Орытынды бөлім

Қоғам бар жерде, адам, адам бар жерде таным процесі жүріп жататынына орай, сезімдік таным процесін сөз еткенде, эмоцияның қыр-сырына үңілмеске болмайды. Шығарманың көркемдік, әсерлілік сипаты ондағы көркем сөздің эмоционалдығында, экспрессивтік бояуының қанықтығында. Демек, сөздерді ой елегінен өткізіп, өзінің танымдық әлемін, ішкі сезімін оқырманға әсерлі жеткізу – қаламгер шеберлігінің көрінісі. Нағыз қаламгер қарапайым сөзді құбылта кестелей отырып, алуан түрлі айшықты өрнектер жасайды, оқырманның да сезім пернесін дәл басып, оны түрлі сезім иірімдеріне жетелейді. Эмоционалдылық тілдің барлық деңгейлерінде сөз құрылымдылық, синтактиксистік, лексикалық және стилистикалық жолдармен беріледі. Сезім мен эмоцияны тек бір ғана тілдік құрылым арқылы беру мүмкін емес. Сөздегі эмоционалдылық түрлі деңгейдегі тілдік құралдар жиынтығы арқылы беріледі.
Эмоцияны танудағы адамзаттың тәжірибесі тілдік бірліктерге негізделеді. Эмоциялар әмбебап, ал эмотивті лексиканың құрылымы әр түрлі тілдерде сәйкес келе бермейді және өзіне тән ерекшелігі болады.

Осы шығармада лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сияқты лингвистикалық құралдардың барлығын талдай отырып, автордың эмоцияны жеткізуде осы құралдардың жиынын қолданғанын айта алуға болады.

“Өзге психикалық процестер сияқты, сезімдердің де табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен байланысты”, - дейді ғалымдар және “адам эмоциясының тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты” екендігін тұжырымдайды.

Осы мәселеге қатысты теориялық материалға жүргізілген талдау эмоционалдылықтың адамның эмоционалдық күйзелісінің жиынтығы екендігін, сонымен қатар ол адам тұлғасының басты ерекшелігі екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Диплом жұмысында эмоцияларды жеткізудің тілдік құралдары айқындалып, оларға талдау жасалды. Көркем шығармадағы эмоцияларды жеткізу үшін қолданылған құралдарды талдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келуге болады. Шығармада кейіпкерлердің эмоционалды психологиялық күйін жеткізу үшін жиі қолданылатын лексикалық тәсілдер (эмоциональды лексика, жекіру сөздері және вульгаризмдер

• синтаксистік тәсілдер (эллипстік құрылымдары, инверсия, лепті сөйлемдер, риторикалық сұрақтар және т.б.);

• стилистикалық тәсілдер (гипербола, метафора, эпитет, қайталаулар, параллел құрылымдары, және т.б.).

 

Сөйлеудің эмоционалды өңделуін жасауға қолданылатын лингвистикалық тәсілдердің репертуары жеткілікті түрде әр түрлі және барлық тілдік деңгейлердің бірліктерін құрамына кіргізеді. Барлық эмоционалдық үдерістердің ортақ табиғаты осы тәсілдердің негізгі ерекшеліктері – олардың көп функционалдығын анықтап берді. Көрсетілген лингвистикалық тәсілдердің көбі әр түрлі эмоционалдық күйлерді білдіруде қолданыла алады, ол оларды ағылшын тілінің жалпы эмоционалдық тәсілдері ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.