Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген қүрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:

- камтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және баска материалдық корлар, сонымен катар мүндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері больш саналады;

- өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын ондіріс қүралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек қүралдарын есептен шығару мен өнімнін өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;

өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шыгындар (буьш-түю, орау, іріктеу, тасьмалдау); субъектінің сатылган тауар, орьндалған жүмыс. көрсетілген кызмет үшін алған акшалай түсімі есептелінеді.

Қолда бар қүралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дүрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.

Кәсіпорьшның шаруашылық қүралдары күрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.

Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар былайша бөлінеді:

Негізгі құралдар- өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалатын (құнына қарамастан) еңбек қүралдары олар үзақ уақыт бойы сыртқы турі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар кұнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дэрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.

Материалдық емес активтербұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте үзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттык мәні жоқ ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құкык, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де үсталу, тозу дэрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық рыноктағы да сату-сатып алудың мәні болып табылады.

Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында «тұрақты, белгіленген активтер»(Салық кодексінің 105-бабы) белгіленген.

¥зақ мерзімді қаржылық салымдар- субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен каржы салуы.

Айналымдық қаржықаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.

Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.

Айналатын процеске қызмет ететін қүралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.

Дебиторлық борышсубъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен сон қайтарылуға жататын кұрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзак мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) болады.

Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған.

Меншікті капиталкәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (жарғы капиталы, рсзервтік капитал, бөлінбеген табыс).

Жарғылык капитал- құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы жэне жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және озгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы қжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша жүзеге асады.

Резервтік капитал- пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінін басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.

Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)- барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.

Қарыздық қаражатайналымдык қаржыға косымша қажеттілікті. соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен сон кайтарылуға тиісті.

Мысалы, есепті мерзім басында кәсіпорында мынандай қаражат болды:

Аталуы Сомасы, теңге
  Ғимараттар мен үйлер Қызметкерлермен еңбекті етеу бойынша есеп айырысулар Зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есептеу Бітпеген өндіріс Жарғы капиталына салымдар мен пайлар Резервтік капитал Ағымдык шоттағы ақша Кассадағы қолма-қол ұлттық валюта Банктін қыска мерзімдік карызы Материалдар Отын Баска дебиторлармен есептесулер Басқа кредиторлармен есептесулер Жабдықтаушылармен есептесулер Дайын өнім Бөлінбеген табыс КҚС бойынша бюджетпен есептесулер   754 000     787 000

 

Қаражат түрлері мен пайда болукөздері бойынша топтастырайық

 

Қаражатты түрлері мен орналасуы бойьшша жіктеу Сома, теңге Қаражаттың пайда болу көздері бойынша жіктеу Сома, теңге
    1. «Қызметкерлер мен еңбекті отеу 14 000
2. «Бітпеген өңдіріс» 25 000 бойьшша ссеп айырысулар»  
1 . «Ғимараттар мсн үйлер» 754 000 2. «Зсйнетакымен қамсыздандыру бойынша
4. «Кассадағы қолма-кол ұлттық І 090 есептеу»  
Валюта»   3. «Жарғы капиталына салымдар мен 787 000
5. «Шикізат пен материалдар» есептеулер»  
6. «Отын» 4. «Резервтік капитал»
7. «Васка дебиторлармен есеп- 5. «Банктің қысқа мерзімдік карызы»
Тесулер»   6. «Басқа кредиторлармен есептесулер»
8. «Дайын өнім» 55 600 7. «Жабдықтаушылармен ссептесулер»
    8. «Бөлінбсген табыс»
    9. «Бюджетпен есептесулер»
Жиыны 993 200 Жиыны 993 200