Махамбеттің ақындығы

Ұлт тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі – Махамбеттің батырлық даңқын ақындық қуаты да арттырып, биіктете түскен. Қазақ әдебиеті тарихында Махамбет ХІХ ғасырдағы белгілі оқиғаның жаршысы – насихатшысы болуымен бірге ел-жерге, өмір-уақытқа, адам әлемі мен оның құндылықтарына қатысты көңілдің күйін, жүректің сырын өлең-жыр тілімен де жеткізгені жөнінде мысал-деректер көп-ақ.

Махамбет поэзиясы – ұлт мұратын, ел-жер тағдырын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді әр алуан қырларынан көрсетуімен маңызды.

Махамбеттің ақындық өнері:

* Ұлт мұратына адалдықтан;

* Ел-жер қадіріне құрметпен қараудан;

* Адамдық істі ардақтаудан;

* Елді-батырлық әрекетті қолдап, қамқорлық көрсетуден;

* Дос-дұшпан, жақсы-жаман арақатынасын әділ таразылаудан т.т. тұрады. Ең негізгісі, қоғам, өмір-уақытқа көзқарас жүйесі берік те сенімді. Адам әлемін ашудағы ақындық қуаты, қолтаңба мәнері айқын, батырлық-ерлік істері – ғибратты, бүгін мен болашаққа, өмірге құштарлығы шексіз. Махамбеттің ақындық өнерінің терең мәні, бай мазмұны мен асқақ рухы да осы тұстан көрінеді. Өмірдің өшпес өнегелерінің бірі осы.

Махамбеттің поэзиясы: қоғам құбылыстарының мәнін, кезең көріністерінің сырын, өмір уақыттың шындығын, адам әлемінің мың сан иірімдерін бейнелі, көркем, нанымды жеткізеді. Ақынның адам мұраты, өмір-уақыт сырлары, тұрмыс мәні турасындағы көзқарас жүйелері – «Жалған дүние» өлеңінен кеңінен көрінеді:

Қоғалы көлдер, қом, сулар

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал

Кімдерге сайғақ болмаған?

Ақын осы өлеңі арқылы – Адам, өмір мұратын, арулар ақиқаты мен батырлар бейнесін, тұлпарлар тағдырын, уақыт-тұрмыс сырларын әлеметтік-философиялық деңгейге көтерген,риторикалық сұраулар арқылы өздігінше түйін-тұжырымдар жасайды. Ұлтқа, ұрпаққа-ұлағат қалдыру, мұратты-ғибратты іске ден қою-ақын мақсаты. Ғапыл дүниенің салмақсыз сырын ашу, болмашы іске-малданбау, даңқ пен дақпырт арақатынасын ашу «Жалған дүние» өлеңінің тұтастай табиғатын, болмысын ашады. Өлең мұраты да өмір-уақыт ақиқаттарын айту арқылы қоғам-кезең шындықтарын, адам әлемі мен дүние сырының мән-маңызына ден қою болатын. Өлең табиғаты мен рухани байлығынан бұл міндеттің мерейлі биікке көтерілгені толық танылады.

Ақын мұрасында – «Арғымақтан туған қазанат», «Арғымақ сені сақтадым» сынды өлеңдер қазақ сахарасына тән кеңдік-тереңдікті, адам әлемін, батырдың биік тұлғасын, жақсы-жаман, дос-дұшпан орнын, өмір-тұрмыс сырларын «Ер қанаты-ат» сипатын сабақтастықта,сергек те серпінді суреттейді.

Сондай-ақ, Махамбеттің бұл өлеңдерінен кертартпа қоғамның, феодалдық дәуірдің көрініс-құбылыстары терең танылды. Ақын азаттық жолындағы күрес-көтерілістердің ұраншысы, ту ұстаушысы бола жүріп адам мұратын, өмір-уақытқа көзқарасын өткір ұшталған үкілі найзасымен де, асыл сөз, өткір тілімен де еркін, көркем жеткізе білді.

Ақын, әсіресе Ұлт мұратын басты тұғыр тұтып: Адам әлемін айқара ашады, тау-даланы асқақтатады. Елдік-ерлік рухты биік белеске көтереді. Жақсы-жаман, дос-дұшпан арақатынасына бірікпес белгі қояды. Сол арқылы адам, өмір мұратын алдыңғы кезеңге шығарады. Махамбет өлеңдерінде өмір-уақыт мәні, адам мұраты мен орны асқақ романтикаға, реалистік сипатқа ие болғанын да айқын аңғарар едік ( «Айғайласып жауға ти», «Арқаның қызыл изені», «Жалған дүние», «Жалғыздық», «Тілек», «Ұл туса» т.б.).

