ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту.

Міндеттері:

- бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;

- көзбен қол үйлесімін дамыту;

- қарапайым заттарды, құбылыстарды, ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түстерін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен дағдыларды қалыптастыру;

- өнер туындыларымен, халық ойыншықтарымен, қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыруды жалғастыру;

- қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу, балалардың өз ойын білдіруі мен музыкалық қабілеттіліктерін дамыту,

- балалардың өнімді іс-әрекетінің түрлерін дамыту;

- балаларды тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастыруға үйрету.

 

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

 

Сурет салу

Затттық сурет салу

Түрлі бағытта тура сызықтарды жүргізу, оларды қиып өту біліктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, жануарларды бейнелеу;

- дөңгелек пішінді заттардың суретін салу (шарлар, бұлт, күн);

- бірнеше көлденең және тік сызықтардан заттарды салу (дуал);

- салынған пішіндерін бояуды;

- дәстүрден тыс сурет салуды (саусақтармен және алақандармен, түрлі- түсті борлармен).

Сәндік сурет салу.

Элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, ою-өрнектерді жазықтыққа орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

Сюжеттік сурет салу және ойлау бойынша сурет салу

Эмоциялық-эстетикалық талғам дағдыларын сіңіру: қоршаған әлемнің, өнер туындыларының сұлулығына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына.

Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

- қол бұлшықеттеріне салмақ түсірмей, саусақтарды қатты қыспай, қарындашты, қылқаламды, фломастерді дұрыс ұстай білу дағдыларына ие;

- сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, жақпаларды ырғақты түрде салуды біледі;

- негізгі түстерді дұрыс атайды (қызыл, көк, жасыл, сары);

- түрлі бағытта тік және дөңгелек сызықтарды жүргізе алады;

- түрлі пішіндегі қарапайым заттарды бейнелей біледі;

- дөңгелек пішінді тіке пішінмен құрастырып, қарапайым сюжеттік композицияларды жасайды;

- қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра алады;

- пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген;

- қазақ халқының тұрмыстық мәдениетінің заттарын (кесе, табақ) суреттерден таниды және атайды;

- сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады.

 

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

Сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып көкөністер мен жемістерді кейбір заттарды мүсіндеу келесі дағдыларды қалыптастыру.

Алақандарының арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қозғалыстары арқылы кесектерді жаю, элементтерді қарапайым заттарға біріктіру білігін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

- сазбалшықтың және ермексаздың кейбір қасиеттерін біледі;

- мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерді пайдаланады;

- 1-3 бөліктен тұратын заттарды жая алады;

- мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игерген.

Жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;

- бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау;

- желімдеудің техникасы;

- ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдей білуі;

- желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып алу, клеенкадағы дайын пішіндерге жағу;

- желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалану.

 

Күтілетін нәтижелер:

- желімдеу техникасының бастапқы дағдыларына ие;

- пішіні бойынша бірдей, көлемі бойынша әртүрлі 2-3 бөліктен бейнелер жасай алады;

- бейнеленген заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;

- ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;

- оюдың әсемдігін, орналасуын байқайды, оларды бөліктерге бөледі;

- төртбұрышты және дөңгелек пішінді заттарды жапсырады;

- бейнелерді күрделі емес бөліктермен толықтырады;

- желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалана біледі.

Музыка

Музыка тыңдау

Дағдыларды қалыптастыру:

- түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

- түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау;

- пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл- күй танытады;

- балалар аспаптарының, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;

- ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үн таспадан музыка тыңдау.

Н айту

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ән мазмұнымен байланысты дыбыстаудың түрлі сипатын беру, бір қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптармен қосыла отырып, оның даусына бейімделе отырып, ән салу дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларды қалыптастыру:

- бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;

- әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;

- әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;

- жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде байқау;

- аспаптарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату.

Күтілетін нәтижелер:

- музыкаға деген эмоциялық сезімдерін білдіре алады;

- таныс әндерді, пьесаларды біледі;

- музыканың сипатын сезінеді: ән, марш;

- музыкалық және шулы ойыншықтардың, балаларға арналған аспаптардың дыбысталуын ажырата біледі;

- билейтін әуендерге сәйкес өздігінен қимылдар орындайды;

- жоғары және төмен дыбыстарды ажырата біледі, оны ойын әрекеттерімен көрсетеді;

- балалар музыкалық аспаптарын ажыратады және атайды: металлофон, сылдырмақ, бубен, барабан, қоңырау;

- қарапайым би қимылдарын орындайды.

 

ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

 

Сурет салу

Заттық сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру:

- төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелеу, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіру;

- образдарды,заттарды,құбылыстарды беру кезінде қол белігінің түрлі бағытта қимылдауын дамыту;

- бірнеше тік және көлденең сызықтардан заттарды салу (дуал, ағаш);

- жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру;

- салынған пішіндерін бояуды (штрихтау, мақталы таяқшаларымен бояу);

- дәстүрден тыс сурет салуды (құмда, мәниде саусақпен немесе таяқшамен, саусақтармен және алақандарымен, түрлі- түсті борлармен асфальтта).

