Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаган зиян) есебі

 

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

5510 шот "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)". 5520-шот "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)".

Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік.

Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5510 -шоты пайдаланады.

Есеп берілетін жылдың соңында 5510 шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:

- жыл ішінде алынған табыс сомасына

5610-ші "Жиынтық табыс (зиян)" шоты дебеттеліп, 5510-ші "Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.

Сонымен қоса, 5510 шоттың кредиті және 5410 шотының дебеті — есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5510 -шоттың кредиті және 5410, 5420, 5430, 5440, 5450 шоттарының дебеті есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша кайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5510 -шоттың кредиті және 5210 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.

5510 шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылык, операциялары көрініс табады:

5410 " Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал", 5460 "Басқа да резервтік капитал" шотының кредиті қолданылып жүрген зандарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 3030 "Жай акциялар бойынша есеп айырысулар", "Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар", 3390 "Басқада кредиторлық қарыз және есептесулер" шоттарының кредиті — жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 5210 "Қайтарылып алынған капитал" шотынын кредиті -акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.

Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:

- бөлінбеген табыс сомасына: 5510 --шот дебеттеледі,5520 -шот кредиттеледі;

- бөлінбеген зиян сомасы: 5520 шот дебеттеледі, 5510 шот кредитгеледі.. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510 шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондыктан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.

Өткен жыядардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жьтлдан бұрынғы жылдары пайда болған бәлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5520 шотта жүргізіледі.

5520 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары:

-өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5510 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 5410, 5460 шоттарының дебетінде көрініс табады.

5520 шоттын дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары:

өткен жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5510 шоттың кредитінде; шаруашылық серкітестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивиденттердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 3030, 3390 шоттарының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 5000 шоттарының кредитінде көрініс табады.

Жиынтық табыстың (зиянның) есебі.Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіпорынның келтірген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті болуы мүмкін.

Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6010 "Негізгі қызметтен түскен табыстар" бөлімшесінің шоттарында, 6210 "Негізгі емес қызметтен түскен табыс" бөлімшесінің шоттарында, 7010 "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік кұны" бөлімшесінін шоттарында, сондай-ақ 7110, 7410, 7710, 6310, 6410,6420 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.

Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады:

6010 "Негізгі қызметтен түскен табыстар" бәлімшесінің және 6210 "Негізгі емес қызметтен түскен табыс" бөлімшесінің шоттары дебеттеледі, 5610 "Жиынтыктабыс (зиян)" шоты кредиттеледі.

Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы аныкталады:

6310 "Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зияндар)" белімшесінің шоттары және 6410,6420 "Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар (зиян)" шоттары дебеттеліп, 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шоты кредиттеледі.

Жыл аяғында 7010, 7110 , 7310 , 7410 шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шотының дебетіне көшіріледі.

6020 "Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде берілетін жеңілдік, сондай-ақ бағаны кеміту" бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 6020 бөлімшенің 6020, 6030 шоттарының дебеті бойынша және 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 6020, 6030 шоттарының кредитінен 5610 шоттың дебетіне көшіріледі.

5610 "Жиынтық табыс (зиян)" шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады: онда табыстар (5610-шоттың кредиті) және зияндар (5610-шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 5610-шоттың дебеті бойынша және 5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)" шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын 5610-шоттың кредиті және 5510 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотының дебеті бойынша кәрініс табады.