Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы

 

Шаруашылық операцияларды бейнелеп көрсету тәсілі ретінде екі жақты жазба өндірісте болатын барлық шаруашылык процестерін есептеу үшін қолданылады. Екі жақты жазба ақшалай бағасы бар шаруашылық операциялар бухгалтерлік есебі шотында бейнелеп көрсету тәсілін білдіреді. олар шаруашылық кұралдарында, олардың шығу көздерінде және шаруашылық-құқықтық қатънастарда озара байланысқан озгерістер туғызады. Шоттар арасындағы байланыс шоттар корреспонденциясы,ал озара шаруашылық операциялармсн байланысқан шоттар - корреспонденттелетін деп аталады. Шоттарға енгізілерден бұрын операциялар есептік формалар (проводкалар) жасалады, олар жазбалар қандай шотта жүргізілгенін көрсетеді, Дебеттелетін, кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операцияларының сомасын көрсету бухгалтерлік проводка деп аталады, олар құжаттар негізінде жасалады. Корреспондеиттелетін шоттарға байланысты күрделі және жай бухгалтерлік проводкалар болады. Бір дебеттелетін және бір кредиттелетін шоттардан тұратын жай проводка деп аталады. Бір дебеттелетін жәнс бірнеше кредиттелінетін керісінше, бірнеше дебеттелетін және бір кредиттелінетін шоттардан тұратын күрделі проводка деп аталады.

Мысалы:

жай өткізгіш проводкалар:

жабдықтаушыға есеп шоттан тауарлық-материалдык қорлармен жабдықтаған соң аванс сомасы аударылады:

1610 «Тауарлык-материалдык қорлармен жабдықталған сон берілген аванстар» шот дебеті

1030 «Ағымдык шоттағы ақша» шот кредиті: 63000;

күрделі өткізгішті проводкалар:

• кәсіпорын кассасынан берілді:

а) іссапарлык шығындарына қолма-қол ақша

1250 «Есеп беретін адамдар мен есеп айырысулар» шот дебеті 7 000;

ә) қызметкерлерге жалакы:

3350 «Қызметкерлермен енбекті өтеу бойынша есеп айырысулар» шот дебеті 45000;

б) кассадан берілген жиынтык сома:

1010 «Кассадағы қолма-қол валюта» шот кредиті 115000.

 

 

Жинақтамалы және талдамалы есеп шоттар туралы түсінік

 

Бухесепте шоттардың екі: жинақтамалы(синтетикалық) және талдамалы (аналитикалық) түрлері егжей-тегжей тәптіштелу, жинақталып қорытылу дәрежесі әр түрлі ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қодданылады.

Синтетикалық шоттардашаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі.

Аналитикалық шоттаресептің тиісті объектілеріне түгел, халық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететіп аналитикалық шоттар тек қана ақшалай емес, заттай түрде де жургізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады.

Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы сомасына тиісінше тең болуға тиіс.

Мысалы, «Қызметкерлердің және басқа адамдардың берешегі» 1250 шоты синтетикалық шот болып табыдады, оған қызметкерлердің аты-жөні бойынша аналитикалык шоттар ашуға болады, мысалы аналитикалық шот - Иванов және т.б.

Іс жүзінде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа ішкі пюттар (субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық буын қолданылады, олардьщ көмегімен осы синтетикалық шот ішіндегі жекелеген объектілер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.

Мысалы, «Отын» 1353 шоты. Бұған «Бензин» 1353/1 , «Дизельді отын» 1353/2 ішкі шоттар ашуға болады.

2.3.-сызбасы Синтетикалық шоттардын аналитикалық шоттармен өзара байланысы

 

«Отын» 1353 синтетикалык шоты

 

Ішкі шоттар

 

1353/1 1353/2 1353/..

«Бензин» «Дизельді отын» «Басқалары»

 

Аналитикалық шоттар

 

«Бензин» АИ-93 «Бензин» А-76 «Бензин» АИ-91

Шоттарды жіктеу

 

Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін оларды дұрыс колдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын шоттар оларда есепке алынатьш объектілердің экономикалық мәні жағынан, міндеті құрылымдык ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу, топтастыру талап етіледі, бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарьша тән ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.

Шоттарды екі белгісі бойынша жіктейді:

экономикалық мәні жағынан. Қаражат пен шығу көздерін жіктеу негізге алынған (1.2-сызба). Бұл жіктеу сол немесе басқадай шоттарда не есепке алынатынын анықтауға, нәтижесінде. есеп объектілері туралы жүйелі экономикалық ақпарат алуға мүмкіңдік береді;

міндеті мен құрылымы жағынан. Назардағы объекті туралы сондай немесе басқадай экономикалық көрсеткіштерді алу үшін қандай шоттар қолданылуға тиісті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі жіктеу де өзара тығыз байланысты және өзара шарттасылган. Шоттарды кұру, оның құрылымы айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын анықтайды. Шоттарды өңдеу тек экономикалық мәні жағынан емес, оның міндетіне де байланысты. Кейбір шоттар материалдық құндылықтарды қозғалысы мен жағдайын көрсету үшін, басқалары - өнім өндіруге жұмсалатын шығынды есептеу үшін, үшіншілері - кірістерді анықтау үшін қолданылады.