Махамбеттің ақындық өнеріндегі адам орны, өмір мұраты, халық тұрмысы, отаршыл елдің өктем озбырлығы, дос-дұшпан сипаттары кім-кімге де таныс, қалың көпке ортақ жайттар ретінде көрсетіліп, бұл тақырыптар – ақиқат көзқарас, тәжірибе тәлімі арқылы бейнелі, нанымды сөз етіледі.

Махамбеттің ақындық өнері – жанрлық тұрғыдан лиро-эпикалық түрге өте-мөте жақын. Ақын ақсүйек феодалдарға найза-қылышымен де, жалынды жыр-өлеңдерімен де қарсылық көрсеткенін назарда ұстасақ, осы мақсат-міндеттер – тарихи шындықты, өмір оқиғаларын, адам әлемін, хан-сұлтандарға қатынас-көзқарастарын бейнелеу-суреттеу тұстарында айқын аңғарылады. Ақын мұрасындағы лирикалық туындылар табиғатына қатысты белгі-ерекшеліктер – әлеуметтік-таптық сипаттар, азаттық-күрес идеясы, риторикалық сұрау түрі, фольклорлық мұң-шер үлгілері, үгіттік-философиялық бағыт-мұраттар, суырып салмалық әдіс-сарындар т.т. көптеп кездеседі.

А.Байтұрсынов «Маса», «Қырық мысал»

ХХ ғасыр бас кезіндегі көсем қайраткер тәржімадан төл туынды туғызған аудармашы,әдебиеттанушы ғалым А.Байтұрсынов.1873жылы 28 қаңтар Торғай уезіне Тосын Болысындағы №5ауылында дүниегк келген.1886ж бастап,1891ж дейін екі кластық Торғай орыс қазақ училищесінде оқыған.1895ж Орынбор орыс қазақ мектебінде оқыды.13жасында әкесі Байтұрсын Торғай уезінің бастығы болған.Әкесіне озбырлық кқрсеткен Яковлев пен Сардар Бірімжанның кесірінен әкесі інісімен Ақтас екеуі 15жылға бас бост айрылып, каторгалық жұм айдалады. Осы оқиға А. ертерек күреске қатысуға үгіттейді. М.Дулатовтың айтуынша «ХХғ басында Қарқаралыда революциялық қозғалысқа қатыса бастайды.1913ж 2-ақпанда Орынборда «Қазақ»газетін шығарады.1917-19ж ара.а Алашорда ұйымында істедім 1917ж ақпан рев кейін Ахмет өз пікірлестерімен «Алаш»атты партия құрады.1923ж 28-қаңтарда қазақ зиялыларының арасындаА.Б.тұңғыш елу жылдық мерейтой өткізеді.Осы мерейтой қарсаңында А.Б. еңбектерімен шығармалары жайында көптеген мақалалар жарық көрді.М.Дулатов «А.Б» Е.Омаровтың «А.Б.ң ғылыми қызметі,ССейфуллиннің «А.Б.елуге толды» т.б М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» мақаласы саяси ғылыми еңбегіне аса жоғары баға берді.Голощекиннің бұйрығымен қазақ зиялылары ұстала бастады.Қызы Шолпан: «Әкемді 1929ж 2июньде Қызылорда қаласында өткен түркологтар сьезінде ұстады.Оның «Тіл құрал» «фонетика» «морфология» «Әдебиеттанытқыш» «Тіл жұмсар» «Әліппе» «Сауаташар» «Қырық мысал» «Маса» «Оқу құрал».1923ж «Ерсайын»жырын 1926ж «23жоқтау» атты жинақты Москвадан шығарды.Ең үлкен еңбегі 1913ж «Қазақ»газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны»мақаласы.Оның ақындығын танытатын екі жинағы бар: 1)1909ж Петербургте шыққан «Қырық мысал»2) орынборда шыққан «Маса». «Қырық мысал» шығ тақырыбы жағынан шығ.а екі топқа бөлеміз:1) оқу білімге,адамзаттық қасиеттерге үндеу,еңбекқорлыққа тәрбиелеу 2)Халықты ынтымақ бірлікке азаттыққа бост жолында күресуге үндейді.Мұнда Крыловтан аударған мысалдар да енген. «Маймыл» «Үлес» «Өгіз бен бақа» «ағаш»т.б.Ахмет аудармаларында Крылов мысалы 38жол болса онда 68 жол болып аударылған. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген. Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, — деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса: Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, — деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді. Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтану, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған “Тағы да народный сот хақында” (1911), “Қазақ һәм ІҮ Дума” (1912), “Земство” (1913), “Жер жалдау жайынан” (1913), “Көшпелі һәм отырықшы норма” (1913), “Уақ қарыз” (1913), “Бұ заманның соғысы” (1914), “Жәрдем комитеті” (1915), “Закон жобасының баяндамасы” (1914) (осы мақала үшін Ахмет Байтұрсынов штраф-айып төлеген), “Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение” (1914), “Губернатор өзгертілуі” (1914), “Соғысушы патшалар” (1914), “Қазақ жерін алу турасындағы низам” (1913), “Қазаққа ашық хат” (1916), “Бастауыш мектеп” (1914), “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек” (1923), “Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері” (1926) сияқты көптеген мақалалар публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасы эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсетіп, рухани даму кезеңдерімізден мол хабар береді. Автордың “Қазақ өкпесі” мақаласында (“Айқап”, 1911, № 2) тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтындығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. “Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты”, дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды. Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп. “Оқу жайы” (“Қазақ”, 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек келтіреді. “Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ” деп күйзеледі. Мұның үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап, “жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын” деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды.