Сәндік сурет салу

Бейнелеу әрекетіне, халық шығармашылығының туындыларына деген қызығушылықты тәрбиелеу. Қазақ ою-өрнектерінің элементтерінің суретін салу дағдыларын бекіту. Қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен таныстыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

- түстерді тану мен ажырату: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ;

- бормен асфаьтқа, таяқпен құмға сурет салу, жолақта және бұрыштарға қазақ ою-өрнектерінің қос элементін салу.

Мазмұнды сурет салу және ойы бойынша сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру.

- сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану;

- қарындаш, қылқалам, бояу, гуашьты пайдалану;

- негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;

- таяқпен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;

- ойлау бойынша дербес сурет салу.

 

Күтілетін нәтижелер:

- сурет салу кезінде қарындашты, фломастерді, қылқаламды қолында еркін және дұрыс ұстай біледі;

- төртбұрышты пішіндегі заттарды, оларды дөңгелек пішіндегі бейнелермен сәйкестендіріп бейнелей алады;

- бейнелеу әрекетіне, халық шығармашылығы туындыларына қызығушылығын білдіреді;

- түстерді таниды;

- бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет сала алады;

- үрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра біледі (Айгүл жаңбырдың астында қыдырып жүр, ауладағы Аққала);

- бейнелейтін заттарға сәйкес түстерді таңдай біледі;

- халықтық сәндік өнердің әсемдігіне эмоционалды көңіл-күй білдіреді;

- пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген;

- сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін игерген.

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу

Бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылығын тудыру.

Табиғи материалдан мүсіндеу дағдыларын бекіту.

Сюжеттік мүсіндеу

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Сәндік мүсіндеу

Әшекей заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау бойынша мүсіндеу. Ересектің көмегімен шығармашылық ойлауды дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

- сазбалшықтан, ермексаздан, қамырдан мүсіндеуге қызығушылық танытады;

- сазбалшықтың, ермексаздың, қамырдың қасиеттері және мүсіндеу әдістері жайлы түсініктері қалыптасқан;

- сазбалшықтың ермексаздан, қамырдан үлкен кесегінен кішкентай бөлігін бөліп ала біледі;

- алақанға салып тік және дөңгелетіп есе біледі;

- мүсіндеудің түрлі әдістерін қолданып 1-3 бөліктерден тұратын түрлі заттарды мүсіндей алады (аққала, паравоздар, шарбақ);

- ұжымдық композициялар құрастыруға қатысады;

- әшекей заттарды мүсіндей алады (моншақ, сырға).

Жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- заттардың орналасу, олардың арасында арақашықтықтың сақталу заңдылығы;

- түрлі пішіндегі қазақ оюының кейбір элементтерін қағазға орналастыру;

- желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, клеенкадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану;

- табиғи материалмен жұмыс істеу, олардан зат жасау;

- қағаздың мүмкіндіктері туралы түсініктерді жетілдіру: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады.

Сюжеттік жапсыру

Балаларды жалпы композиция құрастыруға үйрету.

Сәндік жапсыру

Дағдыларды қалыптастыру:

- ересектер дайындаған ірі және өте ұсақ ою элементтерді орналастыру және жапсыру;

- шаршының ортасында, бұрыштарына қазақ ою өрнектерін жапсыру;

- пішінін, түсі мен көлемін, ескере отырып, заттар мен ою-өрнектерді орналастыру;

- геометриялық элементтерден өрнек құрастыруға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерген;

- қағаздың қасиеттері жайлы біледі: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады;

- белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді орналастырып, дайын бейнені қағазға жапсыра біледі;

- ересектер дайындаған түрлі пішінді қағаз бетіне заттарды орналастыра алады;

- қарапайым композицияларды құрастыруға қатысады;

- ұқыпты жұмыс жасай алады: желімді қылқаламға жағуды, клеенкадағы дайын үлгілерге жағуды, желімнің қалдықтарын майлықпен сүртуді біледі.

 

Музыка

Музыка тыңдау.

Дағдыларды қалыптастыру:

- түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;

- музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.

Ән салу.

Дағдыларды қалыптастыру:

- музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Дағдыларды қалыптастыру:

- қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-біреулеп, жұптаса отырып би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;

- ойындарға, хороводтарға қатысу, таныс би қимылдарын қайталау білу.

Күтілетін нәтижелер:

- музыканы тыңдау дағдысын меңгерген;

- музыкалық шығарманың қарқынын айыра алады;

- әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді;

- бір-біреуден, жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды, жануарлардың қимылдарын ұқсатады;

- балаларға арналған музыкалық аспаптарды ажырата біледі және атын атай алады;

- музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.

 

ЛЕУМЕТ» білім беру саласы

«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

Мақсаты: балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоциялы елгезектікті, әлеуметтік мәдениет негіздеріне қабілеттілікті қалыптастыру.

Міндеттері:

- балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;

- Қазақстанның халық ауыз шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

 

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