Негізгі ұғымдар:Құс жұмыртқасының дамуы

Құстың жұмыртқа клеткасы сарыуызы кеп телолецитальды жұмыртқа. Ұрықтануы ішкі ұрықтану, жұмыртқа жолында немесе Фаллопий түтігінде жүреді. Жұмыртқа клеткасының өзі сарыуыз қабықшасымен қапталған жұмыртқаның сарыуызы деп аталатын жұмыртқаның бөлігі. Ұрықтанған жұмыртқа жолында белок қабығымен кейін скорлупа асты жарғақпен және скорлупамен қапталады. Құстарда полиспермия байқалады, сперматазоидтардың артық саны сарыуызды қортуға себепші болатын мероциттерді (кезеген ядроларды) құрайды.

Құстар жұмыртқасының белшектенуі жартылай дискалық бөлшектену. Жұмыртқаның анимальдық полюсіндегі ұрықтық диск ғана бөлшектенеді (32-сурет).

 

 

Бірінші үш жылға радиальдық, кейін ендік және тангенциальдық бағытта етеді. Бөлшектену біркелкі жүрмейді. Дисклық бөлшектену дискбластуланың түзілуіне әкеліп соғады, оның төбесі бластодиск, түбі бөлшектенбеген сарыуыз. Бластодиск клеткаларының және мероциттердің тіршілік әрекеттірінің әсерінен ұрық дискісінің астындағы сарыуыз сұйылады да, ұрық асты қуыс пайда болады. Құстың салған ұрықтанған жұмыртқасы жұмыртқа клеткасы емес, бластула немесе гаструла кезеңіндегі кепклеткалық ұрық. Құстарда гаструлалану процесі деляминация тәсілімен жүреді. Оған кейін иммиграция процесі қосылады. Құс жұмыртқасы басқанға дейін жұмыртқаның ұрықтық дискісінде орталық ақшыл зона мен оны қоршап тұратын күңгірт зонаны байқауға болады. Құстар ұрығының бластодискісі үлкейіп өседі, оның ортасында ұрық қалқаншасы пайда болады, бұл клеткалық ұрықтың денесін құрайды. Гаструлаланудың бірінші кезеңінде клеткалардың сыртқы және ішкі қабаттары оқшауланады, осының салдарынан ұрық екі қабатты болады. Ақшыл зонадағы энтодерма ішек энтодерма, одан ішек түтігінің эпителийі пайда болады. Күңгірт зонаның энтодермасы инкубация процесі кезінде сарыуызды қаптайтын және сарыуыз қапшығының уақытша эпителийін құрайтын сарыуыздық,энтодерма болып есептеледі. Құстарда энто-

дерма деляминация тәсілімен пайда болады. Барлық күңгірт зонаның және ақшыл зонаның шеткі бөліктерінің клеткалық материалынан ұрықтан тыс құүрылымдар түзіледі. Инкубацияның бірінші сағаттарының бас кезінде жүретін ұрық қалқаншасы аймағындағы клеткалардың белсенді қозғалысының нәтижесіне ұрық қалқаншасында алғашқы деп аталатын жолақ түзіледі. Клеткалар қозғалысының салдарынан алғашқы жолақ тез ұзарады. Оның алдыңғы үшында алғашқы немесе Гензен түйіні деп аталатын қалыңдау бөлім пайда болады.

Материалдардың қозғалысы алғашқы жолақ пен Гензен түйіні түзілгеннен кейін де тоқталмайды. Жолақтың клеткалары ұрықтың ішіне ауысады, соның нәтижесінде алғашқы жылға деп аталатын ойынды түзіледі. Оның алдыңғы бөлімінде Гензен түйіні аймағында алғашқы шұңқыр пайда болады (33-сурет).

Алғашқы жолақ үш жапырақшаға тарайтын жіктелмеген клеткалық материалдан тұрады. Алғашкы жолақтан сыртқы, ішкі және ортаңғы жапырақшалар басталады.