Ақын өлеңдеріндегі азатшыл сарын Ә.Мәметова «Көркем әдебиет» тур мақаласында «Ахаңа тарихтан орын берейік» деп еңбегін бағалайды.Бостандық ұғымы Ахиет шығ.ң негізгі өзекті тақырыбы. «Досыма хат» «Жиған терген» «Анама хат» «жауға түскен жан сөзі» «Жауап хаттан» т.б өлеңдерінде күрес азатшылдық басты тақырыптары. «Маса»жинағына енген өлеңдерін әсіресе кейінгі басылымға енген өлең.н төңкерісшіл рух1905-07ж cаяси толқулар мен рухани сілкіністің ұшқыны байқалады.Оның шығ мен өміріне 1916-17ж опай топай заманы килікті,одан сталиндік зұлмат тырнағына ілікті.Оның поэзиясының әд орны жайында: М.Дулатов «Ол қарапайым да түсінікті тілде азаттық туралы ұлт туралы жырлады. А.б шығ ішкі сұлулығы,мазмұны жағынан әдебиеттен бірінші орын алады»деп баға берді.

Ғ. Ормановтың шығармашылығы.

Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы жылдардың соңғы жылдарында келген, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі. Ел өміріндегі қазан төңкерісімен келген жаңалықтар, егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу, ірі байларды конфискелеу, коллективтендіру, жаңа экономикалық саясат (НЭП), өзгерген дала, жаңарған қала, жаңа заман адамдарының арман мүддесі, олардың өзара қарым-қатынасы сынды іргелі мәселелер ақын шығармаларының негізгі тақырыбына айналды. Қоғамдағы саяси өзгерістер, Ұлы Отан соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру, халықтардың мызғымас достығы ақын шығармысанан кең орын алды. Бұл тақырыптардың барлығы дерлік сюжетке, сезімге құрылған сыршылдығымен, аз сөзді көп мағыналылығымен, бейнелілігімен Ғалидың ақындық шеберлігін танытты.

Шағын лирикалық өлеңдермен қатар, ақын эпикалық жанрға да үлес қосты. Әңгіме, очерк жанрында да Ғали қолтаңбасы бар.

Ол орыстың, Шығыстың классыикалық үлгілерін аударып, қазақ әдебиетінің аударма саласында да біршама үлес қосып, ірі жұмыстарды игерді.

Ғ.Орманов 1907 ж. бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады.

1920 ж. Талдықорғандағы, кейін Алматыдағы Абай атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алады.

1923-28 жж. Алматыдағы Қазақтың халық ағарту институтында оқиды. Институтта оқып жүргенде Ғали қазақ, орыс әдебиеттерінің үліглерімен танысады.

1925 ж. бастап оқушылардың қабырға газетіне, 1927-28 жж. Өлкелік газетте өлеңдер жазады. Осы жылдары «Тілші» газетінде, «Ешкіөлмес», «Қора», «Оқушыларға», «Диханбайға» сияқты өлеңдері басылады.

1929-30 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеп жүрген кезінде оның өлеңдері «Еңбекші қазақ» газеті мен «Әйел теңдігі» журналында жиі жарияланып, көп ұзамай республикадағы белгілі ақындардың санатына кіреді.

