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға оралмақ болады.Қарасай оның басына үй,алдына мал салып қалыңдық әперіп аттандыруды ойлайды.Бірақ еспембет оны қостамайды.Бар мал мүлкінен бас тартып,тк ақьөрте дегентайды қалайды.Сол таймен елге оралады.Ел оны жалғыз ғана тай мінгізіп жібергені несі деп Қарасайды өсекке жауады.Е оның біріне де мән бермейді.Сол Ақбөрте тайын баптап бағумен болады,сол тайы үмітін ақтап Сәтімқұл бидің асында бас бәйгені алып келеді.бас бәйгеге жүз тайлақ алады оны бес арыс Сыбанға бөліп береді. Қалмақтармен соғыста Ақтамберді, Қабанбайлармен бірге ереді.Өанша күн жау қамалын ала алмағанда Еспембет жауға жалғыз шабады.жау жағы жекпе жекке батыр шығарады.Е. қалмақтың жеті батырын өлтіреді. Оған жекпе жекке кісі қалмайды. Сөйтіп өз әскерін қалмақ қамалына бастайды. Дулат осы Е. Ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Дастан өзінің құрылысы жағынан ерекшеленеді. Оқиға желісі жинақы, мазмұны тартымды. Туған елден алыста жүрген батырдың арманы мен тәтті қиялын ақын тартымды етіп суреттейді. Тек ол алып күш иесі ғана емес ақжүрек, кішіпейіл, адал адам ретінде көрінеді. Дастанның тағы бір ерекшелігі онда тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес халық бейнесі қатар суреттеледі. Ақын жорыққа жиналған халықтың қалың тобын табиғаттың жойқын күшіне балап, ерекше шабытпен жырлайды.Дулаттың бұл дастаны өз кезіндегі елуелі батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма. Сонымен катар, Еспенбет поэмада тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл адам болып көрінеді. Еліне қайту, ерлікке әзірлену, батырға лайық ат таңдау елдің кегін қайтару, сый-сияпат, олжаны алу-алмау сияқты: елеулі шешімдерді өз бетімен қабылдайды. Поэмада тек батырдың жеке тұлғасы ғана емес, сонымен бірге халық бейнесі қоса суреттеліп отырады. Ақын жорыққа аттанып бара жатқан қазақ қолын ерекше шабытпен, тапқыр да бейнелі теңеулермен әсерлі жырлайды.
Жөңкерілген қалың қол
Асқар белге ұқсайды.
Жүйткіген желге ұқсайды.
Кенетінен ду етсе,
Көрінісі кей кезде
Тас қопарып, тау бұзған
Толқыған гүлге ұқсайды.
Аққан селге ұқсайды…
Мұнар түнеп, бұлт көшкен
Шығармадағы жау да осал емес. Жау батырын бейнелегенде ақын талай тапқыр, әсерлі теңеулер табады. Қалмақ батырын:
Қалмақ шықты майданға
Қайырымсыздығы – талайдың
Шамасы елу жастағы,
Жонынан алған таспаны.
Астына мінген мәнерлеп,
Кір басқан құлаш айдары,
Мақпалдай қара қасқаны.
Аждаһадан кем емес
Ерлігі елең қылмайды
Аузын ашқан айбары,
Бір өзінен басқаны. — деп, әлі жеткенді аямайтын жауыз, айлалы да айбарлы аждаһа кейпінде суреттейді де, Еспенбетті осындай жойқын пәлені жеңген алып батыр, ардақты ер ретінде бейнелейді. Көп арасында қоян жүрек қорқақ, ездерің де болатынын ақын жасырмайды. Батырлар ұран сала жауға ұмтылып, майдандасып жатқанда, өздердің тығылар жер таппай, қарадай шошып, үрейі ұшқандарын мысқылдайды.
Қалмақ соғып барабан,
Қазақ ұран шақырды.
Айбаты өсіп ерлердің,
Арыстандай ақырды.
Иығы түсіп өздердің,
Қоярға жанын жер таппай…
Арман көріп, аһ ұрды, – деп, ерлік, ездік аралас майдан суретін алға тартады.
«Еспенбет» поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған «Еспенбет» поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.
Интуитивизм эстетикасы
Н.А.Гуляев «Теория литературы» ххғ буржуаздық ортадағы ең танымал, ықпалды бағыттардың бірі болды.Инт негізін салушыАнри Бергсон (1859-19)Оның іргелі еңбектері «Ес және материя» «Шығармашылық эволюция» «Күлкі». Оның ойыншақыл тек адамның нақты практикалық өмірінің ғана серігі.Жан –жағымызда тек ақылмен бағалау әлемнің эстетикалық жағын ескермеу деген сөз дейді.Ал оны тек интуиция арқылы ғана ашуға болады.Интуитивтік сезімнің рационалдық сезімнен өзгешелігі улитарлық мақсаттарды көздемейді,өмірді тұтастай қарайды,заттардың индивидуалдық қасиетіне ерекше назар аударады.Бергсонның ақылдан бөлек қараған инт көркем шығармашылыққа апарар жолы туынды жаза алатын адам утилитарлық көзқарастардан ада күнделікті күйбең тіршілікті ескермесе ғана оған қайталанбас әсемдік әлемі ашылады. Бергсонның көзқарастарын итальяндық философ эстетик Бендетто Кроче жазған. Шығармашылық жеміс тек инт.сезімнің қайталанбас нақты жеке қасиеттерін тануға мүмкіндік ашып оларды образға айналдырады. Кроче әрбір көркем туындының даралығын екшелеп жанрларға бөліну, стиль әдеби ағымдардың дұрыстығына күмән келтіреді. Барлық инт.р сияқты Кроче өнер мен моральді қарама қарсы қояды. суреткер моральді саяси шындықты уағыздаушы емес. Шығармаға эстетикалық баға бергенде оның идеялық жағы ескерілмейді. Көркем образ тек эстетикалық қызмет атқарады. инт. эстетикасында үлкен ақау барына қарамастан құнды жағы да бар. Ол эстетикалық таныммен қабылдаудың спецификасын анықтауға деген талпыныс. Бергсон мен Кроче өнер ғылымға қарағанда құбылыстың сезімдік формасынан аттап кетпейді дейді.