Гензен түйіні пайда болғаннан кейін бірден жота органдарының комплексі (біліктік органдар) түзіле бастайды. Гензен түйінінен хорда бастамасы болып есептелетін хордалық есінді дамиды (34-сурет). Алғашқы жолақтың алдыңғы бөліктеріңде орналасқан мезодермалық материал өсінділердің участоктері алға қарай ығысып хордалық өсіндінің екі жанына орналасып сомиттерді түзеді. Алғашқы жолақтын артқы бөліктерінде жатқан мезодермалық материал алға қарай жылжып бүйір пластинкаларының құрамына кіреді.

Хорданың маңында орналасқан мезодермалық қанаттар сомиттерге, нефротомдар сабақшаларына және спланхнотомдарға жіктеледі.

Гензен түйінінің алдында жатқан хорданың үстіндегі эктодермалық қабаттың бөлігінен нерв пластинкасы пайда болады (35-сурет), ал эктодермалық ұрықтық қалканшаның қалған бөлігі тері эпителийін құрайды. Нерв пластинкасы алдымен науашыққа, кейін нерв түтігіне айналып эктодерманың астына өтеді. Нерв түтігінің

қалыптасуымен бірге мезодерма жіктеле бастайды. Арқа мезодермасы сомиттерге бөлінеді (36-сурет). Бүйір пластинкалары висцеральдық және париетальдық жапырақшаларға ыдырайды. Осы екі жапырақшаның арасындағы қуыс целомның бастамасы (36, 6-сурет). Нерв түтігінің қалыптасу және мезодерманың жіктелу процестерімен қатар энтодермалық пластинка ұрықтың ішіне қарай ауысады. Хордалылар типін сипаттайтын жота органдар комплексі (біліктік органдардың) бастамаларының түзілуі біршама өзгеріссіз жүреді. Құстарда сарыуыз қапшығы қалыптасады. Хордалыларда сарыуыз қапшығы алғаш рет балықтарда пайда болады. Сарыуызды қаптауға барлық ұрықтық қабаттар қатысады. Сарыуыз қапшығының қабырғасы сарыуыздық энтодерма мен мезодерманың весцеральдық жапырақшасынан түзіледі. Эктодерма мен париетальдық мезодерма серозалық қабықшаның немесе хорионның құрамына кіріп кетеді. Сарыуыз қапшығы мультифункциялы уақытша орган: сарыуыздың қортылуы мен сіңіуін қамтамасыз етеді, сонымен бірге ұрықтың қан жасаушы органы және эмбрионның тыныс алу органы. Ұрықтың өзінде кейін қан жасаушы ор-гандар — бауыр, көк бауыр, сүйек майы пайда болады.


 

 

Жоғары сатыдағы омыртқалыларда сарыуыз қапшығынан басқа тағы да ұрықтық қабықшалар деп аталатын үш уақытша органдар пайда болады. Олар — амнион, сероза және аллантоис. Бұлардың пайда болуы, дамудың құрғақшылықта жүруіне байланысты. Осы қабықшалар түзілген кезде ұрықтың денесі сарыуыздан бөліне бастайды. Амнионның болу-болмауына байланысты хордалыларды Аnamnia және Аmniota деп екі топқа бөледі. Аnamniaға балықтар мен амфибийлер, амниоттарға барлық рептилийлер, құстар мен сүтқоректілер жатады.

Ұрықты "ұрықтан тыс құрылымдардан" бөлетін ұрық денесінің маңында ұрықтан тыс эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерманың спланхнотомасының париетальдық жапырақшасынан тұратын тұлға қатпары түзіледі (37-сурет).

Бқл процесс қрықтың бас бөлімінен басталып, бүйір және ққйрық бөліміне қарай тарайды. Тқлға қатпарымен бір мезгілде қрық маңында жоғары қарай өсетін мезодерманың париетальдық жапырақшасы мен эктодермадан тұратын тағы да бір қатпар пайда болады. Осы екінші қатпарды амниоңдық катпар деп атайды. Бұл қатпар ұрықтың бар белімінде пайда болып, тұлғаға қарай тарайды. Бір жағының амниоттық қатпары, ұрықтың үстінде екінші жағының амниоттық қатпарымен қосылады. Осы кезде "эктодерма эктодермамен, мезодерма мезодермамен бірігеді (38-сурет). Осының нәтижесінде ұрықтың арқа бөлігі екі (ішкі және сыртқы) қабықшамен қапталады. Ішкі қабықшаны амнион деп атайды, ал сыртқы қабықшаны серозалық қабықша немесе сероза дейді.