1930 ж. май айында Түркістан-Сібір темір жолы салынып бітті. Бұл бүкіл Кеңес елі, соның ішінде қазақ елінің тарихындағы ірі табыс болатын. Осы ұлы мереке шашу ретінде Ғали ақын «Шебер» атты ұзақ өлеңін жазды.

Абай атындағы педагогика институтын бітірген соң, ол біраз жыл мұғалім болып істейді. Одан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында журналистік қызмет атқарады. 1939 жылдан 1945 жылға дейін ақын Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды.

1934 жылы Ғалидың екі кітабы «Шеңбер» деген атпен 1927-1933 жылдар арасында жазған өлеңдерінің жинағы, «Шәуілдір» поэмасы басылды. 1935 жылы «Көтерме» деген атпен әңгімелер мен очерктерінің жинағы жарық көрді. 1936 ж. «Абысын сыры» жинағы, Мопасаннан аударған қысқа әңгімелерінің жинағы басылып шықты.

1943-44 жж. Ғ.Орманов мәдениет пен өнер қызметкерлері тобында майданға барып қайтады. Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін 1941 ж. «Халық қаһарман», 1944 ж. «Емен» атты өлеңдер мен поэмалар жинағын ұсынды. «Өмір дастан» (1948), «Бөбек жүрегі» (49 ж.) атты жинағымен қатар ақынның шұрайлы өлеңдері оның 1950, 57, 76, 82-84 жылдары шыққан «Таңдамалы шығармалар» жинақтарына енді.

«Есіркептің естегісі» өлеңінде кешегісін ойлай отырып, Есіркеп кедей әкесінің өмірін еске түсіреді. Тақыр кедей өзі кеткенде арты тып-типыл болып қалған. Бір төмпешік болған қабірінің өзін жер үріп, сел жуып кеткен.

Саудырап тұр сағанақ,

Құс түткендей туырлық.

Жоқшылық жүр жағалап

Түрі суық, бір сұмдық, - деп, әке артында қалған лирикалық кейіпкер жоқшылықтың, жетімдіктің тақсіретін тартып өседі. Ақынның «Қыр сабағы», «Боран күні» сияқты туындыларында да кедей адамның тіршілігіне аяушылық білдіру басым. «Көштер күйі», «Қиын жол» өлеңдерінде дәулетті көш пен қара құрым көш салыстыра суреттеледі. «Ескілік суреті», «Екідай» өлеңдерінде ақын жарлы мен байдың арасы қашан да аспан мен жердей алшақ болатынын, сырт көзге тату достай көрінгенмен, іштей қағысып жататындықтан олардың мәңгі қосыла алмайтындығын көрсеткен. «Ұяда» өлеңінде: Өзімді байлап арқанға,

Ұяға батып мен түстім.

Сабалап бұршақ арқама,

Дауылмен ойнап бұлт құштым, - деп, ол шаншыла біткен зеңгір құздың басына қыран балапанын алуға шығады. «Асылған ұядағы» балапанды көргенде: «Менің де кенет кеудемде, Сілкініп кетті бір бүркіт», - деп, өз бойындағы жаңа өмірге деген сілкінісін байқатады. Сол лирикалық кейіпкер «Алғашқы адым» өлеңінде жұпыны, жүдеу өмірден оқу-білім алуға қалаға аттанады:

Аттандым ауыл-анадан,

Оқуға кеттім қалаға.

Жабыла маған қараған,

Жалтаңдай кеттім далаға.

 

Жарбиған жаман тон, тымақ,

Жабысып кетті үстімде.

Жанайын деген бір шырақ,

Жалтылдап кетті ішімде.

Ақын осы өлеңімен-ақ бейнелі сөзбен картина жасаудың шебері ретінде көрінеді. «Қараймын да асығам…» өлеңінде сол лирикалық кейіпкер Алматыға жол тартады:

Сағыныштай сарғайып,

Сары белден таң атты.

Сахарада шалқайып,

Сарғая бір жол жатты, - деп, атқан таң – жаңа өмір, жаңа заман таңы. Оқу-білім іздеп қалаға келген осы лирикалық кейіпкермен «Кітап», «Тай жапыс», «Ұстаз», «Қуаныш», «Сенім» өлеңдерінде қайта кездестіреміз. Ол сыршыл лириканың шебері екенін әрбір өлеңінде нақтылай, дәлелдей білді.

Ірі байларды конфискелеу кезіндегі дәурені кетіп, мүләйімсіген, өтірік жуасыған байлар, олардың бүкіл байлықтан айрылып маңдайын тасқа соғуы, жаңа заман азаматтарының өз ақысына қолы жетіп, оны иемденудегі оқиғалар «Қоңсы мен қожайын», «Конфиске», «Беттесу», «Абысындар аңызы» өлеңдерінде қызғылықты бейнеленген.

