Лекция №7. Ағымдағы активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

 

Ақша қаражаттары кассадағы және банктегі шоттардағы ақша. Олар ең өтімді активтер ретінде айырбасқа, басқа да баптарда бағалау және есепке алуға негіз болып алынады. Ақшалы қаражаттар ағымдағы активтер ретінде топтастырылады.

Ақшалы қаражаттардың эквиваленттері қысқа мерзімді, жоғары ликвидті инвестициялар. Сондай инвестицияларға депозиттік сертификаттар, банкпен акцептелген векселдер, мемлекеттік құнды қағаздар немесе кәсіпорынның жоғары сапалы құнды қағаздары.

Барлық ұйымдар өздерінің ақша қаражаттарын банкін тиісті бөлімшелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер бойынша төлемдер басқа кәсіпорындармен қолма-қол ақшасыз осы банк бөлімшелері арқылы жүргізіледі.

Ұйым кассасына ақша банктегі шоттан, өнімді жұмыс, қызметті сатып алушылардан, нақты қолма-қол ақшаға сатылған тауарлы-материалдық қорлардан түседі.

Нақты қолма-қол ақшаны кассир бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс кассалық ордерлерін толтыру арқылы кассаға қабылдап алады.

Нақты ақшаның кассадан жұмсалуы шығыс кассалық ордер, төлем ведомос» арқылы жүргізіледі. Шығыс кассалық ордерлер бір данамен толтырылады, оған жетекшінің және бас бухгалтердің қолы қойылады.

Еңбек ақы, жәрдем ақы, стипендиялар кассирмен төлем ведомос» арқылы беріледі.

Банктегі ағымдағы корреспонденттік шоттан ақша кассаға алу үшін чек кітапшасы беріледі.

Банктегі ақша қаражаттары қозғалысының есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері нөмірленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылады. Кассалық кітап екі данадан көшірме қағаз арқылы толтырылып, екінші данасы кассирдің есебі болып саналады.

Кассадағы ұлттық және шетел валютасы түріндегі қолда бар ақшаның және ақша қозғалысы туралы ақпаратты жинақтап қорыту үшін 1000 бөлімше шоттары –1010 «Ұлттық валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар», тағайындалған.

Осы шоттардың дебеті бойынша ұйымның кассасына ақшаның түсуі, ал кредиті бойынша ақшаның жұмсалуы көрсетіледі.

Кассалық операциялар есебі үшін бухгалтерияда арнайы регистрлер жүргізіледі: 1010 шоттың кредиті бойынша журнал-ордер және дебеттік айналымдардың қосымша ведомосы немесе қолмен немесе машинамен орындалатын жинақтау регистрлері. Бұл регистрлерге қажетті мәліметтер кассалық кітаптың қиып алынған парақтарынан алынады.

Айдың соңында шоттардың дебеті және кредиті бойынша айналымдарының жинағын салыстыру арқылы келесі айдың басындағы ақшаның қалдығы анықталады.

Ұйымның меншікті және заимдық ақшалары банктегі шоттарда сақталады. Банкте шот ашу үшін ұйым депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүргізу бойынша банкпен келісім шарт құрады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі негізгі формалары бар: төлем тапсырмасы, чектер, төлем талаптама-тапсырмасы, аккредитив.

Банктегі шоттағы ақша қаражаттарының есебі 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі.

Банктік шоттар бойынша операциялар банкпен шот иесінің тапсырмасының, сондай-ақ шот иесімен акцептелген үшінші тұлғаның талаптамасының негізінде жүргізіледі.

Банктегі шоттар бойынша операцияларға мынадай құжаттар толтырылады: чек, хабарландыру, төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы.

Ұйымдардың шоты бойынша банк дербес шот ашады /2 дана/. Бір данасы шоттың көшірмесі болып кәсіпорынға беріледі. Көшірмеге орындаушының қолы қойылып, банк мөрі басылады.

Банктің жіберген осындай шот көшірмелерін кәсіпорында оған тіркелген құжаттармен салыстыра отырып тексереді.

Келісім шарттың күші жойылғанда банктегі шот жабылады.

Резиденттермен және резидент еместермен жүргізілетін валюталық операциялар өкілетті банктер арқылы жүргізіледі.

Валюталық шоттар бойынша операциялар есебі 1050 «Шетел валютасындағы ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақша» бөлімшенің шоттарында жүргізіледі.

Бағамдық айырма валюта немесе құнды қағаздардың курсының өзгеруіне байланысты пайда болады.

Сонымен қатар бағамдық айырма сауда экономикалық операциялар бойынша келіім шарт құрағн кезден төлем төлеген кезге дейінгі ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасты өзгеруі нәтижесінде де туады.

Кәсіпорындағы курстық айырмалар 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс» немесе 7430 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шоттарында есепке алынады.

Банктік займдар әдетте қаржылық қызмет ретінде қарастырылады. Банктік веррдрафтар ақша қаражаттарының компоненттері ретінде олардың эквиваленттеріне жатқызылады.

Овердрафт – бұл бұрынға дебеттік қалдықтан төлем жасалғанда асып кететін сома пайда болатын активтік шоттағы кредиттік қалдық. Бұл қысқа мерзімдік міндеттеме ретінде есепке алынады. Оларға шоттардағы қалдық оңнан теріске өзгеретін банктегі шоттар бойынша операцияларды жатқызуға болады.

Түгендеу барысында кассадағы ақша қаражаттарының және басқа да құндылықтардың нақты қолда бары тексеріледі. Қатаң есеп беру бланкілері де тексеріледі.

1000- «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

 

1010 – «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;