Амнион бастапқы кезде ұрық денесіне жабысып тұрады, кейін оның қуысы белоктік сұйыққа толып көлемі артады.

Амниондық сұйық ұрықты механикалық зақымдаудардан, соққыдан, кеуіп қалмаудан сақтайды. Серозалық қабықша эволюция процесінде екі маңызды функцияға ие болған: тыныс алу және трофикалық.

Аллантоис артқы ішектің вентральдық қабырғасынан шұжық тәрізді өсінді ретінде пайда болады. Артқы ішектің эпителийі мен оны сырт жағынан жауып тұратын висцеральдық мезодермадан тұрады. Аллантоис өзінің тамырларымен бірге тыныс алу мен трофикалық функцияларға қатысады, бірақ та оның құстардағы негізгі функциясы ұрық қуығының рөлін атқару. Азоттық алмасу өнімдерін ұрық сыртқы ортаға шығармайды, аллантоиста жиналады. Эмбриондық дамудың соңында амнион, сероза және аллантоис жойылып кеуіп қалады, балапан жұмыртқадағы ауамен дем ала бастайды. Тұмсығымен скорлупаны тесіп сыртқа шығады.

Дәріс

Тақырыбы :Сүтқоректілердің дамуы

Жоспар:

1. Сүтқоректілердің ұрықтануы

2. Бөлшектенуі

3. Гаструляция

4. нейруляция

Негізгі ұғымдар:Сүтқоректі жануарлардың дамуы

 

Жануарлардың судан құрлыққа шығуына байланысты оларды қоршаған орта жағдайы өзгеріп, ұрықтарынын дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің көпшілігшде арнаулы орган — жатырда өтетін болған. Бірінші жағдайда дамуға қажетті қоректік заттарды жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі ана организмінен алынады. Сүтқоректілердің көпшілігінің жұмыртқасы эволюция процесінің нәтижесінде сарыуызын жойғандықтан ланцетниктің жұмыртқа клеткасы сияқты өте кіші болып келеді. Сонымен бірге толық бөлшектенуге көшкен, бірақ та сүтқоректілердің дамуы меробластық типпен жүреді. Қазіргі сүтқоректілердің ең жабайысы — ехидна мен үйрек тұмсық. Бұлар рептилийлердің көпшілігіне тән көбею және даму тәсілін сақтаған. Бұл жануарлардың жұмыртқа клеткасы өте ірі болады (сарыуызының диаметрі 0,5 см-дей). Ехидна денесінің бауыр бетінде болатын қалтаға көбінесе бір жүмыртқа салады. Үйрек тұмсықта қалта болмайды, інге салған жұмыртқаларын басып жетілдіреді. Бөлшектенуі дискалык, гаструлануы рептилийлердікіндей жүреді.

 

 

Жұмыртқадан шыққан балалары анасының тері безінін сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Барлық сүтқоректілер балаларын тірі туады. Құрсақтық даму кезеңі түрлі сүтқоректілерде түрліше және ұрықтың ана организмімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылар кластармағының құрсақтық даму кезеңі өте қысқа және ұрықтың жатыр кілегей қабықшасымен байланысы жабайы келеді. Қалталылардың кейбір түрлерінін (бандикут немесе қалталы борсық) төл қабының кабырғасы жатырдың кілегей қабықшасының ойындысына кіріп тұратын өсінділер қүрайды. Сондықтан қалталылар балаларын шала туады. Мысалы, ересек үлкен кенгурудың еркектерінің үлкендігі адамның бойындай болғанмен, балаларынын үлкендігі лобия дәнінен болар-болмас қана үлкен. Кейбір қалталылар өздерінің балаларын қалтасында жетілдіреді, кейде кенгуру баласы, анасының қалтасында жүріп өзі көбейіп балалы болады. Бұл жануарлардын жұмыртқасында сарыуыз көп болмайды.