«Қора» ақынның туып-өскен жеріне арнап жазған алғашқы өлеңдерінің бірі. Қора өзенінің сұлу табиғатын жалаң суреттемейді, оны сол жердің, елдің тұрмыс-тіршілігімен байланыстыра көрсету ақынның ішкі тебіренісінен туады.

Тізілген омыртқадай ақ заңғарлар:

Секілді көк тіреуі, бұлт астары.

Кигені қар кебенек, мұздан жарғақ,

Сауыты – саудыраған, құз – тастары.

Алыстан аңсап, шөлдеп бұлттар келіп,

Көрісіп көл болады көз жастары, - деп жансызға жан бітірген (кейіптеу) ақын Қора өзенінің жанды да нақты суретін жасайды.

Жыл мезгілдеріне байланысты «Үйіп-төгіп алдыңа, Ұсынады барын ол» деп, жаз мезгілін, «Қырау қабақ кәрі қысы» Абайдың қысынан басқаша. «Көктем нұры».

Отызыншы жылдардағы халық өміріндегі өзгеріс, жаңалық Ғалидың «Жаңа қоныс», «Тұнық коллективі», «Шеңбер», «Жаңа жұмыс іргесі», «Шамалған шамы», «Темір ат», «Мысқалада», «Тоқушы», «Алынған арыс», «Үлбе», «Өріктің өрнегі» өлеңдерінде ашық танылады. Ана тақырыбында: «Ана толғауы», «Тәй-тәй» (ана жыры), «Тұңғышым», «Сақ жүр» атты өлеңдер жазды. «Сақ жүр» - әскерге аттанғалы тұрған бала мен анаснының қоштасуын көрсететін сюжетті өлең.

«Шәуілдір» поэмасында Шәуілдірге барған сапарынан кейін, ондағы жаңарған ауылдың тұрмыс-тіршілігін көрсетуді көздеген. «Алынған қамал» қазақ әдебиетінде Солтүстік мұзды мұхитта суға кеткен «Челюскин» кемесіндегі челюскиншілердің ерлігін суреттейтін поэмаларға бәйге жариялаған тұста жазылды. Оқиға нақты суреттеуден гөрі, болған оқиғаны газет, радио хабары негізінде құрылды.

«Батырдың тұлғасы», «Ер арманы», «Мәлік», «Полковник», «Қаһарман», «Жорық жолы», «Солдат сыры» өлеңдерінде батырлар бейнесі сомдалған.

«Тілек», «Орамал», «Сәуле» -махаббат тақырыбын жырлайтын өлеңдер. Ақын суреттеуіндегі «Орамал» - майдандағы жарына деген сағыныштың символы. Сақтай-сақтай жүремін,

Төс қалтамнан шығармай,

Жүрегімде жүрегің

Бірге соғып тұрғандай, - дейді. Философиялық өлеңдері: «Гүл», «Емен», «Қарағай». «Емен» өлеңінде:

Жаудың оғы қаптаған

Қарайғанды жалмапты…

Өмір күшін сақтаған,

Тамырыңды ол шалмапты.

«Сұлтан дастан», «Халық қаһарман» сияқты поэмаларында Ұлы Отан соғысы туралы жазды. Шаруашылықтың әр саласындағы адам еңбегін мақтаған өлеңдері: «Егін тасқын», «Ырыс өрісі», «Астық аңызы», «Ырыс», «Қыр жомарт», «Алтын арна».

Ұлғайып қалған ақын «Қартайдым деген әңгіме» өлеңінде:

Шашыма бола, сірә, мен

Сұраман жастық ешкімнен.

Жазылып жатса жыр-өлең,

Көктермін қайта ішімнен, - деп, өлең жазған сайын жасаратынын да жасырмайды.

Ғ.Орманов орыс ақындарының поэзиясынан А.С.Пушкиннің («Ескерткіш», «Қара шәлі» т.с.с. көптеген өлеңдерімен бірге «Мыс салт атты» поэмасын), М.Ю.Лнрмонтовтың («Үш құрма», «Ақын», «Өмір кесесі» өлеңдерін, "Тамбов казначей" поэмасын), Н.А.Некрастовтың, т.б. Л.Н.Некрасовтың «Анна Каренина» романын аударған.

«Алатау» (Ж.Жабаевқа), «Қаратаудың Қамбары», «Алыстағы ауылда», «Бөбек тілегі», «Аталмаған тау» атты очерктермен, әңгімелер жазды.