Спорттық жаттығулар. Шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғататуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату; шананың жіппен

Шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғататуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату; шананың жіппен сүйрету; баланы ойыншығымен шанада сырғанату.

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру; ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару.

Мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғатуы.

Күтілетін нәтижелер:

- ересектермен бірге заттарды қолдана отырып дене жаттығуларын орындайды;

- жүгіру, өрмелеу және секірудің, тепе- теңдік сақтаудың, дәлдеп лақтырудың, қағып алудың бастапқы дағдыларына ие;

- спорттық жаттығуларды орындаудың бастапқы техникасына ие;

- жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген;

- өздігінен ұқыпты тамақтанады, қасық, кесе, майлықты дұрыс және орынды қолданады;

- ересектердің көмегімен киімінің сыдырма ілгегін салады, киіну және шешіну, түймесін ағыту, түймелеу дағдыларын игерген;

- шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.

 

 

КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

-сөйлеуді дамыту;

- көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты:тілдік қарым-қатынас дағдыларын,сөздік қорын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру.

Міндеттері:

- дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

- халық ауыз шығармашылығына баулу;

- пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту;

- балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.

 

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

 

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Қалыптастыру:

- айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;

-дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып, дауысты дыбыстарды дұрыс айтуды;

-дыбыс аппаратын дамыту, дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуға.

Сөздік қор

Балаларды үйрету:

- заттардың қасиеттерінің және олармен әрекеттердің атауын айтуды;

- тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеу тіліне;

- зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Балаларды үйрету:

- тәрбиешінің сөзін түсінуге;

- сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға;

- зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) жасай білуге.

Байланыстырып сөйлеу

Балаларды үйрету:

- ересектердің сөзін тыңдай білуге;

- ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту;

- қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және т.б.) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге;

- ертегі, әңгіме, тақпақтарды мұқият тыңдау, олардың мазмұнын түсінуге;

- көркем сөзді эмоциалы қабылдауды;

- балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге;

- қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;

- адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді;

- сөйлеуде ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың, көлік құралдарының, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын қолданады;

- зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;

- берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді;

- сұраулы, лепті сөйлемдерді айта алады;

- жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.

 

Көркем әдебиет

Балаларды үйрету:

- ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;

- тақпақтардың интонациясын қабылдауды;

- кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;

- ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді түсінуді;

- таныс тақпақтарды қайталауды;

- мазмұны күрделі емес ойындарға ойыншықтарды қолданып, қатысуды үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;

- қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;

- шығармалардың мазмұнына эмоциалы көңіл-күй таныта біледі;

- жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдай біледі;

- шығарманың мазмұнын түсініп және эмоциалы қабылдап, кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.

 

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

 

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дағдыларды қалыптастыру:

-сөйлеудің дыбыстық мәдениетін;

- ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айту, дыбыс аппаратын дамыту.

Дағдыларын бекіту:

- түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеуші сөздерді айту;

- сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырту;

- сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айту.

Сөздік қор

- Балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.

- Дағдыларды қалыптастыру:

- тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;

- ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдану;

- заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөністер, жемістер, өсімдіктер, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Дағдыларды қалыптастыру:

- қарапайым сұрақтарға жауап беру;

- сөздің интонациямен: сұраулы және лепті дауыс екпінімен аяқталуын меңгеру.

Байланыстырып сөйлеу

Дағдыларды бекіту:

- сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;

- оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер туралы айтып беру;

- айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдау;

- сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білу;

- кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ- жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттау.

Күтілетін нәтижелер:

- тілдегі дыбыстар мен сөздерді айтады;

- қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге ауыса біледі;

- өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді;

- тілектерін, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;

- ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың атауларын қолданады;

- ақпаратпен бөліседі, ыңғайсыздыққа (шаршадым, ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді) шағымданады;

- тілді құрдастарымен қарым-қатынас құралы ретінде қолданады.

 

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

 

Көркем әдебиет

Дағдыларды қалыптастыру:

- ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіру;

- кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдау;

- ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық таныту;

- шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеу;

- мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттау;

- таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау;

- таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:

- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;

- шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;

- 3–5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлейді, ақпараттармен бөліседі;

- ертегіні, әңгімені, өлеңдерді құрбыларының шағын тобымен алаңдамай бірге тыңдайды;

- тақпақтарды жатқа айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады;

- ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоциалы қабылдайды;

- таныс шығармалардың қарапайым сюжетін ойнайды;

- құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алады;

- өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады;

- тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.

 

ТАНЫМ» білім беру саласы

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты:балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Міндеттері:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

- қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;

- табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету.

 

I ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

 

Сенсорика

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша топтастыруға, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз

- қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Біліктерді жетілдіру:

- көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

- түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады және іріктейді.

Күтілетін нәтижелер:

- үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;

- қимылдардың үйлесімділік дағдыларын игерген;

- ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды таба алады;

- түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.

 

Растыру

Балаларды үйрету:

- құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;

- құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.

Білімдерін қалыптастыру:

- әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;

- материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;

- кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;

- қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.

Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;

- заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;

- құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;

- құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.

 

Жаратылыстану

Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды;

- көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;

- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқайды;

- жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;

- аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;

- табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.

 

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

 

Сенсорика

Біліктерін қалыптастыру:

- көлемі, пішіні, бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыруды;

- бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (түсі мен пішіні, өлшемі мен пішіні, өлшемі мен түсі) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды;

- түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеру: бейнелеуде, құрастыруда;

- берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

- көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;

- заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;

- бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;

- кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген.

Растыру

Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру

Біліктерді қалыптастыру:

- жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып материалды таңдау;

- құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;

- балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастырады. Қарапайым құрастыру дағдыларын бекітеді: қою, тіреу, басу.

Күтілетін нәтижелер:

- пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және таңдайды;

- құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;

- ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды, тірейді, басады);

- тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып ойнатады.

Жаратылыстану

Балаларды үйрету:

- табиғат құбылыстарына қызығушылық танытуға;

- жануарлар әлемі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға;

- табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады,құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;

- суреттен жануарларды тауып, атауға;

- жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге;

- көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз,алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету.

Бақылау:

- ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);

- аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);

- үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);

- маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылауға машықтандыру.

Күтілетін нәтижелер:

- жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерге ие;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды;

- табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;

- суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;

- көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;

- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқайды;

- үй құстарының, аулаға ұшып келетін құстардың сипаттық ерекшеліктерін атайды,табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды;

- ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;

- ересектердің еңбегіне құрмет танытады.