НЕГІЗГІ IIIOTTAPпіаруашылық кұралдарының бар-жоқтығы мен қозғалысын, олардың пайда болу көздерін бақылау үшін қолданылады, өйткені оларға есептелетін объектілер шаруашылық іс-әрекеттің негізі больш есептеледі. Олар шағын топтарға бөлінеді:

Мүліктік.Материалдық құндылықтардың өсуін, жұмсалғанын және қалдығын бақылауға арналган. Бұл қаражаттың түсуі дебет бойьшпта, шығуы - кредит бойынша көрсетіледі, шот-активті, қалдық-дебеттік. Аналитикалық шот ақшалай және заттай түрде жүргізіледі.

Ақшалай.Банкте, кассада әртүрлі валютамен сақтаулы ақшалай қаражаттың бар-жоқтығын, түсуін бақылауға арналған. Шоттар активті, дебет түсуді, кредит жұмсалуын көрсетеді, калдық дебеттік.

Инвсстицияларакцияларға, басқа субъектілердің жарғы капиталына салынған инвестициялар, сондай-ақ қаржылық инвестициялар. Шот құрылымы бойынша активті.

Меншікті капитал.Шоттар субъектінің меншікті қаражат көздерінің пайда болуы мен пайдалануын есептеу үшін қолданылады, құрылымы бойынша МКМ-ға (пассивтік) жатады. Кредит бойынша шығу көздерінің ұлғаюы, дебет бойынша - ол қаражат көздерінің шығуын бейнелейді. Кредиттік сальдо кәсіпорында қорлардың бар-жоғы көрсетеді.

Есеп шоттаркәсіпорынның дебиторларымен және кредиторларымен есептесулерді есепке алу үшін қызмет етеді. Есептесулердің әр түрлі сипаты бұл шоттардың, сан алуан құрылуын және олардың көмегімен әртүрлі көрсеткіштер алуға себепші болады.

РЕТТЕУШІ ШОТТАР.Бұлардың комегімен ағымдағы есепте шаруашылық кұралдарының бағасы түзетіледі. Субъектінің шаруашылық құралдары олардың өндірісі мен сатып алынуына нақтылай жұмсалған шығын негізінде бағаланады. Реттеуші шоттар құралдардың кайсыбір түрін бағалауды дәл анықтайды немесе реттейді. Осы мақсатпен ағымдағы есепке алудағы негізгі шоттардан басқа олармен байланысқан реттеуші шот жүргізіледі. Есепке алынатын объектінің нақты мөлшерін табу үшін реттелетін шоттың сомасы неіізгі шот сомасынан алынып есептеледі. Негізгі қаражат пен материалдық емес активтер оларды алған немесе іске қосылған сәттен бастап және жүмсалып кетуіне дейін бастапқы бағасы бойынша есептеледі. Жеке шотта дербсс олардың сол сәттегі тозу сомасы көрсетіледі. Бастапқы құнды тозу сомасымен салыстырып, яғни тозуды есептегенде, негізгі құралдардың накты (қалдықты) құнын шығарып аламыз.

ПРОЦЕСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ШОТТАРЫтөменде керсетілгендей бөлінеді:

Жинақтау-бөлу шоттары.Төлем немесе аудару сәтінде тиісті объектілерге тікелей жатқызылмайтьш шығындар мен кірістерді жинау үшін қызмет етеді, бұлар -8400 «Қосымша шығын» (шаруашылық үйымдастыру жұмысына арналған), 1620, 2920 «Алдағы кезең шығыны»- активті шоттар жэне 3520, 4420) «Алдағы кезең кірісі» - пассивтік.

Калькуляциялық шоттар.Өнім ондірісімен, орындалған жұмыспен, өнімнің, құрылыс материалдарының өзіндік құнын есептеу мақсатымен көрсетілетін қызметпен байланысты барлық шығындарды есепке алу үшін арналған.

Кіріс шоттары- негізгі және негізгі емес іс-әрекеттен түскен кіріс. Пассивтік, кредит бойынша шоттар кіріс есептеуді (алуды) корсетеді, жыл сонында олар қорытынды кірісті ұлғайту үшін есептен шығарылады.

Транзиттік шоттар (бір күндік).Бір элементті шыгындарды есепке алу үшін қолданылады. Ай соңында калькуляциялык. шоттар есебіне қосылады. Калькуляциялық шоттар сияқты бұл шоттарда да қалдық болмайды, ай сонында 1340 бөліктен басқасы жабылады (ай соңьшда бітпеген өндіріс қалдығы көрсетіледі).

Шығын шоттары.Құрылымы бойынша активті, дебет бойынша шығын өскенін көрсетеді, жыл соңында барлық шығын жиынтық кірісті азайтуға арналып есептен шығарылады (571).

Қаржы нәтижелік.«Операциялық-нәтижелік шот» (5710) - қорытынды кіріс. Дебет бойынша субъектінің шығыны, ал кредит бойынша – кірістер корсетіледі. Кредиттік қалдык кірісті, дебеттік шығынды керсетеді. Бұл шотта сальдо болмайды, өйткені есепті кезең соңында алынған айырма «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» 5410 шотына есептен шығарылады. 5410 - кәсіпорынның салық салынғаннан кейінгі (корпоративті табыс салығы 30%) өкімінде көрсетілетін таза табыс.

ТЫСҚАРЫ ШОТТАРосы кәсіпорынға тиесілі емес жауапты сактауда немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді. Бұларды кәсіпорынға тиесілі құралмен бірге есептеуге болмайды. Тысқары шоттарға қатысты барлық операциялар екіжақты жазбамен емес, біржақты, тек дебетпен немесе кредиттен ғана көрсетіледі.