 

2-ші птаның соңы

 

2-ші птаның соңы

3-ші аптаның басы

 

 

Жүктіліктің 2 жартысы

 

А-әртүрлі даму сатысындағы хорин бүрлерінің құрылысы. Б-бүрлерінің көлденең кесіндісі. I жүктіліктің бірінші жартысы. II-екінші жартысы. 1-хорион қуысы; 2-хорионды пластинка; 3-хориольды платинканың дәнекер түрі; 4-хориольды пластинкадағы дәнекер тіні; 5-цитотрофопласт; 6-синцитиотрофобласт; 7-эндометридегі қан тамырлары; 8- қан лакуналары; 9-эндометрий; 10-цитотрофобастың үстіңгі қабаты, 11-бүрдүн дәнекер тінді негізі; 12-бүрлердегі копилярлар; 13-гофбауэр жасушалары

 

Жоғары сатыдағы сүтқоректілердін жұмыртқасында сарыуыз кірінділері жоқ деуге болады және онда дамудың бастапқы кезеңіне жеткілікті не органикалық, не бейорганикалық заттар болмайды. Ұрық өзінін дамуына қажеттің бәрін ана организмінен алады. Плацеттілердін жұмыртқа клеткалары өте кішкентай (диаметрі 100—200 мкм) але-цитальді немесе изолецитальді типке жатады. Толық бөлшектенеді. Бластомерлердің үлкендігі бірдей болмайды және олардың санының көбеюінде геометриялық прогрессия байқалмайды, Екі бластомерлік кезеңнен кейін бластомерлер саны 3, 4, 5, 7, 9, 11 т. т. болып көбейеді. Сүтқоректілердің көпшілігінде бөлшектенудің нәтижесінде морула пайда болады.

Бөлшектенудің бірінші бөлінулерінен бастап бластомерлердің екі түрі байқалады; ұсақ ақшыл және ірі күңгірт бластомерлер. Күңгірт бластомерлерді ақшыл бластомерлер қаптап өседі.

 

 

Ішкі күңгірт бластомерлерден эмбриобласт қалыптасады (39-сурет).

Бұнан ұрықтың денесі, амнион мен сарыуыз қапшығы түзіледі. Бетіндегі ақшыл бластомерлерді трофобласт (қоректендіруші бастама) деп атайды. Бұл клеткалар жатырдың кілегей қабықшасьімен тікелей байлзнысып, ұрықтың қоректенуін камтамасыз етеді.

Сүтқоректілердің моруласы бірнеше рет бөлшектенгеннен кейін бластоцискіге-бластодермалық немесе ұрықтық көпіршікке айналады. Бластоцистының қабырғасы клеткалардың бір қабатынан тұрады. Қуысы сұйыққа толады. Бластоцист кабырғасының бір участогіне эмбриобластының клеткалары жабысып ұрықтық түйінді құрайды (40-сурет). Кейін ол ұрық қалқаншасына айналады.

 

 

Эмбриобласт жаңасатын трофобластының участогін Раубер қабаты деп атайды. Гаструланудың бірінші фазасы басталады: бір қабатты ұрық қалқаншасы деляминация арқылы екі қабатты болады. Ұрық түйіні экто және эвдобластдан тұратын ұрық қалқаншасына айналады. Ұрық қалқаншасында алғашқы жолақ Гензен түйіні қалыптасады, яғни ұрық денесі түзіледі. Келешек эмбрионның клеткалары биохимиялық жағынан трофобластының клеткаларынан өзге болады. Сонымен плаценталы сүтқоректілердің гаструлануының бірінші және екінші кезеңі құстардікше ұқсас жүреді. Гаструлаланудын соңында үш қабатты ұрық пайда болады және жота органдарының комплексі қалыптасады. Негізгі эмбриондық бастамалардын (нерв түтігінің пайда болуы, мезодерманың жіктелуі мен сегменттерге бөліну т. т.) оқшаулану процестері негізінде басқа омыртқалылардағыдай жүреді.

