Арапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Жиынтық. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі

Жиынтық. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиынтық түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту. «Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Сан және санау. Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру.

7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Көлемдер. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге үйрету, заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Көлемі бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.

Геометриялық пішіндер. Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау.

Кеңістік ұғымдарын бекіту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Уақытты бағдарлау

Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету.

Салмақты бағдарлау. Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден құралатыны туралы және «бір» сөзінің мағынасын біледі;

- 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі

- 5 және одан артық заттардың көлемдік қатынастарын анықтай біледі;

- геометриялық пішіндерді таниды және атайды;

- қағаз бетінде бағдарлай біледі

- апта күндерін, жыл мезгілдерін ретімен атайды.

Растыру

Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.

Дағдыларын қалыптастыру:

- болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;

- көлемі бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу;

- ұжымдық құрылыстар салу;

- түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру. Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің,

- қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету.

Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеуге , түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу)ұсақ заттарды дайындауда шаршы қағазын бүктеу біліктерін қалыптастыру.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру.

Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажырата біледі;

- көлемі бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі;

- ұсақ заттар дайындауда шаршы қағазды бүктей біледі;

- құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін біледі, түрлі нәтиже алу үшін бір тәсілді ғана қолданады;

- түрлі материалдардан заттарды құрастырады, олардың атауларын біледі.

 

Жаратылыстану

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, «өлі табиғат» ұғымымен таныстыру. Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Өсімдіктер әлемі.

Балаларды бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері. Гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл,барқытшөп) сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру.

Балалардың көкөністер мен жемістер, ағаштар туралы түсініктерін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтарын тануға жаттықтыру.

Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.

Жануарлар әлемі. Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын қалыптастыру. Жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету.

Жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту.

Табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз) білімді жетілдіру.

Табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізе білуді жаттықтыру.

Себеп-салдар байланыстарын орната білуді жетілдіру.

 

Күтілетін нәтижелер:

- өлі табиғаттың кейбір құбылыстарын біледі;

- таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады;

- табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды және таниды;

- бөлме өсімдіктерінің 3-4 түрін тани алады;

- көкөністер мен жемістердің кейбір түрлерін дәмі бойынша атайды және таниды;

- суреттерден орман жидектері мен саңырауқұлақтарын таниды және атайды;

- бидай өсіру туралы түсінікке ие;

- нанға, адамдарға ұқыпты қатынас танытады;

- жануарлардың сыртқы келбет ерекшеліктерін атайды және сипаттайды;

- жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата біледі және атын атайды, құстардың пайдасы туралы біледі;

тірі табиғат мекендеушілеріне қамқорлық жасайды;

- себеп-салдар байланыстарын орната біледі.

- гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл, барқытшөп) өзіне тән белгілері бойынша атайды және таниды;

- Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атайды және ажыратады.

 

ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