Гаструлалану кезінде ұрық жатыр қабырғасына бекиді. Бұл өте күрделі морфологиялық және физиологиялық процесс. Ұрық жатырдың кілегей қабықшасына толықтай немесе трофобластының өсіңділерімен енеді. Трофобластының өсінділерін алғашқы бүрлер деп атайды. Кейін ол дәнекер ұлпасы мен тамырлары бар екінші бүрлерге айналады. Хо-рион осылай пайда болады. Сүткоректілердің жүмыртқа клеткасында сарыуыз болмағанмен қүстар мен рептилийлердегідей сүтқоректілерде де амниот, аллантоис пен сарыуыз қапшығы қалыптасады (41 -сурет). Эмбрион ана организмінен ерекше орган — плацента арқылы байланысады. Плацента трофикалық, экскреттік және қорғау функцияларын атқарады. Сонымен бірге иммунобиологиялық қорғау органы және эндокриндік орган болып таесептеледі. Құрылысына қарай плацентаны бірнеше типке ажыратады:

эпителийхориондық, десмахориондық, эндогелий-хориондық және гемахориондық. Эпителийхориондық плацента кейбір қалталыларға (бандикутке) шошқаларға, жылқыға, бегемотқа, түйеге, тапирге, кит тәрізділерге және басқа сүтқоректілерге тән.

Байланыстың бұл түрінде ұрық хорионы жатырдың кілегей қабықшасының эпителийіне жасасып қана тұрады. Хорион бүрлері кілегей қабықшасының ойықтарына ұлпаларын зақымдап кіріп тұрады. Сондықтан қоректік заттар мен оттегі ұрықтың қанына ана қанынан тікелей бармайды, жатырдың кілегей қабықшасы бездерінің секреті — жатыр сүтінен барады. Туу кезінде бүрлер жатырды бүлдірмей өз ойықтарынан шығады. Тууы ауыртпалықсыз және қан кетусіз орындалады.

Десмахариондық плацента немесе дәнекер ұлпалық хориондық плацента (грекше сіеstоs — байланыс, дәнекер ұлпасы деген мағынада) күйіскілерге тән. Ұрық хорионының бүрлері жатырдың қабырғасына еніп, оның кілегей қабықшасының эпителийін зақымдайды, ұрық ұлпалары жатыр қабырғасынын дәнекер ұлпасымен қатынасқа түседі. Сөйтіп, ұрық хорионының бүрлері жатыр қан арнасына жақын орналасады, бірақ та ұрық ана организмімен тығыз байланыспайды. Туудан кейін жатыр қабырғасында эпителийінен айырылған участоктер қалады. Регенерация тез жүріп қалпына келеді.

Эндотелийхориондық немесе вазахориондық плацента жыртқыштарға тән. Плацентаның бұл түрінде жатыр эпителийінің кілегейлі қабықшасы ғана емес, оның астындагы дәнекер ұлпасы да зақымдалады: хорион бүрлерінің трофбластысы тамырлардың эндотелийімен тікелей байланысады, хорион бүрлерін жатыр тамырларындағы қан ағысынан эндотелийлік клеткалардың жұқа қабаты бөліп тұрады. Туу кезінде жатырдың кілегей кабықшасы ұлпаларының бөлігі ыдырап аздаған қан ағады, ал кілегей қабықшаның зақымдалған жері тез қалпына келеді. Гемахориондық (грекше һаіта — кан) плацента кейбір насеком жеушілерге, жарқанаттарға, кемірушілерге, маймылдарға және адамға тән. Плацентаның бұл типінде хорион жатыр кілегей қабықшасының эпителийі мен дәнекер ұлпасын ыдыратып қоймайды. Сонымен бірге оның тамырында зақымдайды, трофобласт анабатытұрады.Туукезінде көп қан ағады, жатыр эпителийінің кілегей қабықшасы бөлініп түседі. Регенерация процесі ұзаққа созылады.

Дәріс

Тақырыбы :Адам ұрығының дамуы

Жоспар

1.Адамның жұмыртқа клеткасы

2.Бөлшектенуі

3.Жатырдағы дамуы